С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ
КАФЕДРАСЫ
Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша
ЕСЕП
2 курс студенті
Іштей
Оқу түрі
6В01301- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы (шифр, атауы)
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі»
Білім беру мекемесе атауы (іс-тәжірибенің өту орны)
«9» «мамыр» 2022 жылдан «20» «мамыр» 2022 жыл аралығы
Іс-тәжірибе мерзімі
Б ілім алушы Хасенова Жулдыз Азаматовна
қолы
Қорытынды баға _____________
қолы
ПБжМ кафедра
тарапынан іс-тәжірибе
жетекші _____________ Қилыбаева Г.К
қолы оқытушының аты-жөні
Өскемен қ, 20___ ж.
Педагогикалық іс-тәжірибе есебі
Білім алушы: Хасенова Жулдыз Азаматовна
Курс: 2
Факультет: Педагогика психология және мәдениет
Бөлімі: Педагогикалық білім және менеджмент
Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" КММ
Сынып: 4 «Б»
«9» «мамыр» 2022 жылдан – «20» «мамыр» 2022 жыл аралығында
Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында жоспарланған нақты міндеттер:
Мектеп және сынып ұжымымен танысу;
Сынып жетекшісімен және олардың нақты алдағы мақсат-міндеттерімен, жоспарларымен танысу;
Мектептің даму тұжырымдамасымен танысу;
Мектептің оқу тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысу, талдап зерттеу;
Сынып жетекшісімен әңгімелесу арқылы сынып ұжымының тауқыметін және атқарылып жатқан жұмыс бағыттарын анықтау;
Сынып ұжымының бас құжаттары,күнделіктері,сынып тізімі,сабақ кестесі,қоңырау кестесімен және барлық пәндер бойынша дәптерлерімен танысу;
Пән мұғалімінің сабағына қатысу;
Оқу жоспарын,пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарын, сынып жетекшінің тәрбие жоспарын оқып үйрену;
Стандарт талабына сай білім бағдарламасын меңгеру. Әр сабаққа қойылатын талаптарды (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) назарда ұстап, жүйелі түрде жүзеге асырылуын, бірлігін қалыптастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,практикалық дағды қалыптастыру.
Бірінші күні мектеп ұжымымен, сыныппен, сынып жетекшісімен таныстым . Мектептің жалпы ережелерімен таныс болдым. Соның ішінде: сынып тазалығы, оқушының тәртібі, оқу формасы, оқушылардың сабаққа қатысуы, олардың күнделіктерін тексеруді бақылауға алдым.
Мен өзіме берілген 4 «Б» сыныбының математика, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын және өзін-өзі тану пәндеріне қатыстым. Мұғалім сабақ жүргізу барысында көптеген әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру бағытында дарынды және нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуді үйретті. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың дарындылығын арттырып, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыстар атқаруды көрсетті.
Іс-тәжірибе барысында мен жалпылай оқыту, әңгімелесу, жазба жұмыстары және саралап оқыту, модульдік оқыту технологиясы сияқты әртүрлі оқыту формаларын жете түсіндім. Сонымен қатар, жылдың аяғы болғандықтан оқушылар БЖБ, ТЖБ жұмыстарын тапсыру барысында болды. Осы бақылау тапсырмалары барысында балалармен қалай жұмыс істеу керек екенің көрсетіп, үйретті.
Кейбір қиыншылықтар мен кемшіліктерін пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен бірге отырып шешілді. Мұғалімнің көмегімен болған қиыншылықтарды жоя білуді үйрендім. Қорыта келгенде, мен педагогикалық іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болып, балаларды тәрбиелеу әрі қызық, әрі қиын екеніне көз жеткіздім, және өзімді әлі де жан-жақты жетілдіру керек екендігін түсіндім.
Толтыру уақыты_____________
Білім алушы-практиканттың қолы____________Хасенова Жулдыз Азаматовна
Іс-тәжірибе жетекші: ____________Қилыбаева Г.К
Пән мұғалімі: ___________ Кошерова З.У
Кураторы: ___________ Қилыбаева Г.К
Достарыңызбен бөлісу: |