К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет7/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жалпы гистология адам мен жануарлар организмі ұлпалары
құрылысының жалпы заңдылықтарымен қатар, жеке ұлпалар топтарының 
құрылыс ерекшеліктерін зерттейді.

Жеке гистология немесе микроскопиялық анатомия организм мүшелері
мен мүшелер жүйелерінің микроскопиялық жəне субмикроскопиялық (нəзік-
микроскопиялық) құрылысы туралы ілім. Бұл бөлімде мүшелер жүйелерін
құрайтын мүшелер құрамындағы ұлпалардың жоғары кұрылымдық 
деңгейдегі
өзара

орналасу


жəне

қызметтік


арақатынасы 
туралы
заңдылықтары қарастырылады. 


Анатомия — жануарлардың сыртқы дене бітімін, организм мүшелері
мен мүшелер жүйелерінің құрьлысын белгілі бір тіршілік ортасына жəне ұзақ 
тарихи даму мəліметтеріне сүйене отырып зерттейұлпа ілім. "Анатомия"
атауы — гректің "ana" — тепе-тең, "tomeo" — кесу, яғни "anatomne" — тірі 
организмнің құрылысын зерттеу мақсатында кесемін немесе іреп-соямын
деген сөздер тіркесіне байланысты аталған. Кесу, денені бөлшектеу — 
анатомия ілімінің негізгі зерттеу əдісі. Пəннің "анатомия" болып аталуы,
оның

зерттеу
əдісінің 


атауына
негізделген. 
Анатомия
биология 
ғылымдарының ішіндегі ең ерте дамығын ілім. Оның тарихы адамзат тарихы
дамуымен тікелей байланысты. Жануарлар денелерінің қарапайым құрылысы 
туралы мəліметтер ертедегі алғашқы қауым адамдарына да белгілі болған.
Жануарлар организмінің анатомиялық құрылысын зерттеудің мақсаттарына 
байланысты морфологияның үлкен бөлімі реұлпаде жануарлар анатомиясы
бірнеше салаға ажыратылады. Олар: 


Қалыпты анатомия — ересек жануарлардың анатомиялық мəліметтері
негізінде, организм мүшелері мен мүшелер жүйелерінің кұрылыс 
заңдылықтарын анықтайды.

Жүйелі анатомия организм мүшелерінің пішінін, құрылысын, денедегі
орналасу орындарын, олардың қызметтеріне байланысты жүйелерге 
біріктіріп зерттейді (сүйектер, бұлшық еттер, тері жабыны, ас қорыту, тыныс
алу, зəр бөлу, көбею, эндокринді бездер, тамырлар, жүйке жүйелері мен сезім 
мүшелері).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет