Кафедрасы «Қаржы және есеп» Мамандығы:Қаржы 1-курс



бет6/7
Дата08.04.2023
өлшемі112,49 Kb.
#80475
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қадирбай Альбина Психология СӨЖ

Фрустрация (латын сөзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады. Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы: сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардың барі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.
Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық - кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді». Құмарлықтың жағымды және жағымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, өнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Егер, адам өзін-өзі билей алатын күш-қуат тауып, жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлап, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін. Құмарлықты сана-сезімен басқарудың рөлін француз философы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше: «басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда барлығы да жаман.» Құмарлық туралы Флаубер былаша тұжырымдайды: «Құмарлыққа қарсы айтудың не қажеті бар? Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, өнердің, қысқасы барлығының қайнар көзі емес пе? Ал құмарлық туралы біршама сөз, бірақ барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы, бірақ онсыз тіршілікте, не өнер, не ғылым болмаған еді. Әрине құмарлықта сана-сезімнің белгілі бір бақылауында болуы тиіс. Әйтпесе, мағынасыз бір нәрсеге құмарлық сәтінде әрекет ету - дауыл кезінде теңізге жүзу дегендей, төтенше ескерту дұрыс болып шыға келеді. Бұл жерде тежелмеген құмарлық жөнінде айтылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет