К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет597/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

көкірек-бел-қүйымшақ сүйегін түзеді. Құс қабырғалары бір-бірімен буын
арқылы байланысқан екі: омыртқалық жəне төссүйектік бөліктерден 
тұрады. Қабырғалардың омыртқалық бөліктері бір-бірімен қармақша бүйір
өсінділерімен байланысып, қозғалысы шектеулі көкірек керегесінің бүйірлік 
қабырғасын құрайды. Төссүйекпен байланыспайтын алдынғы 2-3 жəне соңғы
қабырғаларды астернальды, ал байланысатын қабырғаларды стернальды 


қабырғалар — деп атайды. Ұшатын құстарда төссүйек қыры жақсы, ал
қалықтайтын жəне жүгіретін құстарда нашар жетілген. Төссүйекте бірнеше 
өсінділер болады. Құйрык омыртқалары тауықта — 5, үйрек пен қазда - 7.
Соңғы құйрық омыртқалары бірігіп, бағыттағыш сүйекті (пигостиль) 
құрайды.
Құстардың алдыңғы аяқ қаңқасы қанаттың қаңқасына айналған. Иық 

белдеуін үш сүйек: жауырын, бұғана жəне құстұмсықша сүйектер
құрайды. Тоқпан жіліктің басында өкпенің ауалы Қапшықтары жолымен 
байланысатын тесігі болады. Шынтақ сүйек жақсы жетілген. Білезік
сүйектерінің проксимальды қатарында тек кəріжіліктік жəне шынтақтық 
білезік сүйектері болады. Ал дистальды қатардағы білезік сүйектері жіліншік
сүйектерінің проксимальды бастарымен бірігіп кеткен. Құста 2 -нші, 3 -інші 
жəне 4 -інші жіліншік сүйектері, соларға сəйкес 2 -нші, 3 -інші жəне 4 -інші
тырнақ сүйектері болады. 2 -нші жəне 4 -інші тырнақ сүйектері бір 
фалангадан, ал 3 -інші тырнақ сүйегі екі фалангадан тұрады.
216 — сурет. Тауық қанқасы.
1 — тұмсық, с. (суйек), 2 — мұрын тесігі., 3 — мұрын с., 4 — көзжасы с, 5 - торлы
с., 6 — төменгі жақ с., 7 — щаршы с, 8 — дабыл куысы, 9 — ауыз омыртқа (атлант), 10 
— құстұмсықша с, 11 — бұғана, 12 — жауырын, 13 — көкірек омыртқалары, 14 —
астернальды кабырға, 15 — стернальды қабырға, 16 — қармақща өсінді, 17 — тессұйек 
денесі, 18 — төссүйектің қабырталық өсіндісі 19 — төссуйектің бүйірлік өсіндici, 20 —
төссүйектің ортаңғы өсіндісі, 21 — төссүйек қыры, 22 — тоқпан жілік, 23 — кəpi жілік, 

504
24 — шынтақ,с, 25 — шынтақтық білезік с, 26 - кəpi жіліктік білезік с, 27 - 2-саусак, 28 — 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет