Эпизоотологиялық деректер Дипилидиоз жиi итте және мысықта жылдын
барлық мерзiмiнде кездесе бередi. Бiр жануардан гельминттердiң бiр неше
жүзi табылады.
Ауру белгiлері Етқоректiлердiң әлсiз зақымдалғанда бiлiнбейдi. Ауру
созылмалы түрде өтедi. Кейбiр кезде құсу, тәбетi бұзылуы, арықтау,
әлсiздену, жүйке құбылыстары байқалады.
Диагнозді нәжiстi зерттеп, iшiнде дипилидий жұмыртқаларың тауып
қояды.
Емдеу Иттерге және мысықтарға камала, дозасы 1-6 г етке және
фаршқа қосып бередi, алдында 16-18 сағат аш қарында ұстайды. Фенасал -
дозасы 0,1 г/кг, ареколин - дозасы 0,004 г/кг иттерге, түлкiлерге - 0,01 г/кг
салмағына бередi.
Бақылау сұрақтар:
1 Дипилидиоз аурумен қандай жануарлар шалдығады?
2 Қоздырғышын атаңыз?
3 Аралық иелері кім?
4 Адам зақымдалу мүмкін бе?
5 Диагнозды қалай қояды?
Тақырып 18 Дифиллоботриоз
Сабақтың мақсаты: Дифиллоботриоз қоздырушысының құрылысымен,
даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар
Дифиллоботриоз - антропозооноз, ошақты таралады, лентецтiн әрбiр
түрлерiмен шақырылады, Diphyllobothrium тұқымына, солардың iшiнде
15 сурет. Қияр цепень құрты. А – сколекс;
Б – гермафродитті мүше; В – кокон; Г – стробила
65
16 сурет. Diphyllobothrium
latum
Diphyllobothrium lamum-кен лентец өте кен таралған. Ит мысық, түлкi, ж/е
адам ауырады (дефинитивтiк иелер)
Қоздырғыш - ұзындығы 10 м. Терiсi
бағалы аңдарда ұзындығы - 1,5 м. Сколексте 2
терен ботриялар болады. Мүшелерi қысқа,
бiрақта
кен.
Жұмыртқалығы
қобелектiң
қанаттарына ұқсас. Әрбiр мүшеде 3 жыныс
тесiктерi болады: аналық, вагина, жатыр.
Аралық иелер - рачоктар.
Қосымша иелер - тұшы судағы балықтар
(щука, окунь, налим)
Даму циклi Жұмыртқалар сыртқы ортаға
дефинитивтiк иелердiң нәжiсiмен бiрге шығып,
алға қарай даму үшiн суға түсу керек. 3-5
аптадан
кейiн
жұмыртқадан
личинка
-
корацидий шығады. Ол сыртынан кiрпiкпен
қапталған, онкосферада 6 iлгек болады.
Содан кейiн корацидийдi аралық иелер жұтады.
Аралық иенiң iшегiнде корацидий кiрпiгiн жоғалтып, дене қуысына жылжып,
2-3 аптадан кейiн кiшкентай личинкаға - процеркоидқа дамиды.
Алғашқы даму үшiн процеркоид қосымша иеге түседi. Балықтын iшегiнде
рачок қорытылып,ал процеркоид iшек қабырға арқылы құрсақ қуысына,
бұлшық етке, терi астына енiп личинканың алғашқы сатысына -
плероцеркоидқа айналады.
Егер зақымдалған балықты дұрыс піспеген және шікі кезінде ит, мысық жесе,
онда плероцеркоид iшек қабырғасына жабысып, тез мүшелерге дами
бастайды, 1 айдан кейiн ол толық жынысты цестодаға айналады.
Эпизоотологиялық деректер Ауру жиi Прибалтикада, Тюменде, және
басқа зоналарда кездеседi.
Патогенез Лентец ие организмiне механикалық және токсикалық әсер
етедi, әсiресе жүйке және қан жүйелерiне. Дифиллоботриоз патогенезiнiң
негiзi – эндогендiк авитоминоз жатады - Гермафродитті мүше ауру
малдардың организмiнде витамин В
12
дифициты болады.
Ауру белгiлерi Ауру аңдар тәбетi төмендейдi, әлсiз, құсады, олар өсуден
қалады.
Диагнозды гельминтокопрологиялық зерттеулердi өткiзiп қояды.
Цестода жұмыртқасының пішіні сопақша, бiр шетiнде жапқышы бар.
Емi Альбен, азинокс.
Бақылау сұрақтар:
1 Дифиллоботриоз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Дифиллоботриоз ауруының қоздырғышын атаңыз?
3 Аралық және қосымша иелері кім болады?
4 Адам зақымдалу мүмкін бе?
66
5 Дифиллоботриоз ауруына диагнозды қалай қояды?
Тақырып 19 Пизиформды цистицеркозы
Сабақтың мақсаты: Пизиформды цистицеркозы қоздырушысының
құрылысымен, даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен
таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар
Пизиформды цистицеркоз - үй қоянның, қоянның гельминтоз ауруы.
Taеnia pisiformis цестоданың Cysticercus pisiformis личинка сатысымен
шақырылған. Цистицерктер құрсақ қуысында (iш майында, шажырқайда)
тiршiлiк етедi.
Аралық иелер - қояндар, үй қояндар, дефинитивтiк иелер - иттер,
қасқырлар, түлкiлер, көк түлкiлер, мысықтар.
Даму циклi. Дефинитивтiк иелер нәжiсiмен бiрге паразиттiн
жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөледi, олар азықпен, сумен қояндардың ас
қорыту жүйесiне түседi. Жұмыртқалар және онкосфералар қабықтарынан
босалып, ұрықтары iшектiн кiлегей қабығына енедi, содан кейiн қан және
лимфа арқылы организмге әсiресе бауырға, оның капиллярларын,
паренхимасын бұзұп, капсуласын тесiп құрсақ қуысына шығады. Iш майына,
шажырқайға жабысып грек жанғағындай мөлшерлi көпiршiкке дамиды,.
Иттер және басқа етқоректiлер зақымдалған қояннын, үй қояннын iшкi
мүшелерiн жеп ауырады. Иттiн жiнiшке iшегiнде T.pisiformis 35 күн, ал
түлкiде - 70 күн арасында дамиды.
Ауру белгiлерi Ауруға шалдыққан иттердiн тәбетi төмендейдi, олар
өсуден қалады. Көз және ауыз қуысының кілегей қабаттары бозғылт түсті
болады.
Емі жоқ.
Алдын алу шаралары Иттерге және терiсi бағалы аңдарға қояндардын
шикi iшкi мүшелерiн беруге болмайды.
Бақылау сұрақтар:
1 Пизиформды цистицеркоз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Цистицеркоз ауруының қоздырғышын атаңыз?
3 Аралық және қосымша иелері кім?
4 Адам зақымдалу мүмкін бе?
5 Цистицеркоз ауруына диагнозды қалай қояды?
Тақырып 20 Бұлшық ет және терi астылық ценурозы
Сабақтың мақсаты: Бұлшық ет және тері астылық ценуроз
қоздырушысының құрылысымен, даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз
қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар
67
Бұлшық ет және терi астылық ценурозы - малдын денесiнде iсiктер
пайда болады, оларды сойып қарағанда ценурдын ларвоцисталарын табады.
Бұл инвазиянын қоздырғышы Multiceps multiceps цестоданың Cysticercus
shrjabini ларвоцистасы, олар иттiн және қасқырдын iшегiнде тiршiлiк етедi.
Аралық иелер - қой, ешкiлер.
Даму циклi иттер (соңғы иелер) ценурлармен зақымдалған еттi жеп, ал
қойлар (аралық иелер) иттермен бөлiнген онкосфераны жұтып зақымдалады.
Ауру белгiлерi көпiршiктiң локализациясына, санына және мөлшерiне
байланысты. Екi жасқа жетпеген қойлар ауырады.
Клиникалық белгiлерi көпiршiк үлкеюне байланысты. Малдардың
тәбетi төмендейдi, жүдейдi. Көпiршiктер қойдың мойнында орналасқан соң,
олар мойнынын енкейтiп жүреді.
Егер көпiршiктер майды қүрсақ қуысында орналасса қарынның өте
үлкеюi байқалады, ал ценурлар аяқта болса, ақсақ кей кезде салдану болуы
мүмкiн. Ценурды ашқан кезде, жара iрiн инфекциясымен және жақын жатқан
ұлпалар өлiеттенген.
Бақылау сұрақтар:
1 Пизиформды цистицеркоз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Қоздырғышын атаңыз?
3 Аралық және қосымша иелері кім?
4 Адам зақымдалу мүмкін бе?
5 Диагнозды қалай қояды?
Тақырып 21 Мал эхинококкозы (берiш, бершiмек)
Сабақтың мақсаты: Мал эхинококкозы қоздырушысының құрылысымен,
даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар
Эхинококкоз үй жануарлары мен адамдар арасында кеңінен таралған
гельминтоз. Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды, берер өнiмi күрт
төмендейдi, өлiм-жiтiмге ұшырайды. Қойдан орта есеппен 2,6 кг ет, 0,4 кг
май, 0,4 кг жүн кем алынатындығы анықталған. Сол сияқты эхинококкозбен
ауырған iрi қара 5,5 кг ет, 2,5 кг май кем бередi екен. Бұрынғы ет
комбинаттарының деректерiне қарағанда, етке тапсырылған iрi қараның 5 %,
ұсақ малдың 10 %, шошқаның 6 % эхинококкоз болып шығатыны
анықталған. Біздің елімізде эхинококкозға шалдыққан сауын сиырлар
жылына 300 мың т. сүттi кем беретіні дәлелденген. Берiш дертi адам үшiн де
қауiптi. Соңғы жылдары адам эхинококкозы жиі тіркелетін гельминтозға
айналғаны хабарлануда.
Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, шие бөрi, қарсақ, түлкi ащы iшегiн
мекендейдi, ал көпiршiктерi (берiш-бершiмектерi) адам, үй және жабайы
тұяқтылардың өкпесiнде, бауырында, кейде басқа да мүшелерiнде тiршiлiк
етедi.
68
17-сурет: 1 – Echinococcus granulosus: 1– сколекс; 2-мойын; 3- қызтеке
бунақ; 4 - пiсiп жетiлген бунақ; 2 – эхинококк көпiршiгi: 1 – кутикула; 9,10,11 –
iшкi ұрпақтық көпiршiк; 15 – сыртқы ұрпақтық көпiршiк.
Қоздырғышы
Ересек
жетiлген
түрi
-
Echinococcus
granulosus(Batsch,1786), өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см), бар-
жоғы 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейiнгi бунақ қосжынысты, соңғы
төртiншiсi пiсiп, жетiлгенi, ал оның қапшық секiлдi жатыры жұмыртқаға
толы. Аралық иесi ағзаларына жайғасқан бершiмектердiң көлемі бұршақ,
жұмыртқа, кейде нәресте басындай, iшiнде мөлдiр сұйығы бар. Оның iшiн
орасан көп таспа құрттың протосколекстерi мекендейдi. Ал протосколекстерi
жоқ көпiршiктердi ацефалоцисталар деп атайды. Бұлар iрi қара мен жылқыда
жиi кездеседi. Әр ағзадағы берiштердiң саны бiрнеше данадан ондаған,
жүздеген данаға дейін жетуі мүмкін, кейде бiр-бiрiмен қосылып, ағзаны
жаппай жайлайды.
Даму циклі. Ит және т.б. ет қоректiлер нәжiсi арқылы эхинококктың
жұмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем-
шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, құрт
жұмыртқалары жабысқан киiм-кешек, ыдыс-аяқ, жемiс-жидек, көкөнiс және
судан жұғады. Денеге түсiсiмен гельминт ұрығы (онкосферасы) жұмыртқаны
жарып шығып, iшектiң iшкi қабатына енiп, одан әрi қан тамырлары арқылы
денеге тарайды. Олар өкпе мен бауырға және басқа органдарға жетiп, онда
бiрте-бiрте эхинококк көпiршiк-берiштерге айналады. Берiштер өте баяу,
айлап жылдап өсiп, жетiледi. Кейбiр ларвоцисталардың есеюi көп жылдарға
(адамда 10-30 жыл) созылады. Ал, бұралқы иттер т.б. жыртқыштар
эхинококкоздан өлген малдың iшкi мүшелерiн жеп, құртты жұқтырады.
Эхинококктың жыныстық ағзалары жетiлуiне 1-3 айға жуық мерзiм керек. Ит
iшегiнде бұл цестодалар 5-6,5 айдай өмiр сүре алады.
Эпизоотологиясы.
Эхинококкоздың
қоздырғышы
космополит,
Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседi. Республиканың Оңтүстiк
аудандарында 4 жастан асқан қойдың 30-100 %, ал Солтүстiкте 50 %-ы
бершiмекпен ауыратыны хабарланады. Мал өлiмi қыста, ерте көктемде, яғни
күтiмi нашарлаған жағдайда байқалады.
69
Эхинококк құрттарының дамуына қатысты иелерi көп болғанымен,
олардың iс жүзiнде маңызы бiрдей емес. Эхинококкоздың негiзгi
таратушысы ретiнде құрттың аралық иелерi арасынан қойдың елеулi маңызы
бар екенi мәлiм. Қой шаруашылығы өркендеген жерде адам мен мал
эхинококкозының көбiрек тарайтыны кездейсоқ жәй емес. Өйткенi басқа
түлiкке қарағанда қой малдәрiгерлiк тексеруден өткiзiлмей-ақ сойыла бередi.
Өзге жануарлармен салыстырғанда қой денесiнде бершiмек - көпiршiктер
көбiрек дамып, жұқпалы сатысына жетедi. Эхинококкоз эпизоотологиясында
iрi қараның, сондай-ақ жылқының атқаратын “қызметi” шамалы, себебi
оларда көбiнесе стерильдi гельминт берiштерi-ацефалоцисталар ұшырасады.
Эхинококкоз қоздырғышының таралуына жабайы тұяқтылар мен ет
қоректiлердiң ешқандай қатысы жоқ деп үзiлдi-кесiлдi айтуға болмайды.
Зерттеу деректерiне қарағанда тағы аңдар эхинококк құрттарымен өте аз
зақымданады.
Құрттың ақтық иелерi ішінен гельминтозды таратушылардың негiзгiсi
ит. Бұлар сыртқы ортаға күн сайын таспа құрттың мыңдаған жұмыртқаларын
шашады. Эхинококк жұмыртқасын суда 16 күн ұстап, 11 күн ауада кептiрген
кезде, олар тiршiлiгін сақтай алған, 1 градус суықтыққа да 4 айға дейiн
төзімді екені анықталған. Яғни, олар сыртқы орта жағдайына өте төзiмдi.
Аурудың өрбуi. Бершiмектердiң жайласқан жерiне, көлемiне, санына
және жануардың жалпы күйiне байланысты зардаптың әсерi әрқилы болады.
Бауыр мен өкпеде орналасқан эхинококк көпiршiктерi өсе келе ағзалардың
бiр қалыпты қызметiн бұзады. Ларвоцисталар өте көп болған жағдайда
олардың толық iстен шығуына әкелiп соқтырады. Өкпе мен бауырдағы
берiштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға) ұшыратады.
Көпiршiк жатқан орын үңгiр қуысқа айналады, ұлпалар желiнiп кетедi.
Ұлғайған ларвоциста маңайдағы қан тамырларын қысқандықтан қан ағысы
тоқталуы мүмкiн, ал өт арнасының бiтелуінен iшекке өт құйылмайды.
Асқазан-iшектiң қызметi әлсiрейдi, ас қорытылмайды. Өкпенiң бiрталай
аймағы істен шығып, тыныс алу әрекетiне қатыспайды. Түлiктiң өкпесi
қысылып, тынысы тарылады. Денеге эхинококк сұйық затының уыты да
ықпал етедi. Микробтар қосылып дерттi онан сайын ушықтырып жiбередi.
Залалданған ұлпалар мен мүшелер жансызданады. Жануар әбден арықтап
барып өледi.
Қлиникалық белгiлерi. Эхинококкоз созылмалы түрде өтетiн дерт.
Аурудың бастапқы кезiнде оның клиникалық белгiлерi бiлiнбейдi. Сырт
көрiнiстерiнiң айқындала бастауы, өршуi көпiршiктiң санына, аумағына және
малдың нақтылы ұлпасы мен мүшесiнiң зақымдануына тiкелей байланысты.
Бершiмiктер өкпеде дамыса, оның ауа тамырларын қысуынан жануардың
күйi төмендейдi, тынысы тарылып, жөтелi жиiлейдi. Аталған белгiлер мал
қозғалған не жүрген сайын үдей түседi. Өкпе тұсын тыңдаса, сау өкпеге
сәйкес везикулярлы тыныс алу бәсең бiлiнедi, ал перкуссия тәсiлiн қолданып,
арнайы балғашамен ұрғылап тексергенде, ларвоциста жайғасқан өкпе
тұсының дыбысы күңгiрт естiледi. Мал бiрте-бiрте арықтап, майынан
айырылып, әдетте қыс айларында шығынға ұшырайды. Эхинококктер
70
бауырға орналасқанда малдың күйiс қайыруы нашарлайды, ас қорытуы
бұзылады, кейде iшi кебедi. Ағза көлемi ұлғайғанда жануардың оң жақ
қарыны шығыңқырап тұрады, бауыр тұсын қолмен басса ауырсынады. Егер
өкпедегi, бауырдағы көпiршiктер жарылып кетсе, мал көп кешiкпей өлiп
қалады. Кейде цисталар құрсақ қуысында, шажырқайда болса, буаз сиырлар
iш тастауы ықтимал.
Өлекседегi өзгерiстер Өлген немесе лажсыз сойылған малдың өкпе-
бауырын көптеген эхинококк көпiршiктерi басқан, сырты кедiр-бұдыр, кейде
ларвоцисталар сыртынан білінбейтін, ағзаның терең қабатына орналасады.
Ондай да мүшелердi кескенде iшiнен бершiмектер шығады. Олардың көлемi
әрқилы, бұршақтың үлкендiгiндей, жұмыртқадай, тiптi нәресте басындай
болады. Ал эхинококкпен бүлiнген өкпе-бауырдың түрi өзгерiп, ұлғайып,
салмағы ауыр келедi.
Анықтау. Малдың тiрiсiнде эхинококкозға клиникалық белгiлерi
арқылы диагноз қою өте қиын. Рентгеноскопия мен рентгенография немесе
УЗИ әдістерін мал шаруашылығында қолданудың өзінше қиындығы бар.
Сондықтан, кейiнгi жылдары иммунобиологиялық, анықтап айтқанда,
аллергиялық және серологиялық әдiстердi пайдаланады.
Кезінде Қазақ малдәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институты құрттың
протосколекстерiнен жасалған ақсұр түстi, иiссiз құрғақ аллерген ұнтағын
(эхиноаллерген) өндiрiске ұсынған. Бұл ұнтақ алдымен хлорлы натрийдың
физиологиялық ерiтiндiсiмен 1:1000 қатынасындай етiп ерітіледі.
Эхиноаллергендi қойға 0,2 мл, iрi қараға 0,5 мл малдың құйрық астындағы
терi қыртысына егедi. Эхиноаллерген егiлген жерде кiшiгiрiм тығыз
төмпешiк пайда болады. Кейде аллерген көздiң үстiңгi қабағы терiсiнiң
қабатына жiберiледi. Аллергиялық реакция нәтижесi 2 (iрi қара үшiн), 3 (қой
үшiн) сағат өткен соң шығарылады, iсiнген терiнiң қалыңдығы өлшенедi.
Бұдан басқа ірі қара және ұсақ малдың эхинококкозын тірі кезінде балау
үшін интрадермальды Казони реакциясы қолданылады.
Аллерген ретінде эхинококк ларвоцисталарынан шыққан сұйықтық,
сколекс пен көпіршіктің қабығынан дайындалған полисахаридті фракция
пайдаланылады, бірақ бұл аллерген басқа да ларвальды тениидоздарда оң
реакция береді.
Өлген малдың өлекселерін жарып-қарап, оның ағзаларынан эхинококк
беріштерін іздестіреді. Бірақ, бірен-саран беріш табылған жағдайда, оларды
мал өлімінің себебі деп санауға болмайды. Мал эхинококкоздан тек, онымен
қатты зақымданғанда ғана өлімге ұшырайды.
Емi. Малдың эхинококкозын дәрi-дәрмекпен немесе оташылдық жолмен
емдеудiң әдiс-тәсiлдерi бүгiнгi таңда әлi табылған жоқ.
Алдын - ала шаралары (қараңыз: ит пен басқа жыртқыштар
тениидоздарына қарсы қолданылатын сауықтыру шаралары).
Бақылау сұрақтары:
1 Эхинококкоз ауруына толық сипаттама беріңіз
2 Эхинококкоз ауруының қоздырғыштарын атаңыз
71
3 Даму биологиясы қалай өтеді?
4 Эхинококкоз ауруының эпизоотологиялық ерекшеліктеріне тоқталыңыз
5 Осы ауруға диагнозды қалай қояды
Тақырып 22 Аңдар альвеококкозы
Сабақтың
мақсаты:
Аңдар
альвеококкозы
қоздырушысының
құрылысымен, даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен
таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар
Альвеококкоз немесе көп камералы эхинококкоз – табиғи ошақты
гельминтоз, онымен көбнесе кеміргіштер және жабайы етқоректілер
ауырады. Гельминтоз қоздырғышы ақтық және аралық иелердiң қатысуымен
дамиды. Ересек құрттар ақтық иелерiнiң - түлкiнiң, қарсақтың, иттiң,
мысықтың (өте сирек) - ащы iшегiн мекендейдi. Ал, балаңқұрт сатысы-
көпiршiктер ондатра, құмтышқан, соқыр, сауыр, сұр тышқан, алақоржын,
дала мен орман тышқандарының бауыры мен басқа iшкi мүшелерiн
мекендейді. Альвеококоз адамға өте қауіпті гельминтоз.
Қоздырғышы. Имаго- Alveococcus multilocularis - эхинококк таспасына
ұқсас, бiрақ одан сәл-пәл кiшiлеу-ұзындығы 2-3 мм, және соңғы бунағындағы
жатыры домалақ, шар тәрiздi. Ларвоцисталық альвеококк көпiршiктерi өте
ұсақ, сыртынан жүзім шоғындай боп көрiнедi, iшi протосколекстерге толы
көптеген камералардан құралады.
Өсiп, өнуi. Ет қоректiлердiң нәжiсiмен бiрге сыртқы ортаға іші
жұмыртқаға толы құрт бунақтары бөлiнiп шығады. Жұмыртқалары сыртқы
ортаға өте төзiмдi, ұзақ уақыт тіршілігiн сақтай алады. Кемiргiштер бұларды
жем-шөппен, сумен бiрге жұтып ауру жұқтырады. Олардың асқорыту
ағзаларында жұмыртқа қабығы ерiп, босап шыққан онкосфера iшектiң
кiлегей қабаты арқылы қан тамырларына енiп, қанмен бiрге бауырға және
басқа мүшелерге тарайды. Олардың орналасқан жерiнде көптеген
көпiршiктер пайда болады. Ит т.б. жыртқыштар альвеококкозға шалдыққан
кемiргiштердi жеп зақымданады. Бұлардың iшегiнде гельминттер 1-1,5 ай
шамасында жынысы жетiлген сатысына жетедi.
Эпизоотологиясы. Альвеококкоз-табиғи ошақты ауру. Мәселен, ол
Алакөл мен Балқаш көлдерiнiң маңында көп тараған. В.И.Бондарева (1986)
Қазақстандағы альвеококкоздың табиғи ордаларын шартты түрде екi топқа
бөледi: бiрiншiсi - iрi бөгендер мен өзен-көлдерi бар дала алқаптар, ал
екiншiсi-тау қойнаулары. Қоздырғышты таратушылар негiзiнен тағы аңдар.
Кезiнде қой мен iрi қараны кемiрушiлер сияқты альвеококктың аралық
иелерi қатарына қосқан. Бiрақ, үй тұяқтыларының бұл гельминтоздың
эпизоотологиясына ешқандай қатысы жоқ. Аңшы иттер аң аулау кезiнде
альвеококк көпiршiктер бар кемiрушiлердiң iшкi мүшелерiнен зақымданады.
Адам бұл дертке аңшылық-құсбегiлiктiң (түлкiнiң т.б. аң терiлерiнде
гельминт жұмыртқалары болады) салдарынан, сондай-ақ орман-далада өсетiн
жемiс-жидектердi жумай жеудiң әсерiнен шалдығады.
72
Аурудың өрбуi. Альвеококкозбен көбiнесе бауыр зақымданады, ал дерт
асқынған шақта басқа iшкi мүшелерге де кеселi тиедi, олар көптеген
өзгерiске ұшырайды. Көпiршiктер өсiп, үлкейiп, саны көбейiп, бауырды
қысады, қызметiн бұзады. Ағзаның аумағы кiшiрейiп, ұлпасы жансызданып,
кемiргiштердің өлімін туғызады.
Анықтау. Альвеококкоздың клиникалық сырт белгiлерi зерттелмеген.
Өлексенiң iшкi мүшелерiнен құрт көпiршiктерiн тауып диагноз қояды.
Емi жоқ. Адамды хирургиялық жолмен емдейдi
Бақылау сұрақтары:
1 Альвеококкоз ауруымен қандай малдар ауырады?
2 Қоздырғыштар түрлерің атаңыз?
3 Даму биологиясы қалай өтнді?
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді?
5 Диагноз қалай қояды?
Тақырып 23 Церебральді ценуроз
Сабақтың мақсаты: Ценуроз қоздырушысының құрылысымен, даму
циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар.
Ценуроз (айналма) - Multiceps multiceps цестоданың Сoenurus cerebrаlis
личинка сатысымен шақырылған қой, ешкiлердің ауруы. Ценурозбен iрi қара,
сирек жылқы, шошқа, жабайы күйiсқайыратындар және өте сирек адамда
ауырады. Ценурлар мида, сирек жұлында тiршiлiк етедi. Лента сатысында
иттiң, қасқырдың, қорсақтың, түлкiнiң және көк түлкiнiң жiнiшке
iшектерінде тiршiлiк етедi. Ценуроз мал шаруашылығына өте үлкен
экономикалық зиян келтiредi, ал қой жаппай өлуiнен және ауырған малды
амалсыз союдан, ауырғаң қойдын ұшалары өте арық болады, сол себебi
оларды техникалық утилизацияға жiбередi.
Достарыңызбен бөлісу: |