Мәтіндік бөлім – сумен қамтамасыз ету көзінің санитарлық жағдайы, су сапасының мерзімдік сараптамасы, жер беті су көздері болса- гидрологиялық мәліметтер, жер асты су көздері болса – гидрогеологиялық мәліметтер, су көзі айналасындағы құрылыстың келешегі жайлы мәліметтер, белгіленген ластану көздерін жою туралы шаралардың тізімі және оларды орындау мерзімін қарастырады.
Картографиялық материалдарға:сумен қамтамасыз ету көздерінің және оны қоректендіретін бассеиндердің (жер беті сулары болса) ағып келетін суларының СКА-ның ІІ, ІІІ белдеулерінің шекаралары көрсетілген жағдайлық жоспар, қоректену аймағының гидрогеологиялық кескіні (жер асты су көзі болса), СКА-ның І, ІІ, ІІІ белдеулерінің жоспары енеді.
Санитарлық шараларды:
СКА-ның бірінші белдеуінде коммуналды шаруашылық мекемелері орындайды.
СКА-ның екінші және үшінші белдеулерінде су көздерінің сапасын төмендететін нысандардың иелері орындайды.
СКА-ның І, ІІ, ІІІ белдеулеріндегі суды қорғау шараларының орындалуына жергілікті СЭС мекемелері мемлекеттік санитарлық бақылау жүргізеді.