К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет51/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

 
Тапсырмалар:
8.1. Жаңа сөздерді тыңдаңыз, жазыңыз, оқыңыз, мағынасын түсініңіз.
әлеуметтік - социальный 
бағыт - направление 
айқын – ясный, четкий 
тілдерді қолдану – употребление 
языков 
Бағдар – ориентир 
Бағдарлама аясында – в рамках 
программы 
Тарихты тану – познать историю 
Жергілікті билік – местный власть 


63 
денсаулық сақтау – здравохранение, 
беречь здоровье 
тағайындалды – был назначен 
маңдайалды – лучший 
2016 жылдан бері – с 2016-го года 
Қолдау – поддерживать, поддержка 
Жинақылықпен – с аккуратностью, 
аккуратно
Жүйелілікпен – системно 
Қолға алу – заниматься 
Келісім – согласие 
Даярлаудың қамы – забота о
подготовке
8.2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз. 
8.3. Аталған бағдарламалардың не жобалардың бірі туралы бейнематериал 
көріңіз.
8.4. Қалып етістіктерін еске түсіріңіз.
8.5. Мәтіннен бірнеше сөйлемді «етістік+-ғанда, -генде, -қанда, -кенде» 
формасында жазып шығыңыз. 
8.6 . Жағдаяттық тапсырма. Сіз тілшісіз. Аталған жобалардың біріне 
қатысушыдан сұхбат алыңыз.
8.7. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен 
жоспарлары туралы әңгімелеңіз. 
9 Қазақстан қарулы күштері. Мақсат мәнді сөйлем. 
 
Қазақстан қарулы күштері 
 
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Елбасының 1992 
жылдың 7 мамырындағы Жарлығына сәйкес құрылды. Осы күні еліміздің 
аумағындағы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) әскери 
күштерінің есебіндегі әртүрлі нысандар Қазақстан құзыретіне берілді. Содан 
бергі аралықта ел әскерін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Бүгінде Қарулы Күштеріміз үш түрлі құрылымнан тұрады. Олар: 
Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері. 
Мемлекеттің аумақтық қорғаныс саласын біріктіру үшін Қарулы Күштер 
құрамындағы аумақтық әскерлердің басқару органы пайда болды. 
Құрылымның барлық сатылары қамтыла отырып, еліміздің әскери оқу 
орындары арқылы мамандар дайындау ісі жолға қойылды. Қарулы 
Күштеріміздің сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін саланы заманауи 
стандарттарға, әлемдік тәжірибелерге сай дамыту басты міндеттердің бірі 
болып саналады.
Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуеті тәуелсіздік жылдарында 
әскерімізді заманауи қару-жарақпен, озық үлгідегі әскери техникамен 
қамтамасыз етілді. Құрлықтағы әскерлер үшін брондалған машиналар мен 
бронды транспортерлер, заманауи радиоэлектронды барлау техникалары


64 
ракеталық-артиллерия қару-жарағы, ауыр оқ ату жүйелері, ұялы байланыс 
кешендері, радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден 
қорғайтын отандық машиналар, жанар-жағармай тасымалдайтын техникалар, 
далалық госпитальдар алынды. Ал Әуе қорғаныс күштері заманауи жойғыш, 
әскери-көліктік және оқу-жаттығуға арналған ұшақтармен, тікұшақтармен 
толықтырылды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің техникалық паркі 
жаңартылды. Әуе кеңістігі шекараларын қорғау үшін жаңа зениттік-ракеталық 
және отандық «Нұр» радиотехникалық кешендері орнатылды. Қазақстанға 
Каспийдің теңіз шекарасының ең ұзын бөлігі тиесілі. Оны қорғау мақсатында 
Әскери-теңіз күштері құрылған. Қазіргі таңда елімізде әскери маңызы зор 
корабльдер мен кемелерді шығару жолға қойылған.
Республика Ұланы 1992 жылы Қазақстан Президентіне бағынатын жеке 
әскери құрама және Қарулы Күштердің резерві ретінде құрылды. Ол әскери 
құрама болып табылады. Оған мынадай міндеттер жүктелген: Қазақстан 
Республикасы Президентінің Күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, 
Мемлекет басшысының, экс-президенттер мен олардың отбасыларының және 
Президент бекіткен тізімге енген Қазақстан және шет елдердің лауазымды 
адамдарының біздің еліміздің аумағындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
тізбесін ҚР Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік нысандарды 
күзету; өз құзіреті шегінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу; ҚР 
Мемлекеттік туы мен ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; 
хаттамалық іс-шараларды өткізу кезінде ҚР мерекелері мен салтанаттарында 
дәстүрлік рәсімдердің атқарылуына қатысу; әскери және төтенше жағдай 
режимі кезінде ҚР зандарында көзделген тәртіппен іс-шараларды жүзеге 
асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет