К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет10/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Гистологиялық 

зерттеу 

нысандары.
Цитологиялық 

жəне
гистологиялық зерттеулерде ойдағыдай нəтижелерге жетудің бірден-бір 


жолы — зерттеу нысандарын дұрыс таңдап, оларды ғылыми зерттеудін
мақсатына сəйкес керекті микроскопиялық əдістерді қолдана отырыц 
микроскоппен талдауға дайындау жəне гистологиялық препараттардағы
көріністерді жоғары деңгейде сапа мен сандық жағынан талдай білу. 
Гистологиялық зерттеу нысандары мақсатында түрлі жануарлардың тірі
организмдері мүшелерінен биосынама (биопсия) реұлпаде немесе зерттеу 
мақсатымен сойылған жануарлар денесінен кесіп алынған, мөлшері
1см\0,5см мүшелердің белікшелері алынады. Биосынамалар немесе кесіп 
алынған мүшелер бөлікшелері ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары
мен мақсатына сəйкес арнайы еріұлпаділерде бекітіліп, тиісті гистологиялық 
əдістер арқылы өңделеді. Олардан боялған гистологиялық прелараттар
немесе тым жұқа нəзік жонынды (ультражонынды) дайындалады. Ғылыми 
талдауға олардың оптикалық жəне элехтроңды микроскоптардағы көріністері
немесе осы көріністердің теледидар экраны дисплейіндегі суреттері 
пайдаланылады.


12
Гистологиялық зерттеу өдістері. Жануарлар организмі мүшелерінің,


ұлпаларының
жəне

жасушаларының


микроскопиялық 
құрылыстарын
зерттеудің қазіргі кезде қалыптасқан бірнеше жолдары бар. Олардың ішіндегі 
гистологияда жиі қолданылып жүрген əдістерге: тікелей тірі организмнің
құрылымдық бөліктерін немесе одан оқшауланып кесіліп алынып, жасанды 
ортада қолда өсірілген тірі ұлпалар мен жасушаларды жəне тірі организмнен
алынған биосынамалар мен ғылыми зерттеу жұмысы мақсатында жаңадан 
сойылған
жануарлар 
денелерінен
кесіп

алынып,
арнайы

бекіткіш
еріұлпаділерде (фиксаторларда) бекітіліп өңделген мүшелер бөлікшелерін 
зерттеу əдістері жатады.
Жануарлар организмінің тірі нысандарын (жасушаларды, ұлпаларды, 
мүшелерді) цитологиялық жəне гистологиялық əдістердің көмегімен зерттеу
— тірі организм мен оның құрам боліктерінің тіршілік жағдайлары туралы 
толыққанды меліметтерді алуға мүмкіндік береді. Аталған зерттеу əдісі
арқылы тірі жануарлар организмі түрлі ұлпалары мен мүшелері 
жасушаларында үздіксіз жүреұлпа көбею, өсу, жетілу, бір-бірімен өзара
əрекеттесу жəне ыдырау процестерін, жасушалардың қозғалуын немесе 
олардың түрлі сыртқы жəне ішкі факторлар əсерлеріне жауап беру
реакциясын байқауға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет