Антикалық философиясы
Сократқа дейінгі дүниеге келген алгашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпанның қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды. Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Аристотель өзінің «Метафизика» деген еңбегінде затгардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамаста», жалпы табиғатың жойылмайтындығын мәселе етіп көтергендердің ішіндегі біріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр жалғастырды. «Жер картасы», «Глобус» (бұл еңбектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі — апейронмен теңестірді.
Пифагор біздің дәуірімізге дейінгі V- I ғғ. аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Элладаға» ауыса бастады. Осы кезеңде Оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қанат жайдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |