®Компьютерде жұмыс iстеу үйiрмелерiн мектептегi сабақтар бiткен соң,1 сағат өткiзiп,тамақ iшiп,дем алып алғаннан кейiн ұйымдастыру қажет. ® Бастауыш мектеп оқушыларына арналған компьютерлiк техниканы қолдану үйiрмелерi аптасына 2 реттен жиi болмайды.Бiр үйiрме сабағының ұзақтығы 60 минуттан аспайды.10-15 минут компьютерде отырғаннан кейiн дене,көз гимнастикаларын жасауға арналған үзiлiс болады. Балалардың шаршауы компьютердегi өтетiн сабақтың сипатына байланысты болады.Ең тез шаршататын жылдамдыққа құрылған ойындар болып саналады.Сондықтан балаларды көп ойнатпауға тырысу керек.Компьютер алдында ұзақ отыру балалардың нерв жүйесiнiң жұқаруына,ұйқыларының бұзылуына,көздерiнiң шаршауына әкелiп соқтырады.Сол себептi компьютерлiк ойындарды сабақтың соңында 10 минут көлемiнде ғана өткiзсе болады.
Информатика кабинетінің 2016-2017 оқу жылына және келешекте істелетін жұмыстарының жоспары Кабинеттің өткен оқу жылына талдау жұмыстары