2.2. Таулы топырақтардың жіктелуі
Кавказ таулары топырақтары
Толық тік белдеулік Кавказ тауларының солтүстік беткейінде кездеседі. Қара теңіз тарапынан тік аймақтық қызыл және сары топырақтардан басталады. Биіктікпен олар құба орман топырақтары мен алмасады, олар сұр орман топырақтармен, сұр орман топырақтар таулы-орманды күлгін топырақтармен, олар таулы-шалғынды, таулы-тундралы топырақтармен алмасады.Каспий теңізі тарапынан топырақтар тау етегінен бастап келесі тәртіпте алмасады: боз (сұр) топырақтар; таулы қара-қоңыр, қара топырақтар; таулы орманды сұр, құба, күлгін топырақтар; 1800-2800 м биіктікте субальпі, 280-3500м биіктікте альпі таулы-шалғынды топырақтар; 3500 м биіктіктен мәңгі қар және мұз белдеуі басталады.
Таулы-тундралы топырақтар. Таудың ең биік жерлерінде орналасқан. Олар биік таулар климаты-қысқа өсу кезеңі, ауаның жоғары ылғалдылығы және төмен температурада қалыптасады. Бұндай жағдайда биологиялық және химиялық бұзылу баяу, ал физикалық бұзылулар жедел өтеді. Жоғары сатылы өсімдіктер жақсы дамымайды, ал мүк пен қына көп таралған болады. Микробиологиялық үрдістері қарқынды болмауы нәтижесінде өсімдіктер қалдықтары әлсіз ыдырайды. Сондықтан таулы-тундра топырақтарының жоғарғы қабаттарында толық шірімеген органикалық заттар-шымтезектер көп болады және қарашірінді құрамында фульвоқышқылдар мол кездеседі. Шымды қабаты жұқа, реакциясы қышқыл, сіңіру сыйымдылығы төмен болып келеді. Топырақ тастылығымен және қаңқалығымен ерекшеленеді.
Таулы-шалғынды топырақтардың жоғарғы қарашірінді қабаттары шымтезекті-шым, құба түсті, қарашірінді қабаты қалыңдығы 20-40см. А1 қабаты әлсіз шымтезектелген, құрылымы дәнді немесе шаңды-кесекті, темір тотығына байланысты жиі тот басқан түсті болады. Кейбір субальпі белдеулерінде орналасқан таулы шалғынды топырақтарда қарашірінді қабаттың қалыңдығы 50см-ден көп болуы мүмкін.
Таулы күлгін топырақтар-тауларда ең көп таралған топырақтар болып табылады. Олар көбінесе қылқан жапырақты ағаштар астында қалыптасады. Топырақ түзуші жыныс магматикалық жыныстар бұзылу нәтижесінде пайда болған түрлі қалыңдықты борпылдақ өнімдер. Шайылатын су режімі әсерінен, орман төсенішінің шіру нәтижесінде пайда болған қышқыл өнімдер минералдарды бұзып күлгінденген және иллювиалды қабаттар қалыптасуына алып келеді.Таулы күлгін топырақтардың құрылысы: А0–орман төсеніші, жиі мүк жамылғысымен кездеседі, қалыңдығы 5-10см, шымтезектелген, шала шіріген; А1-дөрекі қарашірінді қабат, қалыңдығы 3-5см, қарашірінді қышқылдармен қаныққан, қарашірінді мөлшері 4-10%, фульвоқышқылдар басым келеді. А2-күлгенденген қабат, ақшыл түсті, қалыңдығы 5-15см; В-иллювиалды қабат, қоңыр-құба, тығыздалған, қалыңдығы 20-25см. Топырақтың жалпы қалыңдығы 40-50см аспайды. Басқа таулы топырақтарға ұқсас аз қалыңдықты және қаңқалы. Топырақ қышқылды немесе күшті қышқылды (рН 4,2-5,0) жылжымалы алюминий мен темір мөлшері көп (41-кесте).
Таулы күлгін топырақтар келесі түрлерге бөлінеді: таулы орман қышқылды (жасырын күлгінді), таулы аз қалыңдықты бетінен күлгенденген, таулы күлгін (әлсіз, орташа-күшті-күлгінденген), таулы күлгін иллювиалді–қарашірінділі–темірленген және иллювиалді- қарашірінділі.Таулы құба орман топырақтары 3 типшеге бөлінеді: нағыз құба орман, күлгінденген құба орман және беткі қабаты қопаланған құба орман топырақтары. Құба орман топырақтары А0-А1-В(В1,В2)С қабаттарынан құралған. Таулы құба орман күлгінденген топырақтарының қабаттары күлгінделмеген топырақтарға қарағанда анық ажыратылып тұрады. Оларда А2-күлгіндеген қабат байқалады. Қарашірінді қабатының қалыңдығы 10-20см, құрылымы кесекті-дәнді немесе дәнді-жаңғақты. В1 қабаты-құба түсті, кесекті жаңғақты, тығыз, көп мөлшерде тас қосылмалары бар.А1-қабатында қарашірінді мөлшері 5-6%. Нағыз құба орман топырақтарында гумин қышқылдары басым келеді. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 30-40м-экв, негіздерге қаныққан, әлсіз қышқылды.Таулы сұр орман топырақтары А0А1-А1А2-В және С қабаттарынан құралған. А қабатында қарашірінді мөлшері 3-6% кейде 10-13%-ға дейін болады. Сіңіру сыйымдылығы 100г топыраққа 25-35м-экв.Топырақ реакциясы жоғарғы қабаттарда әлсіз қышқылды, төменгі қабаттарда бейтарапқа жақын (рН 6,0-6,5).
Таулы қара топырақтар лессті элювиалді-делювиалді және делювиалді-пролювиелді шөгінділерде шалғынды даланың түрлі шөптерінің астында қалыптасқан.
А0 ,А1В1 В2 ВК С генетикалық қабаттарынан құралған.
А-қабаты-күңгірт сұр немесе қара түсті, құрылымы дәнді немесе кесекті-дәнді Қарашірінді (А+В1) қалыңдығы 30-80 см аралығында, мөлшері 5-10% құрайды. Қара топырақтар тастар мөлшері көптілігімен ерекшеленеді. Сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақта 30-50мг-экв, негіздерге қаныққан, топырақтың жоғарғы қабаттары реакциясы бейтарап, төменгі қабаттары–сілтілі. Таулы қара топырақтар нағыз, күлгінденген, сілтісізденген және карбонаттыларға бөлінеді.
Таулы қара-қоңыр топырақтар өте құрғақ ауа-райында карбонатты жыныстарда жусан-селеу өсімдіктер астында қалыптасқан. Түзілуі және қасиеттері бойынша таулы қара-қоңыр топырақтар жазықтың қара-қоңыр топырақтарымен өте ұқсас. Олар жалғыз сортаңданбағанымен және кебірленбегенімен ерекшелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |