Микроскопиялық деңгейде құрылысын және даму көздерін анықтауға негізделген тіндердің жіктеуі XIX ғасырдың ортасында ұсынылды (А. Гассаль, А. Келликер, Ф. Лейдиг). Бұл жіктеуге орай тіндердің 4 түрін ажыратты:
Тіндердің осы төрт типін А.А. Заварзин екі топқа біріктіруді ұсынған: 1. Жалпы маңызды тіндер. Бұған эпителиалдық тіндер мен дәнекер тіндер жатады.
2. Мамандалған тіндер (бұлшық ет тіні мен нерв тіні).
Ол тіндерді келесі түрге бөлді
1. Жалпы тіндер
1.1 Шекарлық тіндер
2.2 Жүйке жүйесінің тіндері
2.1 Бұлшық ет жүйесінің тіндері
1.2 Ішкі орта тіндері
2.Маманданған тіндер
Эпителий тіні
Шектес, немесе эпителий тіндері сыртқы ортамен шектесетін беттерде (тері типті эпителий) орналасады, сондай-ақ қуыс мүшелердің қабырғаларын (ішек типтес эпителий) және дененің тұйық қуыстарын астарлайды. Тамырлары ішкі жағынан астарлайтын эпителий эндотелий деп аталады. Түтікше, қапшық және басқа құрылымдар пішіндес эпителий клеткаларының жиынтығы бездер (безді эпителий)түзеді. Эпителийлердің негізгі қызметі-жабын болу және секрет шығару.
Эпителий тінінің қызметі:
Шектеуші
Қорғаныштық
Қоректендіру
Секреторлық
Дәнекер тіні
Ішкі орта, немесе дәнекер тіндер. Олардың сыртқы ортамен тікелей байланысы жоқ, қасиеттері жағынан алуан түрлі және атқаратын ортақ қызметі-организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау (гомеостаз) негізінде бір топқа біріктірілген. Омыртқалылардың эволюциясы барысында ішкі орта тіндері түрлі бағытта дамыды: бір топ трофикалық және қорғаныш қызметін атқара бастады (сұйық тіндер-қан мен лимфа және қанжасаушы тіндер); басқа топ тірек қызметін атқара бастайды (талшықты дәнекер, шеміршек және сүйек тіндері). Бұл жіктеуді одан әрі жіктей беруге болады. Айталық, шеміршек тіні клеткааралық затының сипаты бойынша гиалинді, немесе шынытәрізді, талшықты, немесе фиброзды және серпінді талшықтар торы бар серпінді болып келеді.