Кафедрасы «Қаржы және есеп» Мамандығы:Қаржы 1-курс


Тұлғаның мотивациялық сферасы



бет2/7
Дата08.04.2023
өлшемі112,49 Kb.
#80475
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қадирбай Альбина Психология СӨЖ

Тұлғаның мотивациялық сферасы



Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процессі . Мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс "Адам нені қалайды?" "Ол неге ұмтылады?" деген сұрақтарына жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік - бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Адам тіршілік етуі, дамуы және жетілдіруі, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әртүрлі болады.
Қазіргі кезде қажеттіліктің материалдық (тамақ, киім, тұрғын үй, жылылық, т.б.) және рухани (қоғамдық өмірге, еңбекке, қарым-қатынасқа, білім алуға, шығармашылыққа, т.б.) түрлерін бөліп шығарады. Мұндағы қажеттіліктердің кез келген жіктелуі де шартты болады. Қажеттіліктер-адамның барлық психологиялық іс-әрекеті, оның ақыл-ойы, сезімі, еркі құрылатын ең басты негізі болып табылады. Қажеттіліктің заттану процесі дегеніміздің өзі - онын мотивке көшуі (трансформациясы). Субъект белсенділігінің бағыттылығы нәтижеге жетуі және жекелеген әрекеттің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелділігіне байланысты, мотив iс-әрекетті толық себептендіреді. Мотивтер қажеттіліктермен заттала отырып, бұл қажеттіліктер мотивтің бағыттылығын анықтайды. Бір адамның бойында сансыз көп қажеттіліктердің болуы мүмкін емес, бірақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлілігінен және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттіліктердің өзара әрекеттесуі бір-бірін күшейтеді немесе әлсіретеді, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуінің нәти- жесі аморальдық жүріс-тұрысқа әкеп соғуы мүмкін.
Жеке адамның мотивациясын анықтайтын шешуші фактор - ол өмірлік мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат саналы түрде анықталады, яғни болашақ нәтижені сөз арқылы алдын ала мақтау, әрекеттің бейнеленуі, оның мүмкін болар салдарының, жалғасуының бейнесі, аралық және соңғы нәтижелер бейнесі. Мақсат мотивацияның детерминалы ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерге қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді.
Мотив бұл адамның белгілі бір әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады. Мотивация механизмінің дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшеліктерін алдын ала анықтау мәселесінің маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше ерекшеліктері бар:
• адам мотивациясының шығу тегі әлеуметтік сипатта болады. Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірістің нәтижесі болып табылады (А.Н.Леонтьев, Мильман);
• адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы - қоғам қажетіне жауап береді;
• адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы ықпалдың әсері зор (Иванчук, Симонов);
• адам мотивациясы интеллектпен, сөйлеумен, санамен тікелей байланысты (Ковалев, Хекхаузен);
• адам мотивациясы ерік процестері көмегімен жүзеге асырылады:
• адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдык дербестігі организм қалпына байланысты болады;
• адам мотивациясының өмірлік алыс мақсаттарға бағытталуы (Баранидзе, Обуховский);
• iс-әрекеттің полимотивациялық сипаты мотивтердің қажеттіліктерге поливалентті қатынасы (Додонов, Имедадзе);
• икемділігі, өзара ауыспалылығы (Дилитекский).
Осы айтылған негізгі белгілердің арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында оның жүріс-тұрысының полимотивациялық феноменділігі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет