Кафедрасы


Қырым және Карпат таулары топырақтары



бет4/5
Дата29.09.2023
өлшемі189,15 Kb.
#111475
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қырым және Карпат таулары топырақтары

Қырым тауларында топырақтың қалыптасуы түрлі жағдайларда өтеді. Солтүстік беткейлерінде таулы қара топырақ дамыған. Орман белдеуінде құба таулы-орман топырақтары, 1100-1300м биіктікте шалғынды өсімдіктердің астында таулы-шалғынды, соның ішінде таулы-шалғынды қара топырақ тәрізді топырақтар таралған.Оңтүстік беткейлер Солтүстіктен топырақ түзілу жағдайымен күрт ажыратылады. Бұл беткейдің ауа-райы Жерорта теңіздікіндей – жазы құрғақ және қысы жұмсақ. Ең биіктікте тау-шалғынды топырақтар орналасқан. Орта белдеуде (300-1100-1300м) жалпақ жапырақты орманда құба таулы-орманды топырақтардан басқа қоңыр және бұзылған әктастар, мергельдер шөгіндісінде дамыған қызыл түсті топырақтар, ал сазды тақта тастар үстінде қалыптасқан сұр шиферлі топырақтар кездеседі.


Шығыс Карпат тауларында топырақтар жұмсақ ылғалды ауа райында қалыптасқан. Емен, шамшат және граб ағаштар астында құба таулы–орманды топырақтар қалыптасады. Олардың ішінде күлгінді және күлгінделген түрлері кездеседі. Орман белдеуінің жоғары жағында аз таралған таулы күлгін топырақтар орналасқан. Орман белдеуінен жоғары (1800-2000м) таулы шалғынды топырақтар кездеседі.Таулы топырақтарды игеруде топырақ қорғау шараларын кең қолдау қажет. Олар: орман қорғау, селге қарсы бөгеттер жасау, арнайы топырақты өңдеу жүйесін қолдау, жайылымдарды дұрыс пайдалану. Органикалық және минералдық тыңайытқыштарды енгізу, қышқыл топырақтарға әк салу, т.б. шаралар таулы топырақтарды ауыл шаруашылығында тиімді қолдануға жол ашады.
Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар:
Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған.
Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.
Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады.


Қорытынды

Республиканың шығысы мен оңтүстік — шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар – Шығыс Қазақстандағы Алтай тау- лары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жам- был облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары.Тау бөктерлеріндегі обылыстар жерінің аумағы —17,4 млн. га, яғни 6,6 % . Ал тау етегіндегі белдеу -16 млн. га, яғни республикамыздың жер аумағының 6 пайызына жуығы. Тау бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгейінен биіктіктің өзгеруіне байланысты топырақ түрлері де әртүрлі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет