51
хаттамаларында бар iс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сот iс-әрекеттерiнiң
барысы мен олардың нәтижелерiн көрсететiн сот отырысының хаттамасында
бар қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Дәлелдеме ретiнде қылмыс туралы, табыс етiлген заттар мен құжаттар
туралы, айыбын мойындап келуi туралы ауызша мәлiмдеу кезiнде жасалған
хаттамаларда, адамдарға олардың құқықтары мен оларға жүктелген
мiндеттердi түсiндiрулерде қамтылған iс жүзіндегі деректер пайдаланылуы
мүмкiн.
Құжаттар, егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар
баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы
болса, дәлелдемелер болып танылады.
Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да көрсетiлген мәлiметтердi
қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге Қымыстық іс жүргізу кодексінiң
125-бабында
көзделген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс
етiлген тергеуге дейiнгi тексерулердiң материалдары (түсiнiктеме және басқа
да көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актілері, анықтамалар, салықтық
тексерулер актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары), сондай-
ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер,
дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
Құжаттар iске тiркеледi және онда оның сақталуының бүкiл мерзiмi
бойында сақталады. Алынған және iске қосылған құжаттар ағымдағы есеп,
есеп беру үшiн және өзге де заңды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар
заңды иесiне қайтарылуы немесе егер ол iс үшiн залалсыз болса уақытша
пайдалануға ұсынылуы не олардың көшiрмесi берiлуi мүмкiн.
Құжаттардың
Қымыстық іс жүргізу кодексінiң
Достарыңызбен бөлісу: