К. М. Абишева, С. К. Омарова


бүгін,  сол  сияқты  алып  берді  -  әпер



Pdf көрінісі
бет29/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

бүгін,  сол  сияқты  алып  берді  -  әпер,  алып  келді-  әкел  дегендермен  өз 
ара    салыстырып,  мағыналарын  ажыратқан.  Ж.Шәкеновтың  ойынша 
бастапқы  қатардағы  сөздерге  қарағанда  соңғылардың  мағынасы 
анағұрлым абстракті [35; 20]. 
Дербес  сөздің  көмекші  сөзге  ауысу  үрдісі  –  күрделі  тарихи 
құбылыс.  Бұл  туралы  профессор  А.М.Щербак:  ”Конкретті  мағынаның 
жалпыға, сосын шылау қызметіне өту механизмі өте қызық. Оны былай 
түсіндіруге  болады:  ең  алдымен  өзінің  мағынасы  сөздер  тобымен 
байланысатын,  сөз  бөлініп  шығады,  бұлардың  семантикалық 
байланысы  өз  алдына,  оның  конкретті  сөзін  бағындыратын  доминант 
құрайды, мысалы, баш “бас” (биік заттар разряды), баш “шың”. Екінші 
мағынасы  біріншіге  қарағанда  аса  абстракты  екендігі  анық.  Осымен 
байланысты,  баш  сөзі  тек  қана  тірі  жан  немесе  организмге  қатысты 
қолданылмайды, алайда кез келген затқа қатысты қолданылуы мүмкін.   
Енді    “шың”  сөзі    “басы”  (начало)  деген  қосымша  реңкке  ие  болады. 
Осы  мағынасы  негізгі  мағынаға  айналып,  ең  конкретті  мазмұнды 
ығыстырады,  мысалы:  қанға  башыда  “арбаның  басында”,  аный  йол 
башыны тутты букв. “Оның жолының басында алды.” 
Тілдің  құрылымдық  элементтерін  абстракциялап  қолдану  заңы 
жөнінде  профессор  Т.Р.  Қордабаев  былай  деген:  “Бұл  заң  бойынша, 
тілдегі бір кездегі деректі элемент негізінде барған сайын дерексізденіп 
отыратынынан  басқа,  жаңа  элементтер  пайда  болады,  бір  кездердегі 
толық  мағыналы  сөздер  келе-келе  грамматикалық  морфемаларға, 
шылау  сөздерге    айналады,  сөздер  бастапқы  нақты  мағыналары  үстіне  
келтірінді,  ауыспалы  мағыналар  үстеп,  семантикалық  жағынан 
дамиды” [27;136]. 
 Ә.Хасенов:  «Сөз  мағынасы  кеңейгенде  алдымен  сол  сөзді 
білдіретін  ұғымның,  атаудың  мәні  кеңейеді,  сөз  абстракцияланған 
үстіне абстракциялана түседі, соның нәтижесінде сөздің бұрынғы бірер 
мағынасына көптеген жаңа мағына қосылады...»,- дейді [36;45]. 
Сөз  мағынасының  кеңеюі  құбылысын,  әсіресе  оның  жиі 
(кездесетін)  қолданылатын  түрін  яғни  жалқы  есімнің  жалпы  есімге, 
жалпы  атауға  айналуын  тіл  зерттеушілердің  көбі  Ә.Болғанбаев, 
Ә.Хасенов, 
К.Аханов, 
А.Е.Бижкенова, 
А.В.Суперанская, 
В.В.Виноградов,  Ю.С.Маслов  қарастырған.  Мәселен,  қазақ  сараң 
адамды  –  Қарабай,  Қарынбай,  Шығайбай;  мысқылшыл,  сықақшыны  – 
Қожанасыр,  Алдар;  дөрекі,  қара  күш  иесін  -  Қодар;  бір  мен  бірді 
атыстырып – шабыстыратын адамды – Жантық деген. 
Енді  ескерте  кететін  бір  жағдай,  егер  адам  ойының,  дүние 
танымының дамуы конкреттіліктен абстрактілікке қарай болады десек, 
болжалдық  сан  есімдерді  жасаушы  үш  тәсіл  осы  қозғалыстың 
иерархиялық баспалдағы сияқты: он-он бес кісі, он шақты кісі, ондаған 


51 
 
кісі  тіркестерін  салыстырғанда,  осыны  байқауға  болады,  -деп 
Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов айтқан. Бұл мысалдарды салыстырсақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет