Тіндердің даму көзі эмбриональдық бастамалар болып табылады. Эмбриональдық бастамалар, өз кезегінде, ұрық жапырақшаларынан олардың дифференцировкасы кезінде пайда болады. Осының нәтижесінде бастамалардың осьтік кешені қалыптасады. Эмбриогенез барысында тіндік бастамалардан ұлпалардың түзелуі эмбриональдық гистогенез деп аталады. Гистогенездің механизімі күрделі және оның құрамына келесі компоненттер кіреді:
1. Жасушалардың бөлінуі
2.Жасушалардың өсуі
3.Жасушаның бағдарланған өлімі
апоптоз
4.Жасушалардың адгезиясы және жасушааралық байланыстар
5.Детерминация
6. Дифференцировка
7.Эмбриональдық индукция
8.Жасушалардың орын ауыстыруы (көшуі, миграциясы)
9.Жасушалардың сегрегациясы
Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
Жоғарыда айтылған гистогенез механизімінің нәтижесінде камбиальдық және камбиальдық емес тіндер түзеледі.Постнатальдық онтогенез кезінде құрамында дің (немесе камбиальдық) жасушалар сақталатын тіндер камбиальдық деп аталады. Бұл тіндердің гистогенезін қарапайым түрде келесі жолмен жүреді деуге болады: бөлінуден кейін жасушалардың бір бөлігі детерминацияға, дифференцировкаға ұшырайды, маманданады, содан кейін арнайы қызметтерін атқарады. Екінші топ дифференцияланбаған қалпында қалады да дің жасушаларының қызметін атқарады. Бірінші топтың жасушалары қартайғанда, өлгенде екінші топтың жасушалары бөліне бастайды, бір жасуша дифференцияланады, маманданады да өлген жасушаның орнына қызмет атқара бастайды, ал екіншісі дің жасуша қалпында қалады.Камбиальдық ұлпаларға дәнекер, эпителиальдық, бұлшық ет (жүректің бұлшық етінен басқа) тіндері жатады.
Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
Тіндердің құрамында дің (бағаналық) және дифференцияланған жасушалар болады.Дің немесе камбиальдық жасушалар қоршаған ортаның әсеріне орай әртүрлі бағытта дифференциялану қабілеті бар жасушалар ұрпағын бере алатын сирек бөлінетін жасушалардың популяциясы болып табылады. Дің жасушаларға келесі қасиеттер тән:
1. Өзінің популяциясының санын екі үрдістің көмегімен тұрақтандырады: сирек жүретін митоздар және жетілген жасушаға дифференциялану арқылы (дің жасушасы бөлінгеннен кейін біреуі дің жасушасы болып қалады, ал екіншісі — дифференцияланады).
2. Бұл көлемі кіші жасушалардың ядро мен цитоплазмасының арақатынасы жоғары деңгейде болады, цитоплазмасында аздаған жалпы органеллалары бар, жасушаның геномы дерепрессияланған түрде сақталады.
3. Дің жасушаларына зат алмасудың аутосинтетикалық түрі тән: олар өздерінің өмірін сақтау үшін ғана зат өндіреді.
4. Дің жасушалары әдетте зақымдаушы әсерлерге төзімді. Бұл қасиет митоздық тиыштық кезінде хроматиннің тығыз жинақталуымен қамтамасыз етіледі (гетерохроматин көбірек болады).
5. Әртүрлі бағытта дифференциялана алады