ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
______________________________________________ кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:________________________________________________________________________
Орындаған: __________________________
Тексерген: ___________________________
Алматы 2020 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе.........................................................................................................................
II.Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары...............
2.2. Таулы топырақтардың жіктелуі.......................................................................
Қорытынды………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….
Кіріспе
Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.
Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.
Топырақтарды классификациялау қатарына жататын жұмыстар: классификациялау принциптерін айқындап алу; таксономиялық бірліктерді қалыптастыру; топырақ номенклатурасы жүйесін және оның атауын анықтайтын диагностикалық белгілерді анықтау.Топырақты классификациялау өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық классификациясы жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы мәселені шешуде жақсы жетістіктерге жеткен елдер Ресей мемлекеті (бұрынғы Кеңестер Одағы), Франция, АҚШ, Канада т.б.
Топырақ классификациясының негізгі бағыттары: экологиялық-генетикалық, факторлы-генетикалық, морфологиялық-генетикалық, эволюциялық-генетикалық т.б.Экологиялық-генетикалық топырақ классификациясын алғашқы болып В.В. Докучаев 1879 жылы ұсынып, 1886 жылы оны толықтырып жариялады. Ал 1895 жылы Н.М.Сибирцев осы классификацияға толықтырулар енгізді. В.В. Докучаев пен Н.М. Сибирцевтің генетикалық классификациясындағы қағидалар әлі күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ.
Қазақстандағы қабылданған топырақ классификациясы В.В. Докучаевтың экологиялық-генетикалық (географиялық-генетикалық) бағытына негізделген (К.Ш.Фаизов,2001). Бұл классификация топырақтың табиғи және тарихи дене, сонымен бірге өндіріс құралы екенін оның түзілуінің, құрылысының, құрамының, қасиеттері мен құнарлығының топырақ құраушы факторлардың өзара тығыз байланысының әсерінен қалыптасатынын ескереді. Топырақтың барлық табиғи қасиеттері–генетикалық қабаттары, биологиялық, физикалық-химиялық және басқа қасиеттері де ескерілген. Сондықтан осы классификация қағидалары Қазақстанда кездесетін көп түрлі топырақ жамылғысын жүйелеп топтауға қолайлы болып келеді.Қазіргі кезде топырақ классификациясын құру кезінде келесідей принциптер колданылады:
- классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және режимдеріне сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет;
-классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек;
-адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт;
- классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.
Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типі, типшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы (разряды). Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |