К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет590/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жарғақтық ұлу өзегі сүйектік ұлу куысында болады. Олардың
аралығыңдағы куыс перилимфаға толған. Жарғактық ұлудың пішіні 
үшбұрышты болып келеді. Ұзындығы 3,5 см, қуысы эндолимфаға толған. Ол
спираль тəрізді оралып, жануарлардың түрлеріне сəйкес 3-5 орамдар 
жасайды. Жарғактық ұлуды сыртынан пішіні дөңгелекше келген, куысы
перилимфага толған сүйектік ұлу қаптайды. Сүйектік ұлу өзінің ішкі 
жағындағы сүйектік білігі (осі) бойымен спираль тəрізді бұралып жатады.
Оның перилимфаға толған куысын үшбұрышты жарғақтық ұлу екіге: 


кіреберістік жəне дабыллық баспалдақтарға бөледі. Кіреберістік
баспалдақ сопақ тереземен жанасатын сүйектік шытырман қуысынан 
басталып, ұлу оралымдарының бойымен ұлудың тұйық төбесіне қарай
бағьпталады да, ұлу төбесіндегі жарғақтық ұлудың вестибулалы жəне 
негіздік жарғақтарының тоғысқан тұсы мен сүйектік ұлу аралығандағы тар
тесік (геликотрема) арқылы дабылдық баспалдақпен жалғасады. Дабылдық 
баспалдақ дөңгелек терезеге барып аяқталады.
Сүйектік ұлудың білігі бойындағы жоғарғы кіреберістік жəне төменгі 
дабылдық ернеулер аралығындағы иірілімді сайда, eстy рецепторлары
нейроциттер денелері топтаса орналасып, иірілімді (спиральды) ганглийді 
құрайды. Сүйектік ұлудың ішіндегі үшбұрышты жарғақтық ұлудың екі
қабырғасын кіреберістік (вестибулалық) жəне негіздік (базальдық) 


жарғақтар, ал оның үшінші қабырғасын тамырлы жолақ құрайды.
Кіреберістік (Рейснер) жарғақтың сыртында перилимфага толған сүйектік 
ұлудың кіреберістік, ал негіздік жарғақтың сыртында дабылдық баспалдақтар
болады. Негіздік жарғақтың перилимфа жағындағы сыртқы дабылдық 
баспалдақ беті эндотелиймен қапталған.
213 — сурет. Көлденең кесілген ұлу өзегінің құрылысы А - иірілімді 

(спиральды) тақташа: 1 - иірілімді жиек (лимба), а - кіреберістік (вестибулалы) ернеу, б
- дабылдық ернеу, в - иірілімді сай, г - иірілімді ганглий, 2 - негізідік жарғақ, 3 - 
кіреберістік жарғақ, 4 - кіреберістік баспалдақ, 5 - дабылдық баспалдақ, 6 — ұлудың
жарғактық өзегі, 7 - тамырлы жолақ, 8 - бірқабатты жалпақ эпителий, 9 - эндотелий. В — 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет