Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


 Қылмыстық іс жүргізудегі өз құқықтары мен мүдделерін және



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
3. Қылмыстық іс жүргізудегі өз құқықтары мен мүдделерін және 
өзге де құқықтар мен мүдделерді қорғап іске қатысушылар. 
Күдiктi 
– қылмыстық iс жасағаны туралы күмән келтiрiлген
Қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға 
дейiн жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚПК 64-бабы). 
Қылмыстық процеске қатысушы ретiнде күдiктiнiң iс жүргiзу 
дәрежесiндегi ерекшелiктерi мынадай: 
– ол алдын ала тергеу кезеңiндегi Қылмыстық процеске iсiне қатысушы 
болып танылады; 
– күдiктiнi ұстау сәтiнен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады 
ҚР ҚПК 131-бабы); 
– ұстап алынған адамның жеке басын тінту ж (ҚР ҚПК 132-бабы); 
– күдiктi уақытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚПК 134- бабы); 
– Қылмыстық қудалау органы күдiктi деп танылған тұлғаны
прокурордың санкциясына сәйкес жетпiс екi сағаттан 10 тәулiкке дейiн 
ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып 
тағуға дейiнгi кезеңде 10 тәулiктен де артық ұстауға құқылы. 
Күдiктiге қатысты мынадай қылмыс жолын кесу шаралары 
қолданылуы мүмкiн: 
– кетiп қалмау туралы қолхат, жекеше кепiлдiк, бақылауға тапсыру 
немесе қорғау, кепiлдеме алу, үйде тұтқынға алу, тұтқынға алу. 
Күдiктi өзiнiң не үшiн айыпталып отырғанын бiлуi қажет және өзiнiң iс 
жүргiзу құқықтарын пайдалануы қажет (өтiнiш беру, қорғаушы талап ету
т.б.). 
Айыпталушы
– жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзiне қатысты 
сотта жекеше айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам. (ҚР ҚПК 65-бабы).
Айыпталушы қылмыстық процестiң негiзгi қатысушысы болып 
танылады, оған қатысты қылмыстық iс қозғалады алдын ала тергеу iсi 
жүргiзiледi және сот талқылауы жүргiзiледi, сот үкiмi шешiледi. 
Iс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған сәттен бастап 
айыпталушы – сотталушы деп танылады, ал өзiне қатыс-ты айыптау үкiмi 
шығарылған айыпталушы – сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi 
шығарылған айыпталушы – ақталушы деп танылады (ҚР ҚПК 65-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет