К. У. Сулейманова


Алдын-алу  және  қүресу  шаралары



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Алдын-алу  және  қүресу  шаралары.  Аскаридозға  қарсы  шошқаларды 
қүту  технологиясын    және  ауру  барысының  ерекшеліктері  ауа  райы-
географиялық  жағдайларына  байланысты  есепке  алып  шараларды  өткізеді. 
Таза  емес  шаруашылықтарда  мамыр  айынан  желтоқсан  айына  дейін  35  күн 
жасынан  бастап  торайларға  преимагинальдік  дегельминтизация  өткізеді: 
бірінші рет 33-40 тәулік жасында; екінші рет 50-55 тәулікте және үшінші рет 
90 тәулік жасында: желтоқсаннан бастап мамыр айына дейін: бірінші рет 50-
55 тәулікте, екінші рет -90 тәулікте. 
Әрбір  төлдеудің  алдында    шошқа  аналықтарының  қораларына  дезинфекция 
жасайды,  ол  үшін  ксилонафтың  10-%-тық  (70-80º)  су  эмульсиясың 
(экспозициясы  3  сағат),  едкий  натрдың  немесе  калидың 5-%-тық  ерітіндісің 
(70-80º) қолданады,  (экспозициясы 6 сағат). 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Жануарлардың қандай түрлері аскаридозбен аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Торайлардың қандай жасы бейімді? 
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ? 
5 Тірі кезде диагнозды қалай қояды? 
 
 
Тақырып 33 Тауық аскаридозы 
Сабақтың  мақсаты:  Тауық  аскаридозы  қоздырушысы  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою  әдістеримен,  ем 
өткізу әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Тауық  аскаридозы  –  Ascaridiidae  тұқымдасына  жататың  Ascaridae 
gallinarum  нематодамен  шақырылады.  Сирек  қүрке  тауықтар,  цесаркалар 
және  павлиндер  зақымдалады.  Аскаридийлар  күстардың  ашы  ішегінде 
паразиттейді. 
Аскаридоз  –  тауықтардың  кең  таралған  гельминтозы,  елдің  әр 
зоналарында  тіркеледі.  Балапандар  өсу–өнуден  қалады,  өлім  байқалады, 
құстар организмінде витаминдер бұзылып және тауықтарда жұмыртқа салуы 
15 – 30% төмендейдеуі құс шаруашылығына зиян келтіреді. 

 
 
91 
Қоздырушының  морфологиясы.  Аскаридия  –  құстардың  ең  үлкен 
нематодасы.  Аталықтың  ұзындығы  3-7  см,  аналықтың  7-12  см.  Аталықтың 
екі бірдей жінішке спикуласы және кұйрық емізіктері бар. Аналығы піспеген 
ортанша  мөлшерлі  (0,077-0,047),  овал  тәрізді,  қоңыр  түсті,  жуан  тегіс 
қабатпен қапталған жұмыртқаларды бөледі. 
Қоздырушының  биологиясы.  Сыртқы  ортаға  ауру  тауықтардың 
нәжисімен  бірге  жұмыртқаның  көп  саны  бөлінеді,  соның  нәтижесінен  құс 
қораларының, 
жауляудың 
залалсыздануы 
байқалады. 
Аскарида 
жұмыртқалары  инвазиялық  сатысына  дейін  дамуы  сыртқы  ортаның 
температурасына және дымқылдығына байланысты болады. Температура 17° 
- та олар 25 күн ішінде піседі, 20° кезінде - 17 – 18, 25°- төғыз, 30° - жеті, 35-
39°- бес күннен кейін піседі. 
Құстар  аскаридозбен  алиментарлы  жолмен  зақымдалады  (инвазиялық 
жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтқан кезде). 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Құстың қандай жастары аскаридозбен аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Құстың қандай жасы бейімді? 
4 Паразиттер мөлшерің атаңыз ? 
5 Тірі және өлген кезде диагнозды қалай қояды? 
 
Тақырыбы 34 Етқоректілердің токсокарозы 
Сабақтың  мақсаты:Токсокароз  қоздырушысының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою  және  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Токсокароз - бұл ауру Anisakidae тұқымының, Ascaridata подотрядының 
нематодасымен қоздырылады. Токсокарлар жіңішке ішектің қуысында, кейде 
бауырдың өт жолдарында және сирек қарын асты безде паразиттейді. 
Қоздырушысы.  Toxocara  canis  —  сұр  –  сары  түсті,  аталықтардың 
ұзындығы  5—10  см,  құйрықтың  ұшы  майысқан,  онда  екі  бірдей  спикула 
болады,  аналықтардың  ұзындығы  10—18  см.  Бас  ұшында  кутикул  ярлы 
қанаттар болады.  Анап  (пищевод)  пен ішектің  арасында  асқазан болады,  ол 
бұл  түрдің  ерекшелігі  болып  табылады.  Жұмырқалар  (0,068—0,075  мм) 
доңгелек, сұрлау (20 сурет). 

 
 
92 
20 сурет. Иттердің аскаридалары 
а - Toxocara canis; б - Toxascaris Іеоnina; 1 – алдыңғы ұштар; 2 – аталықтардың құйрық 
ұштары 
 
 
Даму биологиясы. Токсокаралардың дефинитивті иелер  — ит, ақ түлкі, 
түлкі  және  кейбір  басқа  ет  қоректілер,  олар  сыртқа  гельминттердің 
жұмыртқаларын  шығарады.  Нематодалар  аскарида  типі  бойынша  дамиды. 
Жануар алиментарлы жолмен зақымдалады. Бұл паразитінің биологиясының 
ерекшеліктері    бар,  оларда  эпизоотологиялық  мәні  болады.  Ол  мынада,  ит 
зақымдалғаннан кейін 8 күні токсокара личинкаларының бір бөлімі бауырда, 
өкпеде, бүйректе, бұлшық етте және т.б. органдарда болады, бірақ олар онда 
дамымайды.  Және  де  личинкалар  ересек  иттердің  организімінде  көп  өмір 
сүреді.  Анадан  плацента  және  қан  арқылы  күшікке  беріледі.  Қалған 
личинкалар  келесі  буаздыққа  дейін  сақталады.  Бұл  процесс  ішкі  секреция 
бездерінің  гормондарын  реттейді  деп  санайды.  Күшіктерде  токсокарлардың 
личинкаларын өкпе мен бауырда табады. Трахея арқылы миграция жасағанда 
личинкалар 20 – 21 тәуілікте жынысты жетілу сатысына жетеді. 
Даму биологиясы.  Т. canis және Т. cati  бірдей. 
Эпизоотологиялық деректер. Личинкалар жануарда өмір қабілеттілігін 
зақымдағаннан  кейін  385  тәуілік  сақтайды.  Іштегі  төлдер  тек  қана 
буаздықтың 42 тәуілігінде зақымдалады. 
Патогенез және ауру белгілері.  Организмде личинкалардың көп болуы 
ішектің кілегей тамырларын, басқа органдарын және де плацентаны бұзады. 

 
 
93 
Ішектің,  өт  жолдарының  және  қарын  асты  безінің  бітелуі  болады. 
Личинкалар  иенің  органдарына  микроорганизмдерді  енгізіп,  содан  кейін  
гельминттердің  метаболизмінің  өнімі  аллергиялық  және  токсикалық  әсер 
тигізеді. 
Тәбеті  төмен,  жүдеу  және  т.б.  белгілер  байқалады.  Личинкалар  адам 
организмінде  ауыр  аллергиялық  реакцияны  тудыруы  мүмкін,  соның 
салдарынан  пневмония,  бұлшық  ет  аурулары,  астма,  бауырдың  ұлғайуы, 
кейде жүйке жүйесінің бұзылуы болуы мүмкін. 
Патологоаиатомические  изменения.  Токсокаралар  геморрагиялық 
энтерит,  язва,  кілегей  қабықшасының  атрофиясын,  ал  кейде  ішектің 
жарылуын тудырады. 
Диагностика. 
Тірі 
кезде 
Фюллеборн 
әдісі 
бойынша  
гельминтоовоскопияны өткізеді. Өлгенде ішекті ашып қарайды. 
Емдеу,  алдын  алу  және  күресу  шаралары  токсаскаридоз  кезде 
сияқты болады. 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Токсокарлар құрттардың қандай түріне жатады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Күшіктердің қандай жасы бейімді? 
4 Паразиттердің даму жолың айтыныз? 
5 Токсокарлар қандай тұқымдасына жатады? 
 
 
Тақырыбы 35 Етқоректің токсаскаридозы 
Сабақтың  мақсаты:  Токсаскаридоз  қоздырушысының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою  және  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Токсаскаридоз  -  Ascaridae  тұқымының,  Ascaridata  подотрядының  нема-
тодасымен қоздырылады. Локализациясы — жіңішке ішек. 
Қоздырушысы.  Toxascaris  leonina  —  сұр  –  сары  түсті,  бас  ұшында 
жіңішке бүйір қанаттары болады. Аталықтарының ұзындығы 4—7 см, оларда 
құйрығы келе-келе жіңішкерееді, құйрығында екі бірдей спикулалар болады. 
Аналықтарының  ұзындығы  6—10  см,  вульвасы  дененің  алдыңғы  бөлімінде 
ашлады.  Жұмыртқалар  дөнгелек,  қабығы  жуан,  тегіс,  ақшыл  –  сұр  түсті, 
диаметрі 0,075—0,085 мм (17, б сурет). 
Даму  биологиясы.  Токсаскаридалар  түзу  жолмен  дамиды.  3—6 
тәуілікте,  егер  оптимальды  температура  (30  °С)  және  керекті  ылғалдыдық 
болса,  жұмыртқадан  инвазиялық  личинка  дамиды.  42  тәуіліктен  кейін  ішек 
жолдарында    нематодалардың  жас  пішіндері  көріне  бастайды,  74  тәуіліктен 
токсаскаридалар  жұмыртқаларды  өндіре  бастайды.    Резервуарлы  иелер 
тышқандар. 

 
 
94 
Эпнзоотологиялық  деректер.  Токсаскаридоз  қоздырушысымен  3  –  6 
айлық  және  одан  да  үлкен  жануарлар  зақымдалады.  Антисанитариялық 
жағдайлар төмен болғандықтан бұл ауру өршие береді. 
Патогенез  және  ауру  белгілері.  Токсакарозге  қарағанда  клиникалық 
белгілер нашар білінеді. Бұл ауру кезде секреция, азықты қорыту және сіңіруі 
бұзылады. Содан анемия, жүдеу, кейде тәбеті болмайды. 
Иммунитеті зерттелмеген. 
Патологоанатомиялық өзгерістер. Токсокарозге ұқсас. 
Диагноз.  Тірі  кезде  нәжісті  Фюллсборн  әдісі  бойынша  зерттейді,  ал 
өлгенде ішектің гельминтологиялық ашуын жасайды. 
Емдеу. Нилверм ересек иттерге азықпен бір рет 0,020 г/кг, күшіктерге 
екіі рет 24 сағаттан кейін — 0,010 г/кг  1% сулы ерітіндісі ретінде (1 мл/кг), 
мысықтарға 0,01—0,015 г/кг береді. Тетрамизол гранулят 20%-дық иттермен 
мысықтарға  азықпен  бір  рет  0,05  г/кг.  Пирантел  тартрат  азықпен  бір  рет 
0,008—0,01 г/кг. Мебенвет гранулят 10%-дық иттерге 0,6 г/кг және т.б. 
Алдын алу және күресу шаралары. Үйшіктер таза және едендері торшалы 
болу керек. Жылына екі рет дегельминтизацияны өткізу керек және т.б. 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Иттердің қандай жастары токсаскаридозбен аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Токсаскаридобен иттер қандай жасы аурадыі? 
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ? 
5 Тірі және өлген кезде диагнозды қалай қояды? 
 
 
Тақырып 36 Қойлар мен ешкілердің гемонхозы 
Сабақтың  мақсаты:  Гемонхоз  қоздырушысының  морфологиясымен, 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою  әдісімен,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Гемонхоз  қоздырушысы  –Trichostrongylidae  тұқымдасына  жататың 
Haemonchus  contortus  нематодасы.  Жиі  гемонхустар  ұсақ  малдың 
ұлтабарында,
 
сирек  жінішкі  ішегінде  паразиттейді.  Гемонхтар  қанмен 
қоректенеді (гемофагтар). 
Клиникалық жақсы білінген гемонхоз СНГ-нің оң түстік жерлерінде таралған 
және қой шаруашылығына ұлкен зиян келтіреді. 
Қоздырушының морфологиясы. Haemonchus contortus – шәш сияқты, 
тірі кезінде қызыл түсті нематода. Ауыз қуысында бір хитин тәрізді тісі бар, 
ол сычугтың кілегей қабатың зақымдап қан құйылуды шақырады. Аталықтың 
ұзындығы  10  –  20  мм,  екі  қоңыр  түсті  спикуласы  болады.  Аналықтың 
ұзындығы  20  –  35  мм:  вульвасы  дененің  артқы  жағында  орналасқан, 
қақпақпен  жабылады.  Жұмыртқалары  ортанша  келген(0,08  –  0,085х0,04  – 

 
 
95 
0,045  мм),  пішіні  сопақтау,түсі  бозғылт,  сыртынан  нәзік  екі  контурлы 
қабықпен қапталған. 
Қоздырушының 
биологиясы. 
Гемонхтар 
трихостронгилидтік 
жолымен  дамиды.  Жануарлардың  нәжисимен  бірге  гемонхтардың 
жұмыртқалары  сыртқы  ортаға  шығып,  температура  25  –  30°С  кезінде 
жұмыртқалардың  ішінде  бірінші  сатылы  личинкалар  дамиды,  олар  14  –  17 
сағаттан кейін жұмыртқа қабығын тастап кетеді. Содан кейін личинкалар екі 
рет түлейді, 4-5 тәулік өткесін инвазиялық сатысына жетеді (үшінші сатысы). 
Қолайсыз  шарттарда  жұмыртқа  сатысынан  бастап  личинкалардың 
инвазиялық  сатысына  дейін  даму  мерзімі  созылады.  Сумен  немесе  азықпен 
инвазиялық  личинкаларды  жұтып  күйістілер  гемонхозбен  зақымдалады.  Екі 
апта бойы личинкалар сычугтың бездерінде орналасып, өседі, түлейді, содан 
кейін сычугтың немесе ашы ішектің куысына шығады да 17-20 күннен кейін 
толық  жыныс  сатысына  жетеді.  Гемонхтар  күйістілерде  7-10  ай  тіршілік 
етеді. 
Эпизоотологиялық    деректер.  Гемонхозбен  жиі  жаздың  сонында 
және күзде жаңа туған қозылары зақымдалады және өте қатты аурады. Қыста  
күйістілердің  зақымдалу  деңгейі  төмендейді.  Гемонхтардың  инвазиялық 
личинкалары  биік  тұрақтылығымен  және  қозғалдығымен,  тозандырғышқа 
биік тұрақтылыгымен сипатталады, бірақта малдың несебі оларға өте қауыпті 
болады, 
сондықтан 
қорада 
қойлар 
гемонхозбен 
зақымдалмайды. 
Дымқылдығы (жаңбыр, тұман, шық) жоғары кезендерінде олар шоптің үстіне 
шығады, сондықтан қойларға жеңілдік келтіреді. 
Патогенез.  Гемонхтар  –  гематофагтар.  Сычугта  және  ашы  ішекте 
паразиттеп  осы  мүшелердің  кілегей  қабатың  жарақаттайды.  Кілегей 
қабаттарыңа  механикалық  әсер  етіп  қан  құйюларды  және  жараларды 
тудырады,  паразиттер  токсиндерді  бөліп  асқорыту  және  жүйке  жүйелерінің 
бұзылыстарың шақырады. 
Клиникалық  белгiлері.  Инвазияның  интенсивтігі  жоғары  кезінде 
(паразиттердің жүздей немесе мыңдай) аурудың қатты клиникалық белгілері 
байқалады. Ауру малдар жүдеу болады, табыннан қалып қоя береді; іш өту, 
іш  қату  білінеді,  қан  қосылғаннан  нәжистің    түсі  қара  болады,  кілегей 
қабаттары  бозғылт,  жүні  сынғыш.  Кейін  жақ,  кеуде  астында  ісіктер  және 
жалпы  гидремия  білінеді.  1-3  айдасын  әлсізденуден  қажып  қозылар  өлімге 
ұшырайды. 
Патологоморфологиялық 
өзгерістер. 
Күйістілердің 
гемонхоз 
өлексесің  сойып  ашып  қарағанда  сычугта  паразиттердің  көп  санын  табуға 
болады,  олар  сычугтың  кілегей  қабығын  тығыз  киіз  сияқты  қаптаған,  қан 
құйюлылар байқалады. 
Диагнозды  малдың  тірі  кезінде  қоюға  өте  киын.  Кейбір  кезде 
диагнозды  аныктау  үшін  4-5  күн  бойы  личинкаларды  өсіреді.  Гемонх 
личинкаларында  16  ұршық  тәрізді  ішек  торшалары  және  қысқа  жінішке 
құйрық шеті болады. Соңғы диагнозды өлгеннен кейін өлексені сойып ашып 
немесе ұшаларды зерттеу арқылы және паразиттерді тауып қояды. 

 
 
96 
Емдеу  үшін  фенотиазин,  нилверм,  мыс  купоросын  қолданады. 
Фенотиазинды  жеммен  қосып  дозасы  0,5  г/кг  тірі  салмағына  береді. 
Жануарларға  дегельминтизацияны  тәнертен  азықтандыру  алдында  өткізеді. 
Фенотиазинмен емдеудің артынан несеп әқшіл-қызыл түске боялады. 
Нилвермді  су  ерітінді  түрінде  бір  рет  ауыз  арқылы  жеке  еңгізеді, 
дозасы  –  15  мг/кг.  Алдын-ала  дегельминтизацияны  қолайлы  ауа  райы 
аумақтарында  қыс  мерзім  күтімінде,    амалсыз  –  жылдың  әр  мезгілінде 
өткізеді. 
Алдын  -  алу  шаралары.  Қолайсыз  шаруашылықта  фенотиазинмен 
алдын-ала  дегельминтизацияны  регулярлы  өткізу  керек.  Жайляу  мерзімінде 
малды күн сайын жеткілікті фенотиазинның 1 бөлімінен және азық тұздың 9 
бөлімінен  тұратын  қосымшамен  азықтандырады.  Осы  шаралармен  бірге 
қозыларды ересек қойлардан бөлек бағады. 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Қойдың қандай жастары гемонхозбен аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Гемонхустар қайда паразиттейді? 
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ? 
5 Тірі және өлген кезде диагнозды қалай қояды? 
 
Тақырыбы 37 Қүйістілердің диктиокаулезі 
Сабақтың 
мақсаты: 
Қүйістілер 
диктиокаулезінің 
қоздырушысы 
құрылысымен, даму биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, 
ем өткізу әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
 
Қой  және  ешкі  диктиокаулезі  -  Dyctiocaulus  filaria  нематода 
қоздырады,  олар  қойдың,  ешкінің  және  жабайы  күйістілердің  кеңірдегінде 
және бронхтарында тіршілік етеді. 
Қоздырушы – ірі жіп тәрізді нематода. Аналығының ұзындығы 3-5 см, 
аталығының  –  5-10 см.  Гельминттердің  түсі әкшіл  келген,  ішегі  қара  сызық 
сияқты болып көрінеді. 
Паразиттерде  4  кішкентай  ауыз  қуысы  болады.  Спикулалары  қысқа,  қара-
қоңыр  түсті,  пішіні  етікке  үқсас  келеді.  Аналықтың  вульвасы  дененің 
ортасында ашылады. Жұмыртқалардың мөлшері 0,112 - 0,038 × 0,069 - 0,090 
мм және шыққан кезде ішінде дамыған личинкасы болады. 
Қоздырушының  биологиясы.  Жөтелген  кезде  жұмыртқалар  ауызға 
түседі,  оларды  малдар  жұтады.  Личинкалар  жұмыртқадан  өқпеде  шығуы 
мүмкін,  бірақта  бұл  процесс  иенің  асқорыту  жолында  өтеді.  Dyctiocaulus 
filaria-ның  I  сатылы  личинкаларының  ұзындығы  0,55  -  0,58  мм,  олар 
нәжіспен  бірге  сыртқы  ортаға  шығады.  Еркін  өмірсүретін  түрлері  сыртқы 
ортада  көректенбейді,  ішектегі  азық  гранулары  арқылы  өмір  сүреді.  1-2 
күннен кейін бірінші рет, ал 4-5 күн  өткесін – екінші рет түлейді. III  сатылы 

 
 
97 
личинкалары  сыртынан  қабықпен  қапталған.  Личинкалар  даму  үшін 
дымқылдық  керек,  27º  С  олар  тез  инвазиялық  сатысына  6-7  күн  ішінде 
жетеді.  Температура  5  -  10º  С  төмендегенде  даму  кезені  15  –  17  күнге 
созылады.  Инвазиялық  личинкалардың  белсенділігі  және  жылжымдығы 
төмен боп келеді. Құрғақ жағдайларда олар бірнеше күн өмір сүреді, бірақта 
дымқыл  жерде  бірнеше  ай  өмір  сүреді  және  температура  төмендеуіне 
тұрақты келеді. 
Жануарлар  инвазиялық  личинкаларды  азықпен  жұтып  зақымдалады. 
Личинкалар  үш  күн  ішінде  ішек  қабырғасына  еніп,  лимфа  тамырлары 
арқылы мезентериальді бездеріне жетіп дамиды, сол жерде төрт күннен кейін 
үшінші  рет  түлейді.  Личинкалар  лимфа  және  қан  тамырлар  арқылы  өқпеге 
барады  да,  капилляларда  тоқталып  олары    бұзады,  содан  кейін  альвеола, 
бронхиола және бронхтарға шығады. Толық жыныс сатысына 4 апта ішінде 
жетуі  мүмкін,  кейбір  кезде  3  –  4  айға  созылады.  Диктиокаулюстар  қой 
организмінде бірнеше айдан 1,5 – 2 жылға дейін тіршілік етеді. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Диктиокаулезбен  әсіресе  бір  жасқа 
жетпеген 
қошақандар 
аурады. 
Ересек 
малдар 
диктиокаул 
– 
тасымалдаушылар және инвазияның   көзі болып  есептеледі.  Ересек  малдың 
төлдерімен  бірге  үстағандықтан  ауру  тез  таралады.  Қошақандар 
диктиокаулезбен жайляуда ауру малдан зақымдалады. 
Патогенез.  Диктиокаула    личинкалары  және  ересек  паразиттер 
зақымдалған  малдың  организміне  механикалық,  токсиқкалық  және 
инокуляторлық  әсер  етеді.  Әсіресе  личинкалар  ішектен  лимфа  жүйесіне 
миграция  жасағанда.  Өқпеге  түскен    паразиттер  бронхтардың  жаңа-жаңа  
бөлімдерің  зақымдайды.  Қабыну  процесстер  организмнің  резистенттігін 
төмендетеді.  Жиі  паразиттер  бронхтарды  бекітіп  тастайды,  сол  арқылы 
аллергиялық реакциялар пайда болады. 
Клиникалық  белгілер  аурудың  басында  дұрыс  білінбейді. 
Зақымдалғаннан кейін  1-2 айдасын құрғак, ауырсыну жөтел, дем алу пайда 
болады,  әсіресе  бүл  белгілер  көшақандарда  жақсы  білінеді.  Мұрыннан 
кілегейлі    серозді  сүйықтық  бөлінеді.  Дене  температурасы  40,5-41ºС  дейін 
көтеріледі. Инвазия биік кезінде қан аздық,  арығу, ісінулер байқалады. Жиі 
іш  өту,  тәбеті  төмендейді немесе    бүкіл  жойылады.  Бағу  және азықтандыру 
жақсы  кезінде күйістілердің бүкіл ауру жасырын өтеді. 
Патологоанатомиялық  өзгерістері.  Негізгі  өзгерістер  өкпеде 
байқаладыжәне 
бронхиолиттермен,бронхит 
және 
перебронхитпен 
сипатталады.Өкпенің 
сыртын 
қарағанда 
зақымданған 
бөліктердің 
консистенциясықамыр 
(тесто)сияқты, 
түсі 
бозғылт 
және 
“мраморность”байқалады.Бронхтың  ішінде  паразиттің  көп  санын  табуға 
болады. 
Диагноз.  Жануарлардың  тірі  кезінде  гельминтоларвоскопиялық 
әдістерің өткізеді ол үшін Берман - Орлов немесе Вайда әдістерің қолданады. 
Тағыда аурудың негізгі белгісін - жөтелді еске аламыз. 

 
 
98 
Өлгенкезде  кеңірдекті  және  бронхтарды  ашып  диктиокаулез  паразиттерін 
табамыз.Өкпе  ұлпасында  орналасқан  жас  диктиокаулездерді  ұсату  және 
Берман әдісімен зерттеген соң таба аламыз. 
Емі.  Ірі  қара  малды  емдеу  үшін  нилверімді  ішке  1  пайыздық  су 
ерітіндісі түрінде,дозасы 0,015 г/кг жеке басқа береді.Топқа бергенде жемге 
қоспа  0,01 г/кг препаратын екі мезгіл арасына 24 сағат салып береді.Тағыда 
тетрамезол-  грануляты  қолданады,дозасы  0,05-0,075  г/кг  тірі  салмағына 
малдың  жасына  қарай  береді.Дәрі-дәрмекті  беру  алдында  12  –  сағат  аш 
ұстайды. 
Левамизолды  тері  астына  бір  рет  дозасы    0,017    г/кг  1  мл  50  кг  тірі 
салмағына. 
Алдын  -  алу  шаралары  жалпы  және  арнайы  шаралар  кешенінен 
тұрады. 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Диктиокаулезбен қандай жануарлар аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз және қай жерде меқендейді? 
3 Қоздырушы паразиттің қандай түріне жатады? 
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ? 
5 Өлген кезде диагнозды қалай қояды? 
 
Тақырыбы 38 Ірі қараның телязиозы 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Телязиоздар  -  конъюнктивит  -  кератитпен  білінетің  ірі  қара  малдың 
гельминтоздық  аурулар.  Бүл  аурулар  Thelazia    тұқымына,  Thelaziidae 
тұқымдасына,  Spirurata  подотрядына  жататың  нематода  түрлерімен 
тудыруланады. Thelazia rhodesi – конъюнктивальді қапшығында және үшінші 
қабық астында; ал Thelazia skrjabini және Thelazia gulosa – көз бузі және көз-
мұрын каналында тіршілік етеді. 
Қоздырушы  –  ұзындығы  21  мм  ұсақ    нематода.  Thelazia  rhodesi 
қоздырушының дене сырты көлденен сызылған. Ауыз тесігі кішкентай ауыз 
капсуласына  ашылады.  Аталығында  екі  бірдей  емес  спикуласы  болады.  
Thelazia  gulosa  –  кутикуласында  көлденен  келген  сызықтар  болмайды,  ауыз 
қуысы  кен  емес,  аталықтың  спикулалары  бірдей  емес;  Thelazia  skrjabini  – 
кутикуласының  беті  тегіс,  ауыз  капсуласы  кішкентай.  Аталықтың 
спикулалары бірдей. 
Аралық иелері – масалардың әр түрлері; Musca autumnalia (Украинада); 
Musca convexifrons және Musca amica (на Дальнем Востоке) жиі кездеседі. 
Қоздырушының  биологиясы.  Телязийлардың  аналықтары  тірі 
жылжымалы личинкалардың көп саның туады, олар көз жасына түседі және 
масалармен  –  аралық  иелермен  жұтылады.  3  –  4  апта  ішінде  масалардың 

 
 
99 
ағзасында личинкалар инвазиялық сатысына жетеді. Инвазиялық личинкалар 
масаның  құрсақ  қуысынан  шығып  тұмсығына  жылжиды.  Масалар  көз 
аумағына 
көнған 
кезде 
личинкалар 
маса 
тұмсығынан 
шығып 
конъюнктивальдік  қапшығына  енеді.  15  –  20  күн  өткесін  толық  жынысты 
аталық  және  аналықтарға  өседі.  Көзде  телязийлар  бірнеше  ай  бойы, 
кейбіреулері – бір жылдан аса өмір сүреді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет