Жалпы тәжірибеде мінездеменің 3 түрі бар. Олар: 1. Қызметтік мінездеме.
2. Аттестациялық мінездеме.
3. Жеке (функционалды) мінездеме.
1. Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған әмбебап формасы.
Мінездеменің бұл түрі қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Негізінен, бос орынға, оқу орнына, жоғары қызметке ұсынылғанда т.б. беріледі. Қорытынды бөлімі құжат мазмұнын түйіндейді.
2. Аттестациялық мінездемебелгілі бір қызметкерді қызмет орнын тексеру барысында комиссия құрамының жүргізген аттестация қорытындысына орай жазылады.
Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі нақты ұсыныс енгізіледі.
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі.
3. Жеке (функционалды) мінездемеадамның жеке басының мінезін, білімін, кәсіби шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін».
Жауапты адамның, яғни мінездеме иесі қызмет істейтін мекеме басшысының қолы қойылғаннан кейін, қажет болған жағдайда мөр басылады. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына мінездемемен таныстым деп жазып, қол қояды. Аты-жөнін, танысқан күнін де жазады.
Мінездеменің мақсаты: Жеке тұлғаның мінезін сипаттау.
Мінездеменің ерекшеліктері:
Басқа біреу тарапынан жазылады.
Үшінші жақта жазылады.
Ресми стильде жазылады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі.
Мінездеменің көлемі шағын, 1 беттен аспауы керек.
Құрылымы: 1. Құжаттың атауы.
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, орны.
3. Негізгі мәтіні:
а) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
ә) жеткен жетістіктері;
б) отбасы жағдайы;
в) жеке басының адамгершілік қасиеттері;
г) сын көтеру қабілеті.
4. Қорытынды.
5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы.
6. Мінездеме беруші туралы мәлімет.
7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл.
8. Қосымша.
Бұл құжатты төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.