МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Жоспар:
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
*Жай герпес вирусы,этиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
*ЦМВ этиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
III.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Герпес вирустар тұқымдастығымен шақырылатын жұқпалы ауруларға мыналар жатады: жай герпес вирусы,желшешек-зостер,ЦМВ,Энштейн-барр вирусы және саркома Капоши.Герпес вирустары клетка ішілік паразиттерге жатады,олар бірнеше жылдар бойы немесе кейде өмір бойы орталық және шеткері нерв жүйесі ганглилерінің клеткаларында өмір сүреді.
Жай герпес вирусы: *Ауру көзі-ауру адам және сау тасымалдаушы *Жұғу жолдары:қарым-қатынас,парентеральды,ауалы-тамшылы,жыныстық,трансплацентарлы. *ДНК-дан тұрады *120-150нм диаметрі *вирус-сілекейде,қанда,зәрде,көбінесе адам организміндегі биологиялық сұйықтықтарда жиі кездеседі. *инкубациялық уақыты- 2-14 күн(орташа 6-7күн) *иммунитет-латентті қолайсыз жағдайда қайта білінеді
Клиникалық белгілері: Шырышты қабаттардың зақымдалуы:жиі 2-3 жастағы балаларда кездеседі.Инкубациялық кезең 1-8 күн.Жедел басталады.Дене қызуы көтеріледі39-40.Мазасыз,енжар,тамақтан бас тарту,жағымсыз иістің шығуы.Ауыз қуысының шырышты қабаттары қызарған,ісінген,көпіршіктер сары түсті сұйықтықтар болады.Көпіршік өте тез жарылады жара пайда болады,лимфа түйіндері үлкейеді. Көздің зақымдалуы-көбінесе терінің,шырышты қабаттардың зақымдалуымен жүреді.Фолликулярлы,катаральды немесе көпіршікті-жаралы коньюктивит дамиды.Жаңа туған балаларда катаракта,хориоретинит және увеит дамуы мүмкін.Жиі 6айлық пен 5жас аралығында кездеседі. ОНЖ зақымдалуы-энцефалит,менингит,менингиэнцефалит.Энцефалит пен менингит-герпестік нейроинфекцияның ең жиі кездесетін түрлері.Жиі жаңа туған балалар мен ерте жастағы балаларда кездеседі.ОНЖ зақымдалуы ерте жастағы балаларда жиі 1-к жайылған түрде болады.Ерекше ауыр жағдайларда өліммен аяқталады.