47
таныстыру уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап
етiлген қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада жатқан уақыты
енгiзiлмейдi. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген алдын ала тергеу
мерзiмiн тергеушiнiң дәлелдi қаулысы бойынша:
- iстiң күрделiлiгiне байланысты аудандық және оған теңестiрiлген
прокурор - үш айға дейiн;
- iстiң аса күрделi болуына байланысты облыс прокуроры және оған
теңестiрiлген прокурор мен олардың орынбасарлары
- алты айға дейiн
ұзартуы мүмкiн.
Алдын ала тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек айрықша жағдайларда
iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып жол берiледi және Қазақстан
Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери
прокурор жүзеге асыра алады. Алдын ала тергеудiң
мерзiмiн ұзарту туралы
қаулыны тергеушi ауданның, облыстың прокурорына және оларға
теңестiрiлген прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын - бес тәулiктен
кешiктiрмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға
он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi. Iс қосымша тергеу жүргiзу үшiн
қайтарылған кезде, сондай-ақ уақытша тоқтатыла тұрған немесе
қысқартылған iс қайта қозғалған кезде қосымша тергеудi iс тергеушiге
түскен кезден бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi мүмкiн.
Мерзiмдi одан әрi ұзарту осы бапта көзделген
тәртiппен жалпы негiздерде
жүргiзiледi. Қылмыстық заңмен тыйым салынған iс-әрекеттi жасаған адам
анықталмаған iс бойынша iс жүргiзу мерзiмдерi қылмыстық жауаптылыққа
тартудың ескіру мерзiмiмен шектеледi.
Достарыңызбен бөлісу: