К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Отбасындағы сыйластық. Жалпы және жалқы зат есімдер. Көптік



Pdf көрінісі
бет4/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Отбасындағы сыйластық. Жалпы және жалқы зат есімдер. Көптік 
жалғаулы сөздің тәуелденуі. Жіктік жалғау, жіктік жалғаудың көптік 
формасы. 
 
Отбасындағы сыйластық 
 



Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. 
Мақал.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнетін, ержететін, тәрбие алатын 
қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасының ықпалы мен әсерін 
өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы, негізінен, үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Әке – әулет 
басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. 
Отбасындағы бала тәрбиесінде, әсіресе, ұл тәрбиесінде әкенің орны ерекше. 
Әке балаға сыншы.
Бала тәрбиесінде ана да маңызды рөлге ие. Ана бір қолымен бесікті, бір 
қолымен әлемді тербетеді. Ана – мейірім, ана - адалдық, ана - дос, ана - 
сырлас. Әкені әулет басшысы ететін де, баланы мейірімге бөлейтін де – 
ананың махаббаты, ананың тәрбиесі. Тәрбиесі дұрыс отбасында сыйластық та 
орын алады. Сыйластық – барлығының негізі.
Отбасындағы сыйластық жасы кішінің жасы үлкенді құрметтеуіне, 
бірінші болып амандасуына, ұл баланың қыз балаға жол беруіне, сөз әдебін 
сақтауына, отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасына құрылады.
Сыйластық туралы қазақ халқында былай дейді: «үлкенге – ізет, кішіге - 
құрмет», «ана алдында – құрмет, ата алдында - қызмет», «мейірімі мол ананың 
жүрегі жылы, қолы кең, кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең», 
«сыйласқанның суын іш», «сыйлап берген су тәтті», «атасыз үй батасыз, 
анасыз үй панасыз».
Сыйластық орнаған отбасынан әке көрген ұл, шеше көрген қыз өсіп 
шығады. Яғни, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».
Тапсырмалар:
2.1.Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: өсіп-өну, ержету, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет