Кафедра: Филология,журналистика және туризм



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата29.01.2017
өлшемі354,56 Kb.
#2971
  1   2   3

 

 

 

ҚАЙНАР университеті 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра:   Филология,журналистика және туризм  

 

 



   Автордың аты-жөні:  Сатыбалдиева Айнур Еркінбекқызы 

 

 

 

 

«Термин негіздері» пәнінен 

 

 

 

5В011700-«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 

   


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014ж 

 

 

 

 

 

Курс оқытушысы:            Сатыбалдиева Айнур Еркінбекқызы 

Байланыс телефоны:                 

 

Курс  пререквизиті:  студенттерді  терминология  мәселелерімен  терең  таныстыру. 

Терминологияның  қалыптасу  тарихы  мен  шығу  көздерін  ескере  отырып,  болашақ 

тілшілерге  оның  жасалу  жолдары  мен  түзілу  амал-тәсілдерін  үйрету.  Лингвистикалық 

терминдерге  қатысты  басты  ұстанымдарды  меңгерту;  оның  қазіргі  қоғамдағы, 

ғылымдығы алатын орны мен атқаратын қызметін саралап көрсету.  

  Постреквизиттер:  болашақ  тілші  мамандарды  терминологияның  ғылыми  негіздері 

мен қаруландыру, оның шығу тарихы мен, қалыптасу кезеңдері мен таныстыру, қазіргі 

жаһандану процесіне қатысты іргелі мәселелерді жан-жақты әрі терең түсінуге игі әсер 

етеді.  Себебі  қазіргі  тіл  білімінде  тілдік  құбылыстар  мен  фактілерді  дәстүрлі 

лингвистика  тұрғысынан  емес,  антропоцентрисиік  бағыттың  тереңдеуі  мен 

сипатталатын 

психолингвистика, 

этнолингвистика, 

социолингвистика, 

прагмалингвистика  т.б. салааралық ғылымдардың бой түзеп, ғылымдар жүйесінен орын 

алуы  мен  байланысты  туындап  жатқан  терминдерді  игеріп,  интерпретациялау-болашақ 

тілші  жастарымыздың  кезек  күттірмейтін  өмір  талабы  десек  болады.  Қазіргі  ғылыми 

техникалық прогресс нәтижелерінің, әсіресе ақпараттық технологияның дәуірлеп тұрған 

заманында  білікті қазақ мамандарын дайындау-кезек күттірмейтін мәселе. 

     


 Курстың  мақсаты:  студенттерді  терминология  мәселелерімен  терең  таныстыру. 

Терминологияның  қалыптастыру  тарихы  мен  шығу  көздерін  ескере  отырып,    болашақ 

тілшілерге  оның  жасалу  жолдары  мен  түзілу  амал-тәсілдерін  үйрету;  Лингвистикалық 

терминдерге қатысты басты ұстанымдарды меңгерту; оның қазіргі қоғамдағы, ғылымдағы 

алатын орны мен атқаратын қызметін саралап көрсету. 

 Курс міндеті:  

    -Лингвистикалық  терминдердің  өзінің  даму  тарихы,  өсу,  қалыптасу  жолы  қоғам 

дамуына сәйкес бірнеше кезеңдерден тұратындығын айқындау; 

     -қазақ 

тіліндегі  лингвистикалық  терминдер-терминжасамның  заңдылықтарына 

сәйкес,қоғамдық-әлеуметтік  қажеттіліктеріне  байланысты  дамитын  терминологияның 

көлемді саласы екендігін көрсету;  

     -Лингвистикалық  терминдердің  сөзжасам  заңдылықтары  негізінде  жасалған  тіл 

бірліктері болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері болатындығын дәлелдеу. 

     -Лингвистикалық  терминдер  жүйесін  құрайтын  лексика  дауысты  дыбыстардың 

ерекшеліктерін  меңгерту;  тақырыптық  топтарға  жіктеліп,  оларды  қалыптастырудағы 

белгілі ғалымдардың тарихи орнын көрсету; 

 -Қазақ  терминологиясының  жаңа  принциптерін  көрсетіп,  оған  қойылатын  талаптарды 

саралау; 

    -Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің жасалу жолдарын, тәсілдерін анықтау; 

     -филологиялық терминдердің лексикалық қабатын ашып көрсету.    

 

 Курстың  жалпы  сипаттамасы:  (мақсаты,  оқытудың  нәтижелері-білу,  үйрену  және  т.т. 

терминдердің пәндік және жалпы мәдени компетенциялары



 -Лингвистикалық терминдердің өзінің даму тарихы, өсу, қалыптасу жолы қоғам дамуына 

сәйкес  бірнеше кезеңдерден тұратындығы айқындалады. 



 -  Қазақ  тіліндегі  лингвистикалық  термин  терминжасамның  заңдылықтарына  сәйкес, 

қоғамдық  -әлеуметтік  қажеттіліктеріне  байланысты  дамитын  терминологияның  көлемді 

саласы екендігі көрсетіледі. 

 -Лингвистикалық  терминдің  сөзжасам  заңдылықтары  негізінде  жасалған  тіл  бірліктері 

болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері болатындығы дәлелденеді. 



-Лингвистикалық  терминдер  жүйесін  құрайтын  лексика  дауысты  дыбыстардың 

ерекшеліктерін  меңгерту;  тақырыптық  топтарға  жіктеліп,  оларды  қалыптастырудағы 

белгілі ғалымдардың тарихи орны көрсетіледі; 

-Қазақ  терминологиясының  жаңа  принциптерін  көрсетіп,  оған  қойылатын  талаптары 

сараланады; 

-Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің жасалу жолдарын, тәсілдерін анықталады; 

-Филологиялық терминдердің лексикалық қабатын ашып көрсетіледі. 

-Аталмыш  терминдердің  қазақ  тілі  лексикалық  жүйесіндегі  алатын  орны  мен 

ерекшеліктері көрсетіледі.    

Курстың саясаты: 

-сабақтан себепсіз қалмау; 

-сабаққа кешікпеу;  

-ұялы телефондарды сөндіру; 

-өздік жұмыстарды уақытында орындау; 

-оқу үрдісіне белсенді қатысу; 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Түсінік хат 



 

 Ғылым әлемінде терминологияның алатын орны ерекше. Ғылым мен 

техника  дамыған  сайын  көптеген  жаңа  ұғымдар  пайда  болып,  қазақ  тілінің  терминдік 

жүйесін  толықтырып  жатады.  Филология  саласына  байланысты  терминдердің  жасалуы, 

терминдік  жүйе  ретінде  қалыптасуы  тілдің  дамуымен  байланысты.  Лингвистикалық 

терминологияның  өзіндік  қалыптасу  тарихи  бар.  Сондықтан  да  оның  даму,  қалыптасу 

кезеңдерін, жасалу  жолдарын, олардың басқа терминологиялық  жүйелерден ажырататын 

өзіндік  ерекшеліктері  мен  терминжасам  тәсілдерін  анықтап,  саралау  аталмыш  пәннің 

басты мәселелерін қамтиды. 

       Сондықтан да терминологияны бұрынғыдай тіл білімінің бір саласы ретінде қарамай, 

оны  өз  алдына  дербес  ғылыми  пән  деп  қарау  қажеттігі  терминолог  ғалымдардың 

еңбектерінде  айтылып  жүр.  Термин  шығармашылығының  әр  түрлі  тәсілдерін  анықтау, 

қазақ  терминологиясының  қалыптасуы  мен  дамуының  ғылыми  прициптерін  белгілеу  -  

терминологияның  даму  бағытын  айқындаудың  ғылыми  негізі  болмақ.  Лингвистикалық 

терминологияны  арнайы  қарастыру  филологиялық  терминдердің  табиғатын  ашыуға, 

тарихи  орнын  белгілеуге,  шығу  көздерін  анықтауға,  өзіне  тән  сөзжасам  тәсілдерін 

айқындауға мүмкіндік береді. 


    Сонымен  қатар  сөз  бен  терминнің  айырмашылықтарын  көрсетуде  сөздің  лексикалық 

мағынасы  мен  терминологиялық  мағынасын  салыстыра  отырып  олардың  өзгешеліктерін 

анықтау бұл саланың өзіндік бағыт – бағдарын айқындайды. 

     Әр  түрлі  экстралингвистикалық  факторлардың  тікелей  әсеріне  туындап  жатқан  жаңа 

ұғымдар  тілдің  сөздік  құрамының  кеңеюіне  ықпал  етеді.  Бұндай  тілдік 

бірліктердіңтабиғатын  тану  ұғым  мен  сөздің  ара  қатысы  нәтижесінде  қалыптасқан 

терминнің  белгілері  мен  ерекшеліктерін  анықтауға  көмектеседі.Сондықтан  да 

лингвистикалық  және  экстралингвистикалық  факторлардың  әсерінен  пайда  болып 

жататын  терминологиялық  лексиканы,  оның  ішінде  лингвистикалық    терминология 

мәселерін зерттеп тану – бүгінгі таңдағы тілші мамандарға қойылатын басты талап және 

қоғам қажеттілігі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 



 

«Қазіргі қазақ тілі: терминология» пәнінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары. 

 

Тақырыптары  



лекция 

семинар 

СӨЖ 







1.  Термин  және  теминология  жайында  жалпы 

түсінік.  Термин  анықтамасы.Терминге  қойылатын 

талаптар мен шарттар. 





 

2.  Қазақ  терминологиясының  зерттелу  тарихы. 

Қазақ 

терминологиясын 



қалыптастыру 

мен 


дамытудың кезеңдері 



 

 



3.  А.  Байтұсынұлы  –  қазақ  терминологиясының 

атасы. 


А. 

Байтұрсынұлының 

терминжасам 

тәжірибесі. 



    2 



4.  Қ.  Жұбанов  және  қазақ  терминологиясының 

негізгі принциптері. 





5.  Мемлекеттік  терминология  комиссиясы  және 

оның термин қалыптастырудағы рөлі. 





6. Терминжасам көздері. 



7. Терминжасам және сөздіктер. 





8. Араб, парсы тілдерінен енген терминдер. 



9.  Орыс  тілінен  және  орыс  тілі  арқылы  енген 

интертерминдер. 





10.  Алғашқы  қазақ  баспасөзі  және  оларда  орын 

тепкен терминдер... 





11. Терминжасам жолдары мен тәсілдері. 

 



12.  Айқап  журналындағы  терминдік  мәндегі 

қолданыстар. 

 



13.  Жазу  және  терминологиялық  лексиканың 

жүйеленуі 

 



14. Терминжасамдағы аударманың орны. 

 



15.  Аймақтық  лексиканың  терминденуі.  Жалпы 

қолданыстағы сөздердің терминденуі. 

 



Барлығы 

20 

10 

30 

 

 

 

 

 

СӨЖ орындау мен тапсыру кестесі. 

 

 



№  Сабақтың 

тақыры 

бы 

СӨЖ-ге 

берілетін 

тапсырмалар 

Ағымда

ғы 

бақыла

у 

Ұсыныла 

тын әдебиеттер 

Бақылау 

түрі 

Тапсы

ру 

мерзі 

мі 

М/ 

балл 

1. 


Лингвисти

калық 


терминдер. 

Ж    Зерттеулерге 

шошолу 

 

 



 

 

Айтбаев  Ө.  Қазақ 



тілінің 

өзекті 


мәселелері. 

А.,2007.       

 реферат 

2-апта 


2   

2. 


 Аймақтық 

лексиканы

ң 

терминден



уі 

Анализ жасау 

 

Қайдаров Ә. Қазақ 



терминологиясына 

жаңаша  көзқарас. 

А., 1993 

 

 



Сурет,сызб

а түрінде 

3-апта     1 

 

 



3. 

Көнерген 

сөздердің 

терминден

уі. 

1.

 



сөздіктен 

мысалдар теру 

 

 

 



 

Қалиұлы  Б.  Қазақ 

тілінің  көкейтесті 

мәселелері. 

А., 

1997. 


Талдау 

материал 

 

  

 



4-апта 

 



 

4. 


Кәсіби 

сөздердің 

теминденуі 

Анализ жасау 

 

Айтбаев 


 

Ө.,  


Қалиұлы Б., 

Қайдаров Ә., 

Еңбектерін қарау.  

Талдау 


материалда

ры 


5-апта 

 

 



 

 



 

5. 


 Жалпы 

қолданыст

ағы 

сөздердің 



терминден

уі. 


2.

 

Зерттеулерге 



шолу 

 

 



Айтбаев 

 

Ө.,  



Қалиұлы Б., 

Қайдаров Ә., 

Еңбектерін қарау.  

реферат 


6-апта 



6. 

Қ  Жұбанов 

және  қазақ 

терминоло

гиясы. 

шолу 


 

 

 



Айтбаев 

 

Ө.,  



Қалиұлы Б., 

Қайдаров Ә., 

Еңбектерін қарау.  

конспект 

 

 

7-апта 



 

Ағымдағы 



бақылау 

 

 



 

 

 



20 

 

Аралық 



бақылау 

 

 



 

 

 



30 

 

Қорытынд



ы бақылау 

 

 



 

 

 



  

 

 



 

 

40 



10.   Барлығы 

 

 



 

 

         



 

 

 



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

Негізгі әдебиеттер: 

 

1.Айтбаев Ө. Қазақ терминдерінің дамуы мен қалыптасуы.. А., 1998. 

2.Айтбаев Ө. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А., 2007.  

3.Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша  көзқарас.А., 1993. 

4.Қалиұлы  Б. Қазақ тіліномің көкейтесті мәселелері. А., 2002 

5.Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. А., 1998. 

 

 

Қосымша әдебиеттер: 



 

1.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. А, 1992. 

  2. Қазақ тілі энциклопедиясы А., 1998. 

  3.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966. 

  4.  Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздері. А., 1977.  

  5. Әшімбаева Н. Көнерген сөздер – терминжасамның бітермир көзі.  А., 1997. 

  6. Ақаев С. Терминнің танымдық табиғаты. А., 2000. 

  7. Иванов В.В. Терминология и заимствование в современном китайском языке. М.,1973 

  8.  Фролова  О.П.  Словообразообразование  в  терминологической  лексике  современного  

китайского языка М.1981. 

  9.Қалиев Б. Названеие растении в казахском языке. Дис.Док. Фил. Наук. А.,1991. 

 10.Рустемов Л. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. А., 1982. 

 

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары. 

 

1.Лингвистикалық терминдер. 



2. Аймақтық лексиканың терминденуі. 

3. Көнерген сөздердің терминденуі. 

4. Кәсіби сөздердің терминденуі.. 

     5. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі. 

6. Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясы. 

     7. А. Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясының атасы. 

8. Терминжасам жолдары мен тәсілдері. 


9. Терминологиялық өріс. 

10. Орыс және орыс тілі арқылы енген интернационалдық терминдер. 

11. Аударма – терминжасамның бір тәсілі. 

12. Қазақ тіл білімі терминдерінің негізін қалаған көрнекті тұлғалар. 

13. Терминжасамның қазіргі кездегі өзекті мәселелері. 

14. Жаңа қолданысқа енген лингвистикалық терминдер. 

15. Термин сөздердің жасалу жолындағы айырмашылықтар. 

 

 



 

 

 

Термин негіздері арнаулы курсы бойынша дәрістер 

 

1-дәріс.  Термин  және  терминология  туралы  түсінік.  Терминге  қойылатын талаптар 

мен шарттар.  

 «Термин» сөзіне тоқталсақ. «Термин» сөзіне ғалымдарымыз әр түрлі анықтама берген. 

    «Термин» - рим мифологиясында шекара құдайы. Т. - терминалдар құрметіне арналған 

мейрам  дегенді  меңзейді.  Термин  шекара,  шек  деген  ұғымды  білдіретін  латын  сөзі  деп. 

1980 жылы Москвада жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедический словарь» 

деген  еңбекте  берілген  анықтамаға  Академик  І.Кеңесбаев  пен  профессор  Т.Жанұзақов 

қосыла  келіп  «Термин  –  ғылым,  техника,  сол  сияқты  тұрмыстың  белгілі  саласындағы 

ұғымдарды  дәл  атау  үшін  жұмсалатын  сөздер  мен  сөз  тіркестері»  деп  анықтама  береді. 

[7.с17]. 

«Термин (ағыл) дегеніміз – арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін 

жасалған (қабылданған, енген және т.б.) тілдегі арнайы (ғылыми техникалық т.т.) сөздер 

мен  сөз  тіркестері»,  дейді  О.С.Ахманова  [17.415]  В.Н.Прохорва  «Актуальные  проблемы 

современной  русской  лексикологии»  атты  еңбегінде.  «Термин  бұл  арнаулы  қолданыс 

саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын 

және  дифинициясы  (тиісті  ұғымның  анықтамасы)  бар  сөз  немесе  сөздер  тіркесі»  деп 

тоқталса. [18.10].    

Ал, белгілі совет ғалымы А.А.Реформатский термин дегеніміз – заттардың атауы мен 

дәл  ұғымын  білдіретін  арнаулы  өзінің  ерекше  қызметі  жағынан  шектелген,  ғылым  мен 

техника, саясат пен дипломатияда өте қажет сөздер екендігін атап көрсеткен. 

   Біздің  заманымыздың  терминологияға  қатысты  тиянақты  тұжырымдардың  үлгісін 

құраған  зерттеулерге  Ө.Айтбаевтың  ғылыми  жұмыстарын  жатқызуға  болады.  Ғалым 

Ө.Айтбайұлы 

терминология 

саласында 

А.А.Реформатский, 

В.В.Виноградов, 

Н.А.Баскаков, 

Г.В.Степанов, 

С.Г.Бархударов, 

О.С.Ахманова, 

И.Ф.Протченко, 

В.И.Сифоров,  Ю.Д.Демериев,  К.М.Мусаев,  Р.А.Будагов,  Л.И.Скворцов,  В.П.Даниленко, 

Т.С.Коготкова, 

Т.Л.Канделаки, 

А.В.Суперанская 

Б.З.Бунченко, 

В.Ф.Журавлев, 

И.Н.Волков,  Б.О.Орузбаев,  М.Ш.Гасымов,  Т.Бертагаев  т.б.  зерттеуші  ғалымдардың  ролі 

ерекше болды, - дейді өз еңбегінде.  

Ғалымның  термин  жайлы  анықтамасы  бойынша  «термин»  -  дегеніміз  ғылым  мен 

техниканың сан саласында пайда болып, қолданылатын арнайы лексика. Оған қойылатын 

басты  талап:  дәлдік,  қысқалық,  жүйелілік,  бір  мағыналық.  Олар  құрамы  жағынан 

негізінен, тілдік және тілдік емес болып екіге бөлінеді. Тілдік терминдерге түбір, туынды 

түбір, күрделі, қысқарған тіркесті терминдер жатады. Ал тілдік емес деп отырғанымыз  – 

неше  алуан  таңба,  белгі,  графикалық  символдар,  математикалық,  физикалық,  химиялық 

формалар және цифрлар. [1.38]. 



Әдебиеттер . 

Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997. 

Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998. 


Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша  зерттеулер.А,1966 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

 

2-дәріс.  Қазақ  терминологиясының    зерттелу  тарихы.  Қазақ  терминологиясын 

қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдері 

    Қазақ зиялылары 20-30 жылдары-ақ ұлттың ғылым тілін қалыптастыруды көздеген. Сол 

кездің  өзінде  ғылымның  негізі  қаланып,  арнаулы  салалардың  саралана  бастауы-сол 

салалардағы  арнаулы  ұғымдардың  қажеттілігін  туғызды.  Осы  кезеңде  жазылған 

оқулықтар  мен  түрлі  деңгейдегі  ғылыми  еңбектердің  авторлары  бұл  істі  өз  қолдарына 

алуларына тура келді. Терминдерді ұлт тілінде жасап, ұлт тілінің ғылым тіліне айналуын 

терең түсінген   А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының термин жасауда ұстанған 

принциптері  қазақ  тілінің  ғылым  саласындағы  қызметінің  қалыптасуына  үлкен  үлес 

қосты. Жалпы қазақ тілінде термин ісі 1912 жылы жарық көрген. Ахмет Байтұрсыновтың 

«Оқу  құралынан»  бастау  алады.  Сонымен  қатар:  М.  Жұмабаев  –  педогогика,  Ж. 

Аймауытов  –  психология,  Х.  Досмұхамедов  –  зоология,  физиология,  терминдерін 

қалыптастыруға белсене ат салысқанын көреміз. 

Сонымен  бірге    басқа  да  қазақ  оқығандары  ғылымның  әр  саласынан  ана  тілінде 

оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастады.  Қазақстанда мектептер ашылып, оқушылар 

оқуға тартыла бастаған кезден – ақ қазақ балаларының орыс тілімен қатар өз ана тілінде де 

оқу керектігін, ол үшін оқулықтар жасау қажеттігін көкейкесті мәселе деп санап. Аталған 

оқымыстылар  қазақ  тілінде  терминдерді  жасауға  және  кейбір  терминдерді  қазақ  тіліне 

аударуға  жол  ашты.  Соның  ішінде  бір  ғана  математика  саласының  терминдерін  алып 

қарасақ  1914  жылы  М.Дулатұлының  «Есеп  кітабы»;  1923  жылы  К.Жәлелұлының 

«Есептану», 2 бөлім;  1924 жылы С.Қожанұлының «Есептану құралы» I бөлім; 1928 жылы 

Е.Омарұлының  «Пішіндеме»  2  –  кітап  атты  еңбектері  математика  тілін  қазақша 

қалыптастыруға  өз  үлестерін  қосты.  Оған  дәлел  қазіргі  күндегі  математика  тілінде 

аударылмайтын  халықаралық      терминдер  деп  аталып  жүрген  атаулар  геометрия,  хорда, 

биссектриса,  диаметр,  радиус,  параллелограм,  трапеция  т.б.  1928  жылғы  Елдес 

Омарұлының «Пішіндеме» 2 – кітап атты еңбегінде геометрия - пішіндеме, хорда - керме, 

биссектриса  -  жарма,  диаметр  -  өре,  радиус  -  өріс,  параллелограм  –  қиықша,  трапеция  – 

қостабан  деп  аудармалары  дәл  атауын  тапқан.  Бірақ  бүгінгі  математика  ғылымында 

осындай 

кезінде 


аударылып 

баламалары 

дұрыс 

қаншама 


терминдеріміз 

қолданылмайтындығын көреміз.  

    Терминнің  көзі  -  білімде,  білімнің  негізі  –  терминде  жатқанын  кезінде  зиялы  қауым 

жақсы  түсінген,  білім    терминдерін  реттемейінше  халықты  таза  өз  тілінде  сауаттандыру 

қиынға  соғатынын  білген  Н.Төреқұлов  «Қазақ  тіліне  кіретін  жат  сөз  болса,  қазақтың 

тымағын киіп, жалпақ қазақ  сөзі болып кірсін» деп ұсыныс айтса [13.6]  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет