Жоспар
Кіріспе
Пәннің мақсаты мен міндеті
Құжаттау
Тілдерді дамыту – әрбір мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халқтардың рухани, мәдени бірлігінің ұйтқысы болып табылады.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 8-бабындағы «Тілдердің қолданылуы», 10-бабындағы «Құжаттарды жүргізу тілі»және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану аясын кенейту туралы» қаулысы мен осы қаулыға байланысты шыққан «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» бағдарламасы,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»негізінде жүзеге асырылады.
Пәннің мақсаты – – ресми құжат үлгілерімен таныстырып, дайын трафаретті құжаттарды сауатты толтыруға үйрету ресми құжаттарды қазақ тілінде жазуға дағдыландыру, бұқаралық ақпарат құралдарының құжаттарымен, дипломатиялық құжат үлгілерімен таныстыру, дипломатиялық терминдердің лексикалық мағынасын түсіндіру, меңгерту, байыту көзделеді.
Ең алдымен, көңіл бөлетін нәрсе – ісқағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру, тіркеу, қабылдау, ол бойынша жұмыс істеу, мұрағатқа дайындау т.б. өте қиын. Сондықтан болашақ маманды даярлау барысында бұл пәннің атқаратын рөлі зор.
Пәннің негізгі міндеті:
1) Іс қағаздарын қазақша жүргізудін мемлекеттіе құндылығын,әлеуметтік маңыздылығын,оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
2) Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
3) Іс қағаздарын жүргізудің тарих,саясаттану,мұрағат ісі,тіл білімі,педогогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мекеме жұмысынын сапалы болуы құжаттармен жұмыс жүргізуді дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Құжатпен жұмыс жүргізу қызметі фирма қызметкерлеріне – орындаушыдан мекеме басшысына дейін жауапты. Біреулер құжатты құрастырады, екіншілер оны ресімдейді және оны орындаушыға тапсырады,ал үшіншілер осы құжаттырды басшылыққа ала отырып, соның негізінде белгілі бір қаулы қабылдайды. Мекеменің күнделікті жұмысында әр түрлі сұрақтар бойынша құжаттар құрастырылады: бұйрықтар, қаулылар, хаттар, актілер, хаттамалар, шарттар, анықтамалар және тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |