К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

Ачсық тоғсығ өмез сен, бір тодсар ачсық өмез сен (КТ., к8) «Аштықта 
тоқтықты сезбессің, бір тойсаң аштықты сезбессің»; Антағ өдке өкүніп, 
Күлтігініг  аз  ерін  үтрү  ытымыз  (КТ  ү.,  40)  «Сол  мезетте  өкініп, 
Күлтегінді  аз  ерімен  алға  жібердік».  Бұндай  сөз  оралымдары  Абай 
сөздерінен  де  табылатыны  туралы  айта  кеткен.  Мысалы:  Кеңшілікте 
ойраңдап, таршылықта қайраңдап көп батырға қалдыңыз [30;19-20]. 
Ғалым  А.А.Реформатскийдің  қайта  өңделіп,  басылған  «Тіл 
біліміне  кіріспе»  (2003)  оқулығында  тілдегі  абстракция  кез  келген 
тілдік  фактіде  бар.  Бұл  тілдік  құбылыс  болмаса  тіл  «тіл»  болмас  еді 
дейді.  Бірақ  оның  рөлі  мен  сипаты  тілдің  әртүрлі  құрылымдық 
деңгейлерінде 
әрқилы 
деп, 
абстракцияны 
лексикалық 
және 
грамматикалық  деп  ажыратқан.  Лексикалық  абстракция  –  тілдің  ең 
конкретті  бірлігі.  Оның  бір  ғана  затты  емес,  заттың  жалпы,  бірыңғай 
түрін  бір  сөзбен  ғана  атау  қабілеті  бар.  Бұлар  жалпы  және  жалқы 
есімдерге  байланысты  деп  түсіндіреді.  Грамматикалық  абстракция  - 
заттар  мен  жеке  көрсетілген  ұғымдарға    байланысты  емес.  Ол  ерекше 
сапаны  білдіретін,  белгілер  мен  қатынастар  абстракциясы  екендігін  
көрсеткен [31;49-50]. 
Сонымен, деректі және дерексіз зат есімдерге қатысты деректерді 
түйіндесек,    жұп сыңарлылар    арнайы  зерттелмесе  де,  ғалымдар  азды-
көпті  пікірлермен  шектелгенін  көреміз.  Олар  деректі  ұғымның 
алғашқылығын,  дерексіздің  кейін  пайда  болғандығын  дәлелдеуге 
тырысқан. Деректі және дерексіз ұғымның жасалуына, пайда болуына, 
айырмашылығына  аса көңіл бөлгені байқалады. Деректі және дерексіз 
мағынаға      зат  есім  ғана  ие  емес,  сонымен  қатар  сын  есімдер, 
етістіктердің  де  деректілігі  мен  дерексіздігі  болады  деп  есептейміз. 
Деректі  зат  есімдерден  жасалған  қатыстық  сын  есімдер  және  түсті 
білдіретін  сапалық  сын  есімдер  жеке  тұрып  та,  белгілі  сөздермен 


48 
 
тіркесіп  те  деректі  мағынаға  ие  болса,  етістіктердің  жеке  тұрғанда 
абстракты мағынасы басым, ал зат есімдермен тіркесіп қолданылғанда 
мағыналары  нақтыланады.  Сонымен  қатар    деректі  ұғымды  білдіретін 
сөз  тура  мағынасында  тұрса,    ал  сөздің    ауыспалы  мағынасында  
деректі ұғым дерексізденеді. 
Тілдегі  жалпылық  ұғым  мен  жалқылық  ұғымның  деректілік-
дерексіздікпен тікелей ұштасып жататындығын көреміз. Ұғымдар нені  
бейнелейтініне, заттар мен  нәрселердің өзін бе, әлде  олардың қасиет, 
сапасын бейнелей ме,  сонысына қарай нақты және абстрактілі болады. 
Бұл  екі    ұғымның  айырмашылығын  атап  көрейік.  Егер  нақты 
ұғымның  объектісін  сезім  мүшелері  арқылы  тұтас  нәрсе  ретінде 
қабылдайтын болсақ, сол нәрседен бөлек өмір  сүре  алмайтын қасиет, 
қатынастар  дербес  ой    объектісі    ретінде  абстрактілі  ұғым  болып 
бейнеленеді.  Мәселен,  батырды  (адамды)  көре    аламыз,  ал  
батырлықты, 
ерлікті 
тікелей 
өзін 
көре  алмаймыз,  басқа 
құбылыстардың көмегімен түсінеміз [28; 28]. 
Сөйтіп,  бейнелеуде,  сипаттауда  заттың  ең  негізгі  белгісі  сол 
заттың  ерекшелігі  ретінде  алынады  екен  де,  соның  атауы  зат  атауы 
болады  да,  (мысалы,  тас,  ағаш,  қағаз,  шаш  -  объективтік  дүниедеге 
ақиқат,  нақты  заттардың  атауы,  тікелей  сезінуге  келмейтін  ұғымдар 
атауы - қуаныш, қайғы, ақыл, өмір)  тек тілді пайдалана отырып, ойша 
сипаттаудың  нәтижесінде,  яғни  абстракциялаудың  нәтижесінде  
қалыптасатынын дәлелдеген [32; 6-7]. 
Ғалым  Ж.Мусин  пікірінше,  затқа  атау  беруде  ерекше  белгілері 
мен  басты  қасиеттерінің  ең  бастысы,  ең  көрнектісі  алынып,  ол 
бұрыннан таныс заттардың сол сияқты белгілерімен, ерекшеліктерімен 
салыстырылып,  егер  араларында  ұқсастық  болса,  зат  сол  белгінің 
атымен  аталады  деген.  Мысалы,  ғалымның  пікірінше,  ертеде  адамдар 
пойыздың  ащы  айғайын айғырдың  арқырауына  ұқсатып  “қара   айғыр” 
деп, ал оның күшін, ең күшті мал бұқамен салыстырылып “қара бұқа” 
деп атаған. Вагондарды арбаға ұқсатып, поезды оттың күшімен жүреді 
деп  “отарба”  атаған.  Қазақ  ұғымындағы  шапшаңдық,  жылдамдық 
шайтан  атымен  байланысты,  велосипедті  алғаш  көргенде  оның 
шапшаңдығын ерекше белгі етіп алып, оны  “шайтан арба” деп атаған. 
Мұнда  зат  атауы  деректілікпен  байланыстырса,  тікелей  сезінуге 
келмейтін ұғымдар атауы дерексізденумен ұштастырылады. 
Методологиялық-  гносеологиялық  тұрғыдан  алғанда,  материя, 
болмыс,  табиғаттың  -  алғашқы,  сана,  ойлау,  рухтың  -  соңғы  екендігі  
диалектикалық  материализмнің  әліппелік  қағидасы  екенін  де    ғалым 
Ш.Ш.Жалмаханов  ескерген.  Көп  мағыналы  түбір  зат  есімдердің 
лексикалық-тақырыптық 
топтарының 
абстракциялану 
деңгейін 
зерттеген  Ш.Ш.Жалмаханов  көп  мағыналы  нақты  зат  есімдердің 
абстрактылы  зат  атауы  болу  қабілеті  барын  және  әртүрлі  екенін 
дәлелдеген.  Мысалы,  4  мағыналы  қалып,  ит,  5  мағыналы  қыр,  күн, 


49 
 
берен  деген  зат  есімдер  3  абстрактылы  ұғым;  6  мағыналы  ебелек,  7 
мағыналы  көз  зат  есімі,  4  абстрактылы  ұғымның  атауы  болады  деп, 
басқа  көп  мағыналы  нақты  түбір  зат  есімдердің  (КМНТЗЕ-дің) 
абстракциялануы  бір,  екеуден  аспайды  деп  тұжырымдаған.  Логика 
зерттеушісі  Д.Н.  Горскийдің  сөзімен  түйіндеп,  зат    есімнің  
абстракциялану  “қабілеті”  басқа    сөз  таптарына  қарағанда  төмен 
болады деген. Сонымен қатар, ғалым  негізгі мағынадағы  нақты түбір 
зат  есімдерден  (НМНТ3Е)  полисемиялану  барысында  туынды 
мағыналы  абстрактылы    түбір  зат  есімдер  (ТМАТЗЕ)  және  туынды 
мағыналы  нақты  түбір  зат  есімдер  (ТМНТЗЕ)  жасалуына  мынадай 
мысалдар  келтіре  отырып  дәлелдеген.  НМНТЗЕ  –  ден  мінез-құлық
(жылан - арамзалық), қабілет – қасиет (серке -басшы), уақыт (киіз – 
көктемде  қар  еритін  кез),  дауыс,  дәм,  иіс  (бұлбұл  –  дауыс,  шекер  
дәмділік,  жұпар  –  жағымды  иіс),  саяси  -  әлеуметтік  ұғымдар 
(қуыршақ – марионеткатамыр - туыс) және т.б. деген лексикалық –
тақырыптық 
топтардағы 
ТМАТЗЕ 
– 
дің, 
жаратылыстану 
ғылымдарының
 
терминдері  (қабырға-  геометриялық  термин;  доға  – 
географиялық  термин),    сәулеттік  (қабырға  -үй  бөлшегі),  өнеркәсіп 
өнімі  (қаңғалақ:  ұршықтың  дөңгелек  басы  –  машина  мотордың 
алдындағы  айналатын  қалағы),  өнер  бұйымдары  (перде  –  сахна 
шымылдығы)  деген  лексикалық-  тақырыптық  топтардағы  ТМНТЗЕ  –
дің  атауына  айналып,  туынды,  ауыспалы  сараланған  және  диалектілік 
мағыналардағы  сөздер  жасалатынын  анықтаған.  444  КМНТЗЕ-ден  924 
(77,7%) ТМНТЗЕ, 252 (22,3%) ТМАТЗЕ туындайды екен [33; 27].  
Қазақ  тілі  біліміндегі  сөз  тіркесінің  дамуы  мен  лексикалану 
процесін  зерттеген  ғалымдардың  (Ә.Аблақов,  С.Исаев,  Е.Ағманов) 
пікірлеріне 
тоқталсақ, 
изафеттің 
бірінші 
түріне 
жататын 
анықтауыштық  қатынастағы  тіркестерді  құрайтын  зат  есімдердің 
(темір  пеш,  қамыс  құлақ,  ат  қора,  қалта  сағат,  тау  ешкі,  инженер 
қыз,  алма  ағаш)  алдыңғы    сыңары  негізінен  конкретті  заттарды 
білдіретін сөздер. Професор М.Балақаев сыр мінез, тұтқын қыз, күлім 
көз, сандырақ сықылды абстракт мәндегі зат есімдердің ұшырасатынын 
ескертпе ретінде бергендігін жоғарыдағы ғалымдар айта кеткен. Бұрын 
сыр сапалық есім, тұтқын, күлімсаңдырақ қимыл есім болған, заттың 
атын білдіретін сөздердің қызметін жиі атқаруынан зат есімдер тобына 
біржола  ауысқан  деген  пікір  бар.  Сонымен  бірге,  бұрын  изафеттің  І 
түрінің  құрамындағы  бағыныңқы  сөз  тек  конкретті  затты  білдіретін 
сөздер  болса,  осының  нәтижесінде  енді олардың  қызметінде  басқа  сөз 
тобынан  зат  есімдерге  ауысқан  абстрактық  ұғым  атаулары  да  
қолданылу  тенденциясы  бағыт  алып  келе  жатқандығын  зерттеу 
барысында байқаған [34;140-141]. 
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар жайлы елеулі 
ой-пікірлер  айтқан    Ж.Шәкенов  өз  оқулығында  кіріккен  сөздердің  
мағынасы  көпшілік  жайда  құрамындағы  сөздердің  нақтылы 


50 
 
мағыналарының  жалпылық  сипат  алуы  яғни  дерексізденуі  арқылы 
болатынын  байқаған.  Оған  дәлел  ретінде  бұл  жыл  –  биыл,  бұл  күн  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет