Кафедра: Коммуналды гигиена кафедрасы Тақырыбы: «Сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық күзет аймағы»



бет3/4
Дата10.05.2022
өлшемі1,21 Mb.
#33854
1   2   3   4
Байланысты:
331351.pptx

Бірінші белдеуде:

- су көздеріне қатысы жоқ құрылыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады

- тұрғын және тұрмыстық- шаруашылық ғимараттарды орналастыруға, адамдардың тұруына, сонымен бірге қызмет жасайтын адамдардың тұруына тыйым салынады.

- улы химикаттарды және тыңайтқыштарды пайдалануға тыйым салынады.

- ғимараттар канализациялануы қажет, оның ағынды суларын жақын орналасқан канализация жүйесіне қосу керек не болмаса белдеуден тыс жердегі жергілікті тазарту құрылыстарына ағызылуы қажет.

- жер беті су көздерін пайдаланғанда белдеу аумағында кез келген ағынды суларды жіберуге, шомылуға, кір жууға, мал суаруға және судың ластануының барлық түрлеріне тыйым салынады. Акватория қоршалуы қажет, ал кеме жүретін суаттар жарығы бар бакендермен қоршалуы қажет.

Жер асты су көздерінің ІІ және ІІІ белдеуінде:

- су қабатын ластайтын қаупі бар ескі, іске аспай тұрған, кемістігі бар ұңғылардың барлығы анықталады, бітеледі не болмаса жөнделеді

- жаңа ұңғыларды қазу және жаңа құрылыстардың кез келген түрлерін жүргізу міндетті түрде жергілікті СЭС-пен келісіліп реттеледі

- ағынды суларды жер асты қабатына айдауға, қатты қалдықтарды жер асты қабатында жинауға және де жер асты суларын ластайтын болса жер қойнауында даярлау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.


  • жанар май материалдарының, улы химикаттардың, минералды тыңайтқыштардың қоймаларын, өндірістік ағынды суларды жинайтын орынды, қалдықтарды сақтайтын жерді орналастыруға тыйым салынады.
  • ІІ белдеу шекарасында бейіттерді, мал көметін жерлерді, ассенизация және сүзу алаңдарын, суғару алаңдарын, көң сақтағыштарды, силос орларын, мал және құс шаруашылық нысандарын орналастыруға тыйым салынады.

Жер беті су көздерінің ІІ және ІІІ белдеулерінде келесі шаралар жүргізілуі қажет:
  • Елді мекендер, сауықтыру мекемелері, өндірістік және ауыл шаруашылық нысандары үшін жер бөлуді шектеу және реттеу
  • Суаттарды ластайтын нысандарды анықтау және қорғау шараларының жоспарын құру.
  • СанПиН 4630-88 “Охрана поверхностных вод от загрязнения” құжатының талабына сай келмейтін ағынды суларды сумен қамтамасыз ететін су көздеріне құюға тыйым салу.
  • Жер асты су көздерінің СКА-ның ІІ белдеуіне орналастыруға болмайтын нысандарды, жер беті су көздерінің екінші белдеу аумағында орналастыруға тыйым салу.
  • Екінші белдеу аумағында су көздеріне суға түсуге, балық аулауға, туризм үшін пайдалануға тек қана белгіленген жерлерде СЭС мекемелерінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.



СКА-ның жобасының құрамына:
  • Мәтіндік бөлімі
  • Картографиялық материал
  • Жергілікті атқару мекемелерінің шешім жобасы кіреді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет