Іс құжаттары – қарым- қатынас жасаудың тәсілі.
Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми- іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар.
Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз азаматтарымен және олардың бірлестіктерімен, содай- ақ мекемелер мен кәсіпорын ішіндегі азаматтар арасындағы ресми қатынастарда және шаруашылық субъектілерінің қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стилдері. Мұны кесте түрінде былай көрсетуге болады:
Ресми іс жүргізу стилі
|
Дипломатиялық стиль
|
Заң шығарушылық
стиль
|
Күнделікті іс жүргізу стилі
|
Екіншіден, ресми іс жүргізу әлеуметтік сананың ерекше формасы- құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы,мысалға отбасы қарым- қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай- ақ моральдық – этикалық ұйғарымдар тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.
Іскерлік қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. Құжат жасаушы бұл жағдайда компания президенті мен жүргізушісі, вице- президенті мен кеңес қызметтері, менеджер мен күзетшісі сияқты белгілі бір әлеуметтік рөлді орындаушы ретінде болады. Сондықтан қанда да бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік қарым- қатынастардың кәсіби түрде қажеттігін талап етеді.
№5 Дәріс. Басқару құжаттарын рәсімдеу тәртібі
Достарыңызбен бөлісу: |