Кафедрасы «Қаржы және есеп» Мамандығы:Қаржы 1-курс



бет5/7
Дата08.04.2023
өлшемі112,49 Kb.
#80475
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қадирбай Альбина Психология СӨЖ

Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көңіл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылса да бұлқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдайда өтеді. (Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай ұшқалақты лепірмелікке бармайды. Дені сау адамның аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рөлі кемігендіктен болады.
Стресс. Бұл ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын Канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:
1) Организмнің мазасыздануы.
2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.
3) Адам сыртан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады.
Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезінде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. өте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы, ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның пульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы төмендеп, адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Стресс адамның өмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамға қажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет