9
Салыстырмалы анатомия əр түрлі типтер мен сыныптарға (кластарга)
жататын жануарлар организмдерін, олардың мүшелері мен мүшелер
жүйелерін салыстырмалы түрде зерттейді. Мысалы, ішекқуыстылар, қүрттар,
буынаяқтылар, хордалылар т.б. типтеріне жататын жануарлардың жеке
мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылысын салыстырып
қарастырады. Осындай салыстырмалы зерттеу нəтижесінде алынған мүшелер
кұрылысындағы белгілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына
негізделген зандылықтарды пайдалана отырып, жануарлар дүниесінің шығу
тегі мен даму тарихы туралы мəліметтерді анықтайды. Жинақталған
салыстырмалы
анатомиялық
мəліметтер
негізінде
жануарлар
организмдерінің ұзақ даму тарихы —
филогенез (грек, phylon — туыс,
genesis — шығу тегі) калыптасады. Филогенезде жануарлардың төменгі
сатыдағы құрылысы карапайым түрінен жоғары сатыдағы күрделі
организмдерге дейінгі құрылысы мен даму ерекшеліктері зерттеледі.
Түр анатомиясы əр түрлі жануарлар түрлеріне жататын жануарлар
(жылқы, қой, сиыр, шошқа, ит жəне т.б.) организмдері мүшелерінің
құрылысын салыстырмалы жағдайда зерттейді.
Жас анатомиясы жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың
жас
ерекшеліктеріне
байланысты
анықтайды.
Жас
анатомиясы
мəліметтерінің негізінде
онтогенез (ontos — заты, мəні; genesis — шығу тегі)
қалыптасады. Онтогенез — жеке организмнің даму тарихы. Онтогенезде
организмнің пайда болған (ұрықгану нəтижесінде) кезеңінен тіршілігінің
соңына дейінгі мерзім ішіндегі, оның мүшелері мен мүшелер жүйелерінің
құрылысы мен даму ерекшеліктері зерттеледі. Онтогенездегі организмнің
ұрықтанғаннан бастап, туғанға дейінгі аралық мерзім ішіндегі калыптасу,
өсу, даму барысындағы дененің құрылысы зандылықтарын зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: