К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Қағанактың түзілу кезеңі (тауық ұрығының көлденең кесіңдісі)



бет86/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

38 — сурет. Қағанактың түзілу кезеңі (тауық ұрығының көлденең кесіңдісі)
ақ. - амнион (қағанақ) қатпары, аку. — амнион қуысы, экт. — эктодерма, мпж. —
мезодерманың париетальды жапырағы, мвж. — мезодерманың висцералды жапырағы, 


энт. — энтодерма, тқ. — тұлгалық қатпар, кт. — қан тамырлары.

Ішек түтігінің соңғы бөлігінің вентральды қабырғасындағы энтодерма


мен висцеральды мезодермадан несепқабық түзіліп, сірқабық пен қағанақтың 
арасынан орын (тауықта — 10 - тəулікте) алады. Ұрық жапырақшаларының
ұрықтық бөлігі мен біліктік мүшелерден ұлпалар (гистогенез), мүшелер 
(органогенез), мүшелер жүйелері (системогенез) дамып, ішбалапан организмі
құрделеніп жетіледі. Құс эмбрионының дамуына қажет қоректі заттар 

90
сарыуыз қапшыгының қан тамырларымен сарыуыз жəне белоқтан кіндік 


тамырлары арқылы жеткізіледі. Ішбалапан организмі мен сыртқы орта


арасындағы газ алмасуды жұмыртқа қауызына тығыз жанасып жатқан 
несепқабық-сірқабық қан тамырлары қауыз тесіктері арқылы іс жүзіне
асырады. Эмбрион қаңқа сүйектерінің дамып өсуіне керекті кальций мен 
фосфор тұздары қауыздан (ізбест қабық) қан арқылы аталған қабықтар қан
тамырлары, оларды ерітіп сорып, алып келеді. Инкубацияның 16-17 -
тəулігінде ұрық қағанақ сүйығын жұтып, қосымша қоректенеді. Ал,
эмбриогенездің 18 -19 -күндері несепқабық кеуіп, қан тамырлары істен 
шыққаннан соң, балапан жұмыртқаның доғал ұшындағы ауалы камера
ауасымен өкпе арқылы дем алады. 20-21 күндері ауалы камерадағы ауа 
құрамындағы оттегі таусылып, оның жетіспеуі мидағы тыныс алу
орталығына əсер етеді. Балапан қозғалып, тұмсығымен қауызды шоқып 
жарып шығады.
Тауық балапанының эмбриондық дамуы бойынша Г.А. Шмидт пен 
М.Н.Рогозиннің кезеңдік жіктеуі:
1. Ұрықтық кезең — бірінші 8 күн. Ұрықта бөлшектену, гаструляция, 
гистогенез, органогенез процестері жүріп, дене құрылысы қалыптасады,
сарыуыздық қан айналым мен несепкабық жетіліп, олар қызмет атқара 
бастайды.
2. Ішбалапаналды кезең — 8-13 – күндер. Ұрық қабыктары толық 
жетіліп, сарыуыздық қан айналыммен қатар, ішбалапан қағанақ сүйығымен
де қоректенеді, тынысты несепқабық қан тамырлары арқылы алады. 
3. Ішбалапан кезеңі — 13-20 - күндер. Балапанның денесі толық жетіліп
өседі. Қағанақ сұйығын жұтуға байланысты ас қорыту мүшелері жұмыс 
жасай бастайды.
4. Жарып шығу кезеңі — 20-21 - күндер. Ішбалапан өкпесі арқылы 
ауалы камера ауасымен дем алады. Камерадағы ауа таусылганнан кейін,
оттегінің жетіспеушілігі балапанның миындағы тыныс алу орталығына əсер 
етіп, ішбалапан қозғалып, тұмсығымен шоқып, қауызды жарып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет