Жоғарыдағы кестеден көріп тұрғанымыздай А тобының респонденттерінің 12%-да
табысқа жету мотивациясының төмен деңгейі, 30% қатысушыда табысқа жету
мотивациясының орта деңгейі, 38% табысқа жету мотивациясының жоғары деңгейі, 19%
табысқа жету мотивациясының тым жоғары деңгейі анықталды ( 3- сурет).
Б тобының нәтижелерін талдай отырып, респонденттерінің 28%-да табысқа жету
мотивациясының төмен деңгейі, 42% қатысушыда табысқа жету мотивациясының орта
деңгейі, 23% табысқа жету мотивациясының жоғары деңгейі, 7% табысқа жету
мотивациясының тым жоғары деңгейі анықталды ( 4- сурет). Б тобының қатысушылары
арасында А тобына қарағанда табысқа жету мотивациясы төмен қатысушылар саны басым
екенін белгілі болды. Сонымен қатар А тобында ТЖМ тым жоғары қатысушылар саны да
Б тобына қарағанда басым.
Сурет 3 – Т. Элерстің тұлғаның табысқа жету мотивациясын диагностикалау
әдістемесі бойынша А тобының нәтижелері
Сурет 4 – Т. Элерстің тұлғаның табысқа жету мотивациясын диагностикалау
әдістемесі бойынша Б тобының нәтижелері.
Т. Элерстің тұлғаның табысқа жету мотивациясын диагностикалау әдістемесінің
нәтижелеріне сүйене отырып біз имиджді маңызды деп білетін, өз имиджін қадағалап,
қалыптастыратын студенттер тобында табысқа жету мотивациясы жоғары респонденттер
саны көбірек екенін айта аламыз және зерттеу жұмысы басында жасалған
болжамымыздың негізсіз емес екеніне көз жеткізе аламыз. Дегенмен, осы әдістеме арқылы
алынған нәтижелерді тереңірек толықтыра түсу үшін біз екі зерттеу топтарына Ю. М.
Орловтың «Табысқа жету қажеттілігін бағалау шкаласы» әдістемесін өткіздік.
төмен
12%
орта
30%
жоғары
39%
тым жоғары
19%
Достарыңызбен бөлісу: