Сұраныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатпен ғана жазылады: Мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау мақсатында жазылады.
Шағым хаттар. Белігі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады.Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілген фактілерге байланысты.Шағын хатта шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хаттар. Ведомостволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнетілетін хат.Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Жолдама хаттар. Құжат пен бірге жіберілтін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамын мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. Хатты жазып отырған онда келтірілетін фактілермен айтылатын мәселенің маңызына, мазмұнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп жеткізіп отырғандығыңызға назар аударыңыз. Әр бір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормандан ауытқымаған жөн.
Жеделхат (телетайпхаттар) ақпарат беру әдісі (телеграф) жағынан бірдей, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.
Жедел хаттың құрамына мыналар кіреді: қай санатқа жататыны туралы белгі (үкіметтік, халықаралық, жедел, санаты жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, апат) мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауызымды аамның қолы, мөр күні.
Жедел хаттың екінші данасы (көшірмесі) ұйымның іс қағаздарында сақталады.
Мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Сандар сөзбен сөзбен жазыылады, мәтін қысқа жинақылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмауы тиіс.
Халықаралық жеделхаттар орыс және латын қаріптерімен басылады.
Халықаралық жеделхат мәтіні 1,5 жоларалықта, баспа әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.
Халықаралық жеделхаттың мекен-жайы бөлімінде жеделхаттын санаты туралы белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің атауы көрсетіледі. Мәтінге ұйым басшысының қолы қойылады.
Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетеледі.
Телефонхат ( телефонограмма) – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алған құжат. Телефонхат бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек.
Телефонхат мынадай деректемелерді қамтиды: кәсіпорын атауы, құжат түрі, қабылдаушы, күні, индексі, мәтіні, қолы, жіберілу уакыты туралы белгі, телефонограмманы қабылдаған және берген адамның лауазымы мен аты жөні. Хат бірнеше қабылдаушы бойынша берілсе, онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмерлері қоса беріледі.
Телефонхатты берген кезде мынадай ережелерді сақтаған жөн: қарапайым және жедел хабар беру; жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру; қисыны күрделі мәтіндерді жібермеу; сирек қолданылатын сөздерді пайдаланбау; ұғынылуы қиын сөздердің әріптерін жеке-жеке атап беру. Әдетте,телефонхат арқылы кеңеске, кездесуге, тағы басқаларға шақыру жіберіледі.
Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды ұсыныстар жасаған құжат.
Ұйымның өз ішінде арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсітіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат атауы, жазылған орыны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі. Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, компьютерде теріліп, мекеме басшысы қол қояды.