Кафедра: Цитология,эмбриология және гистология


Сүйек тіні-беріктігі жағынан темір мен граниттен бірнеше есе асып түсетін бүкіл организмдегі ең қатты және мықты тін. Оның бұл қасиеті ізбес қабаттарымен қаныққан аралық затқа байланысты



бет7/8
Дата16.10.2023
өлшемі467,4 Kb.
#115646
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
630047.pptx

Сүйек тіні-беріктігі жағынан темір мен граниттен бірнеше есе асып түсетін бүкіл организмдегі ең қатты және мықты тін. Оның бұл қасиеті ізбес қабаттарымен қаныққан аралық затқа байланысты.

  • Сүйек тіні-беріктігі жағынан темір мен граниттен бірнеше есе асып түсетін бүкіл организмдегі ең қатты және мықты тін. Оның бұл қасиеті ізбес қабаттарымен қаныққан аралық затқа байланысты.
  • Дәнекер тінінің жіктелуі:

  • Негізгі дәнекер тіні
  • Қаңқа тіні.
  • Негізгі дәнекер тіндері екіге бөлінеді : 1)Талшықты(балбыр , тығыз , қалыптасқан , қалыптаспаған) .

    2)Арнайы қасиеті бар(Май , шырышты, ретикулярлы , пигментті).

  • Қаңқа тіні :шеміршек , сүйек тіні болып бөлінеді .Шеміршек гиалинді, эластикалық, талшықты .Сүйек пластинкалы, ретикулофиброзды,дентин боп бөлінеді .

Бұлшық ет тіндері

  • Бұлшық ет тіндері. Функционалдық белгісі-жиырылу қабілеті бойынша біріктіріледі. Жиырылатын элементтері бірнеше көздерден дамиды және құрылыстары әр түрлі болады.
  • Ішектің, несеп шығаратын жолдардың және т.б. қабырғаларындағы бірыңғай салалы бұлшықет тіні-еріксіз, баяу жиырылады, ішінде жіңішке жіпшелері-миофиламенттері бар ұршық тәрізді клеткалардан тұрады. Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшықет тіні адамның еркіне бағынады. Талшықтардың ішінде де көлденең-жолақты миофибрилдер түріндегі өзіне тән элементтері болады. Олардың жиырылу жылдамдығы аса жоғары. Жүректің бұлшықет тіні орналасуы мен құрылысы жағынан қаңқалық бұлшықет талшықтары фибрилдерінен өзгешеленетін көлденең-жолақты фибрилдері бар клеткалардан тұрады. Сонымен қатар жүрек етінің айырмашылығы-біздің еркімізге бағынбай, бірінші жиырылудан бастап өмір бойы соңғы жиырылуға дейін тынбастан жұмыс істеуінде. Көздің қарашығын тарылтып және кеңейтетін клеткалары бұлшықет тінінің жеке түрі болып табылады.

Нерв тіні

  • Нерв тіні. Нерв тіні нерв клеткалары мен қосалқы элементтерден-нейроглиядан, немесе, қысқаша глиядан (glia, грекше-желім) тұрады. Нерв клеткаларында екі түрлі өсінділер бар. Бір өсінділер тітіркенуді қабылдаушы аппараттардан клетка денесіне әкеледі және ағаш тәрізденіп тармақталады да, сондықтан дендриттер (dendron, грекше-ағаш) деп аталады.
  • Басқа өсінділер клетка денесінен шығады да, нерв импульсін қайсібір әрекет нәтижесін (эффект) беретін эффекторлық клеткаға өткізеді. Бұл өсінді нейрит деп аталады, ол көп қашықтыққа, кейде 1 метрден астам ұзындыққа, созылып жатады да, нерв талшығының осьтік цилиндрін құрайды, сондықтан оны аксон (axis, латынша-ось) деп те атайды. Аксон нейроглияның ерекше клеткаларынан құралған қабықшамен қапталған. Құрылысындағы ұсақ айырмашылықтарына қарай ақ (миелинді) және сұр (миелинсіз) талшықтар деп бөледі. Нерв клеткасы барлық өсінділері және олардың ұштарындағы тарамдарымен қоса нейрон (neuron, грекше-нерв), немесе нейроцит деп аталады. Нерв тінінің негізгі қасиеттері-тітіркенгіштік және өткізгіштік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет