Есте сақтаңыз! Кімге: - А.К. Айдароваға
- «Адал» АҚ-ның басшысы А.Темірбековке
- «Қайнар» университетінің ректоры А.Қарабаеваға
- Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Г.С. Құрманбайға
- Қаржы-экономика факультетінің деканы Ә.М. Вильмурға
Кімнен: Оқытушы Н.Досановтан
Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан
Орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Б. Тұмановадан
Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Өтініш кімнің атынан жазылады?
2. Қандай жағдайларда жазылады?
3. Өтініш негізінде қандай құжат дайындалады?
4. Өтініш қандай жағдайда ресми құжат болып есептелінеді?
№18 Дәріс. Өмірбаян Жоспар Өмірбаян туралы түсінік
Өмірбаянның түрлері
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат. Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Өмірбаян азат жолдан «Мен»– деп басталып, бірінші жақта, жекеше түрде баяндалады.
Тәжірибеде өмірбаян 3 түрлі болып жазылады.
Өмірбаянның бірінші түрі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) хронологиялық тәртіппен жазылады;
2) ресми стильде мәтін түрінде жазылады.
Өмірбаянның екінші түрі –мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.
Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылады.
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады.