К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет59/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

көптік тұлғада
1.  Семейдегі  жастар  Сұлтанмахмұтты  қолдайтын,  үлкендері 
адамгершілігін….  бағалап,  сыйлайтын  (Ж.Аймауытов.  Қартқожа).  2. 
Торғайдың тоғайлары қандай ойлы, Торғайдың өзендері қандай шешен 
(М.Әлімбаев). 
ә)  бастауышы  көптік  мағыналы  сөздер:  1.  Жұрт  аласапыран 
болды.  (Ж.Аймауытов.  Қартқожа).  2.  Бәрі  де  ақсақалдың  шын 
күлкісіне  қосылып,  қошеметтеп  күлісіп….ауылға  қарай  жүрді 
(М.Әуезов.Қыр  суреттері).  б)  жекеше  атау  тұлғадағы  бірыңғай 
бастауыш:  Ордабай,  Жұмабек,  Сикорский  үшеуі  қол  қойған 
(Ғ.Мүсірепов. Жат қолында).  
 А.Д.Данияров  «Категория  множественности  в  современном 
казахском языке» деген тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады. 
Жекелік  және  көптік  мағыналарының  лексика-грамматикалық 
тәсілдермен  жасалуын  ғылыми  тұрғыдан  алғаш  дәлелдеген.  Бұл 
жөнінде  әрі  қарай  өрбитін  пікірдің  алғашқы  танылған  әр  тәсіліне 
арнайы тоқталып, мәліметтерді түгелдей қамтуды жөн көрдік.  
Ғалым  алдымен  жекелік  мағынаға,  зат  есімнің  жекеше  түріне 
сипаттама  берген,  сондай-ақ  жекелік  мағынаның  бір  санының 
мағынасымен  тығыз  байланыстылығын  ескертеді.  Алайда  формальды 
жағына  әрқашанда  сәйкес  келе  бермейді,  өйткені  белгілі  лексикалық 
сөздер  тобының  семантикасына,  келесі  мағыналар  енеді  деген.  Олар: 
жинақтау  (собирательность),  жиынтық  (совокупность)  кейде  көптік 
мағынасын  да  білдіретіндігін  айтып,  бұл  жөнінде  академик 
В.В.Виноградовтың:  “В  формы  единственного  числа  –  облекались  не 
только  имена  единичных  вещей,  но  и  названия  предметов,  мыслимых 
без отношения к счету, к идее числа”,  - деген пікіріне сүйенген. Басқа 
түркі  тілдеріндегідей,  қазақ  тілінде  де  жекелік  мағынасы  I,  II,  III, 
жақтың  жекеше  түрінің  қосымшалары  қосылу  арқылы  жасалатыны  да 
ескертілген.  Жекелік  мағынасы  контекспен  де  беріледі  деген.  Бұл 
көзқарас  профессор  Т.Ковальский,  Н.К.Дмитриевтің  пікірлерімен 


107 
 
дәлелденген.  Көптік  категориясы  туралы  ұғым,  көпше  түр  туралы 
ұғымға қарағанда кеңірек екендігі айтылған. Тілде көпше түр  тек қана 
грамматикалық  жолмен  берілетін  грамматикалық  құбылыс  және  ол 
көптік  категориясының  мағынасын  түгелдей  қамти  алмайды  деген. 
Демек,  грамматикадағы  көптік  жалғау  көптік  категорияның  негізгі 
грамматикалық  заңдылығын  құрайтындығы  ескертілген.  Көптік 
категориясы  заттардың  белгісіз  көптігін  (екіден  көп)  білдірсе, 
белгісіздікті - бұл категорияның негізгі семантикалық ерекшелігі деген. 
Бірақ  ол  семантикасы  бойынша  бүтіндей  сан  есімді  де  қамтитындығы 
жөнінде  (бес  кітап,  баламыз,  балалар)  айтылған.  Қазіргі  қазақ  тілінде 
көптік  категориясының  негізін  көптік  жалғау  құрап:  а)  заттардың 
белгісіз  көптігін:  балалар,  үйлер  және  т.б.,  ә)  көп  адам  жасаған 
қимылды:  келеміз,  көргенбіз  т.б.,  б)  көп  субъектіге  тәуелді  заттардың 
көптігін: 
үйіміз, 
мектебіміз 
т.б. 
білдіретіндігі 
мысалдармен 
дәлелденген.  Сонымен  қатар  көптік  категориясы    кейбір  сөздердің 
мағыналарымен:  а)  ел,  бидай,  су,  тас,  құм  және  т.б.,  б)  ортақ  етістің 
аффикстерімен:  әкелісті,  апарысты  т.б.,  в)  қайта-қайта  жасалған 
қимылды  білдіретін  аффикстер  арқылы:  балталады,  тарсылдады, 
сөйлей-сөйлей,  келе-келе  т.б.  берілетіні  көрсетілген.  Демек,  қазіргі 
қазақ тіліндегі көптік категориясы -лар, -з, -қ аффикстерімен ғана емес, 
басқа да жолдармен жасалатынына көңіл бөлген.  
Белгілі  тюркологтар  Н.И.Ильминский  мен  П.М.Мелиоранский  
лар  қосымшасынан  басқа,  осы  берілген  категорияға  жақ  және  етіс 
категорияларының,  -қ,  -с  қосымшалары  да  қатысты  деген 
тұжырымдарын 
берген. 
Бұл 
аффикстерден 
басқа 
 
көптік 
категориясымен тікелей байланысты аффикстер түрлері берілген. Олар: 
-  лас,  -лес,  -лы,  -лі,  -ла,  -ле,  -қыла,  -кіле,  -ыра,  -іре,  -а,  -е,  -сыз,  -сіз.  
Қазіргі  қазақ  тілінде  көптік  категориясын  жасаудың  морфологиялық 
құралдарын  екіге:  сөз  түрлендіруші  және  сөз  тудырушы  деп  бөліп 
көрсеткен. Ең алдымен көптік категориясы сөз түрлендіруші –лар, -з, -қ 
аффикстерімен  жасалатыны  анықталған.  Соның  ішінде  –лар    жалғауы 
жүйелі  және  көп  қолданылуымен,  көптік  категорияның  негізгі 
аффикстерінің  бірі  екені  даусыз  екендігі  дәлелденген  [21;  5-10].  Ал 
түркі  тілдерінде  соның  ішінде  қазақ  тілінде  көптік  категориясының 
морфологиялық  көрсеткіштері  ретінде  I  жақ  қосымшалары:  -з  (-мыз,  -
міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, -ымыз, -іміз), -қ, -к, - (а) йық, -(е) йік, бұрын –
лық,  -лік)  болса,  бұлардың  ішінде  –з  аффиксі  С.Е.Малов, 
Н.К.Дмитриев, 
А.Н.Кононов, 
Н.А.Баскаков, 
И.А.Батманов, 
Э.Ф.Севортян және т.б. тюркологтардың айтуы бойынша көптіліктің ең 
көне  көрсеткіші  болып  есептеледі  деген.  Ертедегі  көне  түркі  тілінде 
бұл аффикс  двойственное числоның көрсеткіші болған екен. Қазір бұл  
  қосымшасын  жұп  заттардың  атауларынан,  мысалы,  көз,  біз,  сіз,  егіз 
кездестіруге болады деген [21;21]. 


108 
 
Бұл  мәселе  жөнінде  ғалым  Қ.Қ.Жұбановтың  «Қазақ  тілі  жөнінде 
зерттеулер»  еңбегінде  (1936)  алғаш  сөз  болған.  Осы  еңбектің  «Жетек 
сөз  бен  жетекші  сөз»  тарауында:  «Сөйлем  ішінде  сөздер  бірін  –  бірі 
ерте де, біріне –бірі ере де байланысады. Еруші сөзді жетек сөз, ертуші 
сөзді  жетекші  сөз»,  -  деп  атаған.  Мысалы,  Мен  келдім.  Біз  келдік 
тіркестеріндегі  I  жақ  жекеше,  көпше  түрдегі  есімдіктер  (мен,  біз  ) 
етістіктермен  тіркесіп  (келдім,  келдік),  жіктік  жалғаулары  –м,-к 
арқылы  қиыса  байланысып,  бірін  –  бірі  ертіп,  біріне  –  бірі  ере 
байланысқанын байқаймыз [22;148-149]. 
Сонымен  көптік  категориясы  үш  негізгі  тәсілдермен  беріле 
отыра, тек қана зат есімнен емес, басқа негізгі сөз таптарынан жасалып, 
лексика-грамматикалық  категория  қатарына  жататыны  ғылыми 
тұрғыдан талданып, дәлелденген. 
Осы мәселеге қатысты пікір қалай дамыды дегенге келсек, қазақ 
тіліндегі  көптік  тұлға  мен  көптік  мағына    бір-бірімен  тепе-тең  түсінік 
еместігі,  көптік  тұлғамен  салыстырғанда  көптік  мағына  дегеннің  өрісі 
әлдеқайда  кең  екендігі,  қазақ  тіліндегі  зат  есім  ешқандай  сыртқы 
морфологиялық  көрсетішсіз-ақ  екі  бірдей  грамматикалық  мағынада 
жекеше  де,  көпше  де  жұмсала  алатындығы  және  т.б.  ерекшеліктері 
көрсетілген [23;51-54]. 
Ғалым  А.Есенқұловтың  «Көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі 
қосымшалар»  (1976)  еңбегінде  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінде 
көптік 
мағынаны 
білдіретін 
қосымша 
түрлері 
берілген. 
Ескерткіштердегі  қосымшалар  (-лар,  -лер;  -з,  -ыз,  -із;  -қ,  -к;  -т  ;) 
қысқаша  сипатталған.  Олардың  сөздерге  жалғану,  қолданылу  аясы 
нақты  мысалдармен  дәлелденген.  Бұл  еңбекте  де  көптік  мағынаның 
лексикалық,  синтаксистік  тәсілдермен  берілу  жолдары  анықталған. 
Мысалы:1)  халық  ру  аттары:  аз,  арғу,  басмыл,  қарлұқ,  оғұз;  жекелеп 
санауға  келмейтін  заттар:  кум,  суб,  кан,  алтун;  хайуанат,  аң,  құс 
аттары:  йылқы,  інгек,  ат,  табысған,  лағзын  және  т.б.  (лексикалық 
тәсіл);  2)  ескерткіштерде  көп,  үкүш,  түкеті  сөздері  зат  есімдерден 
бұрын келіп, көптік категория жасаған:  үкүш ер оғлан, ер күдегүлерім, 
қыз,  келінлерім  бөкмедім  –  ұлдарым  мен  қыздарым,  күйеулерім  мен 
келіндерім  барлықтарыңның  қызығына  тоймадым;  жинақтау,  топтау 
ұғымдарын  білдіретін  күрделі  (қос)  сөздер  арқылы:  йір  –  сайу  (жер  -
жерге), йір –сүб (жер -су), көзі –қашы (көзі -қасы) т.б. [24;112-115]. 
Көптік  жалғауы  жалғанған  сөздерге  қосымша  мағыналардың 
үстемелденуі  жайлы  «Қазіргі  қазақ    әдеби  тілі»  (1991)  деп  аталатын 
еңбекте  де  мәліметтер  берілген.  Олардың  бастылары  мыналар:  1) 
заттардың  бөлшектерінің,  түрлерінің  көптігін  білдіруі  (көлдер, 
адамдар,  институттар);  2)  заттың  жай  ғана  көптігін  білдіруі 
(құмырсқалар,  үгінділер,  тамшылар);  3)  заттың  көптігін  емес,  соның 
айналасындағының,  соның  төңірегіндегілердің  көптігін  көрсетуі 
(ағамдар,  Адырбайлар)  4)  заттың  көптігін  емес,  сол  зат  иелерінің 


109 
 
көптігін  білдіруі.  (кітаптарыңызды    бере  тұрыңызшы)  деп  көрсетілген 
[25; 22]. 
Түркітанушы  ғалымдар  Ә.Қайдаров,  М.Оразов  «Түркітануға 
кіріспе»  (1992)  атты  еңбектерінде  –  лар  қосымшасының  түркі 
тілдерінде  кездесетін  бірнеше  фонетикалық  варианттарын  ,  мәселен:  - 
лар/ -лер, - дар /- дер, -тар/-тер,- ла/ -ле, - сар/ -тар, /-дар /-рар/-нар/-
ар/-на  т.б.  көрсетсе,  ал  чуваш  тілінде  ғана  көптік  мағынаны  -сәм 
морфемасы береді деген пікір айтқан. Көптік  жалғауының  тарихы мен 
этимологиясы туралы салыстырмалы – тарихи зерттеулерде түрлі-түрлі 
пікірлер бар. Бірақ  олар бірыңғай емес. Мысалы, Г.И.Рамстедт  -лар, -
лер  қосымшасын  -нар  қосымшасымен  байланыстырса,  А.Н.Кононов, 
Б.А.Серебренников, К.Менчестер -ла және  элементтерінен құралған 
деп  санайды.  Үшінші  бір  топ  ғалымдар  –лар  түркі  тілдеріне  басқа 
тілдерден енген деген жорамал айтады. Сондай-ақ зерттеушілер барлық 
жазба ескірткіштер тілінде -лар жалғауы өзінің негізгі қызметінен басқа 
(көптік  мағынаны  білдіру)  қосымша  мағыналық    яғни  белгісіздік 
реңкте,  құрметтеу  мағынасында  кейде  жалпылау  мағынасында  да 
қолданылатыны жөнінде сөз еткен [26; 38]. 
Берілген  қосымша  мағыналар  қолданыстарда  қалай  көрінеді 
дегенге  келсек,  мәселен:  а)  белгісіздік  мағына:  1.  Осы  бір  көңілсіз 
сапарында  айтқандарын  орындатты…  ә)  мұқату,  сынау  мағынасын: 
1.  Ондайларды  да  көрдік.  2.  Нағып  тамақтарыңнан  өтеді? 
(М.Мағауин. Аласапыран) б) жалпылау  мағынасын:  1.  Оқу құралдарың 
жеткілікті  ме?  (Б.Исаев)  в)  сый-құрметтеу  мағынасын:  1.  Әжемдер 
көп әңгімелесті   білдіріп тұр. 
М.Томановтың  «Түркі  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы» 
(1992)  еңбегінде  көптік  жалғауын  өте  көп  вариантпен  айтатын  тіл  – 
якут тілі, яғни дауысты дыбыстардың еріндік, езулік түрлеріне қарай 16 
вариантының, мәселен; -лар, -лер, -дар, -дер,-тар,-тер,-лар, -дар,-дар,-
тор,-төр, -нар,-нер,-нор,-нөр қалыптасқанын көрсетіп алтай тілінде 12 
вариантының тұрақталғанын, қыпшақ тілдерінің бірі башқұрт тілінде 8 
вариантын:  -лар,-л  әр,  -тар,  -тер,  -дар,  дер,  -дзар,  дз  әр  көрсеткен. 
Сонымен қатар, түрік тілі мен  әзірбайжан тілінде екі  варианты (-лар,-л 
әр) татар тілінде 4 вариантта: -лар ,-л әр,-н әр, қарашай – балқар тілінде 
–лар  жалғауының  соңғы  дыбыссыз  (-ла)  варианты,  мысалы:  таң,-л, 
жер-ле (таулар, жерлер) қолданылатыны айтылған [27; 103-104]. 
Көптік  жалғауының  басқа  сөз  топтарына  (есімше,  сын  есім,  кісі 
аттарына,  туыстық  қатысты  білдіретін  тәуелдеулі  жалпы  есімге,  сан 
есімге, үстеулерге) жалғанып қосымша мағына беретін қызметі жайлы 
«Қазақ тілі» (1993) оқулығында да сөз болған [14; 105 - 106]. 
Жоғарыда  айтылған  мағыналардан басқа  көптік  жалғау  сан  есім, 
кейбір  мезгіл  үстеулеріне  жалғанып  болжалдық  мағына  береді. 
Мәселен, 
Қонаққа 
келген 
қыздардың 
жасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет