К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет87/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Сүтқоректілер эмбриогенезі 
Сүтқоректі жануарлар тіршілік жағдайына, ұрығының даму ортасы мен 

жетілу сипатына байланысты: алғашқы аңдарға (үйректұмсық, ехидна),


ұрықжолдассыз (плацентасыз) жəне ұрықжолдасты (плаценталы) болып үш 
топқа бөлінеді. Үйректүмсық
пен ехиднаны жұмыртқа салушы сүтқоректілер — деп атайды. Себебі, 
олардың жұмыртқа жасушалары құстар овоциттері сияқты полилецитті жəне
телолецитті овоциттерге жатады. Оларда ұрықтану процесі аналық жыныс 
жолдарында жүргенімен, ұрықтың дамуы аналық организмнен тыс жұмыртқа
ішіңде өтеді. Жұмыртқадан шыққан күшіктері енесінің сүт безімен 
қоректенеді.
Ұрықжолдассыз сүтқоректілерге қалталы жануарлар (кенгурулер, 
қалталы қаптесер, оппосумдар, бандикуттер немесе қалталы борсықтар,


91
қалталы жыртқыштар, қалталы аю — коала, қалталы пері т.б.) жатады. 


Олардың жұмыртқа жасушалары олиголецитті жəне гомолецитті овоциттерге


жатады. Ұрықтану процесі аналық жыныс жолдарында жүреді. Қалталы 
жануарлар жатыры құрылысы жағынан қосқынапты қосжатырға жатады.
Мұндай жатырда іштөлінің ұзақ мерзім дамып, толық жетілуіне мүмкіндік 
болмайды. Бұған жатырдың құрылысы бейімделмеген. Іштөлінің құрсақтағы
ұзақдамуын қамтамасыз етеұлпа ұрық қабықтары мен ұрықжолдасы 
жатырдың
құрылысына 
сəйкес
толық

жетілмейді.


Сондықтан, 
ұрықжолдассыз жануарлардың буаздық кезеңі өте қысқа болады. Олар
балаларын іштөліалды (предплод) сатысында, тым кішкентай, соқыр, 
қызылшақа түрінде шала туып, дене қалталарындағы сүт безімен асырайды.
Ұрықжолдасты сүтқоректілер ұрықтары енесінің жатырында ұзақ мерзім 
дамып, толық жетіліп туады. Буаздық мерзімі əр түрлі жануарларда түрліше
болып келеді. Ол орта есеппен сиырда - 285-290, інгенде - 365-368, биеде - 
335-340, мəшіде - 375-380, қой мен ешкіде — 150, мегежінде — 114, қояңда -
30, итте — 62-65, мысықта — 55-60 күнге созылады. Плаценталы 
сүтқоректілердің жұмыртқа жасушалары да олголецитті жəне гомолецитті
овоциттерге жатады. Ұрықтану процесі жұмыртқа жолының (жатыр 
түтігінің) жоғарғы 1/3 бөлігінде жүреді. Ұрықжолдасты сүтқоректі
жануарлар зиготаларының бөлшектенуі толық, əркелкі, асинхронды жүріп, 
нəтижесіңде екі түсті: ақшыл жəне күңгірт бластомерлер түзіледі. Ақшыл
бластомерлер ұрықтың сыртқы бетінде, күңгірт бластомерлер ішкі жағында 
орналасып, жасушалар жиынтығы — моруланы құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет