Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: метематика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде ай мен күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу, т.б. тәсілдерді ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Конфуцийщылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасындаа дүниеге келген. Ата-анасьшан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімте құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының жөне өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасьш дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бүл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әр түрлі сатыдағы топтардың болуы ол — әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің зандылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің» не екенін білмей жатып өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ. Керісінше, оның қарастыратын негізгі мөселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелер. Осыған орай ол мьнадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш үғым бірігіп, «дао» (дұрые жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет. «Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздык, көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Даосизм бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оньщ негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап». Даоцизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе, және ол Қытайдьң дамуымен әдептілікті жетілудірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүние танымдық ұғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы, «даоның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |