Кайкенова А. М., Даутова Ж. О. Мемлекеттік тілде ісқАҒаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағЫ



бет63/64
Дата26.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#143310
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
ІШКІ ҚҰЖАТ – кәсіпорынның ішінде жасалып, өз іштерінде пайдалануға арналған құжат.
Ү
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – құжат мәтінінің бір бөлігінің көшірмесі.
ҮЛГІ ҚҰЖАТ - 1. Бір текті сұрақтарды көрсететін және бірдей үлгімен құралатын құжат. 2. Мекеменің жұмыс тәртібін (типтік жарғы, типтік құрылыс) немесе оның жеке жақтарын (типтік келісім-шарт) және қызмет ерекшелігін көрсететін мекеменің бір атаулы құжаттарын құрудың үлгісі болып табылатын нормативті және басқару құжаты.
Ұ
ҰСЫНУжеке құрамды тағайындау, ауыстыру немесе қолдау көрсету туралы ережесі, сондай-ақ қандай да бір бірлікке жататын (бұйым, операция) өндірілген өнім, мекеме қызметіне қатысты белгілі бір әрекет немесе іс-шараны куәландыратын құжат.
ҰСЫНЫС - кәсіпорын атынан басқа кәсіпорынға бағытталған белгілі бір шарт бойынша келісім-шарт жасасуға дайындығы туралы жазбаша өтініш.
Ш
ШАҚЫРУ ҚАҒАЗ – жеке тұлғаға немесе мекемеге өзінің өкілін бір жерге жөнелту туралы ресми хабарлама.
ШАРТ құқықтық қатынасты белгілеу, өзгерту немесе тоқтатудың келісім-шарты.
ШАРТТЫ ХАТ – ілеспе хаттың бір түрі, мұнда шарттың жөнелтілу фактісі көрсетіледі.
ШЕШІМ – 1. Аса маңызды мәселелерді шешу мақсатында алқалық тәртіппен қабылданатын құқықтық акті. Сондай-ақ бірнеше әр түрлі органдар – алқалық және жеке басшы басқаратын ұйымдар шығаратын бірлескен актілер де шешім деп аталады. 2. Азаматтық мәселелерді сотта немесе даулы мәселені төрелік сотта шешу нәтижелері бойынша соттың немесе төрелік соттың қорытындысы бар құжат. 3. Жиналыстың, мәжілістің қарары.
Ц
ЦИРКУЛЯРЛЫҚ ХАТ – бір жіберушіден бірнеше адреске бағытталған хат.
Х
ХАБАРЛАМА – алда болатын іс-шара туралы хабарлайтын (мәжіліс, жиналыс, конференция) және соған қатысуды ұсынатын құжат.
ХАБАРЛАМА ХАТ – бір нәрсе жайлы хабарланатын немесе белгіленетін хат.
ХАТ мекемелер, жеке тұлғалар арасында байланыс құралы қызметін атқаратын мазмұны жағынан әртүрлі құжаттардың жалпылама атауы.
ХАТТАМА – жиналыс, кеңес, конференция және алқалық органдардың жиынында мәселені талқылау және шешім қабылдау барысында ретімен жазылып отыратын құжат.

Мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет