талдау әдісі
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу жұмысының негізгі
құрамдас бөлігі ретінде
2. Ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау әдістері
3. Педагогикалық зерттеуде негізгі ұғымдарды сараптау
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу жұмысының негізгі
құрамдас бөлігі ретінде
Ғылыми әдебиетпен жҧмыс жасау - қандай да бір ғылыми-зерттеу
жҧмысының негізгі қҧрамдас бӛлігі, дайындық кезеңінің негізі. Ғылыми
әдебиетті оқу зерттелуші пән туралы бастапқы ақпарат алуға, оның
басқаларымен
байланысын
анықтауға,
зерттелетін
мәселенің
кемшіліктерін анықтауға жәрдемдеседі. Әдебиетті терең менгеру
зерттелетін пән туралы белгілі немесе белгісіз жайттарды айқындауда,
осыған дейінгі жасалған концепцияларды, жинақталған педогогикалық
тәжірибелерді тіркеуде, зерттелу нысанын нақты белгілеуде бағыт береді.
Ғылыми әдебиетті оқу - бҧл уақыт пен назар аударуды ғана емес,
сонымен қатар ғылыми ақпаратпен сауатты жҧмыс жасауды талап ететін
салмақты жҧмыс.
Әдебиет туралы мыңдаған кітаптар мен мақалалар жазылған, ал оны
оқу туралы – кем де кем. Ал бҧл қҧбылыстарды бӛліп жару мҥмкін емес.
Оқусыз кітап – бҧл қағаз ҥйіндісі ғана. Әдебиетсіз оқу – таза механикалық
қҧбылыс. Олар тек бірге ғана жанданып, мәдениеттілікке айналады.
Оқу дегеніміз – бҧл кітап мазмҧнымен танысу, автордың кітаптағы
ойын ҧғыну. Оқу – бҧл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің
ойын меңгеру.
Кез келген адам, ақыл иесі ретінде, ӛмір сҥруге және оған қоса ӛзінің
білімін жетілдіріп отыруға міндетті. Кітап ең мықты ой иелерінің
ойластырып, қҧрастырғандарының жақсысын береді. Сондықтан оқу әр
адам ҥшін қажет, оқусыз ӛмір мағынасыз ӛмір болып қалады. Конфуций:
«Ойланбай оқу – бекер еңбек; оқымай ойлау – қауіпті,» - деген. Ал
Сенека: «Қорғанды оқудан ізде, сен ӛмірдің барлық қайғы-қасіретінен
қҧтыласың. Кҥндіздің қамы тҥнде кҥрсіндіруін қояды, сен ӛз-ӛзіңе масыл
және басқаларға пайдасыз болмайсың,» - деп жазған.
Кітап, бізді кӛбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге,
ішкі ойлау кҥші арқылы біздің барлық ойлау және сезіну қабілетімізді
қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады (Пьер
Гито Вокелен). Кітап – ол дос, жҧбатушы, басшы, біздің тҥсініксіз және
белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға кӛмекші;
кітап ӛзінің мазмҧнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді.
58
Ӛздігінен оқу ӛздігінен білім алудың ең қолайлы жолы, ал кітап – ой
еңбегінің әлде қайда кең таралған қҧралдарының бірі болып табылады.
Бҥгінгі кҥндерге шейін А. С. Пушкиннің оқу – ол ең жақсы білім деген
ойы ӛзінің мағыналық тереңдігін жоғалтқан емес.
Кітап адамды бҥкіл ӛмірлік жолында қолдап жҥруі керек: мектепке
дейін отбасында, қазіргі кезде отбасылық оқу дәстҥрін қайта жаңғырту
тектен тек емес, отбасының ҥлкен мҥшелері баланы балалар әдебиетімен
таныстырғанда, оқуға деген сҥйіспеншілік пен қызығушылығын оятады;
мектепте, жоғары оқу орнында кітаппен жҧмыс істеу алдыңғы уақытта
ғылыми, кӛркем әдебиетті ӛздігінен оқуға баулиды.
Дегенмен кез келген адам, әсіресе жастар арасында дҧрыс кітап
оқуды біле бермейді, оқу мәдениеттілігінің элементтерімен таныс емес.
Оқудың қарапайым дағдылары, әрине, кез келген сауатты адамға тән,
бірақ бҧл дағдылар біз оқу ретінде тҥсінетін ӛте кҥрделі шығармашылық
процестер ҥшін тек негіз бола алады. Кейбіреулер оқуды тек кӛңіл аулау
деп тҥсінеді. Оларды әдетте сюжет бойынша не болып жатқаны немесе не
болатыны қызықтырады, бірақ оқиғаның қалай суреттелгеніне, автордың
қандай ой қозғағаны, суреттеушінің шеберлігіне кӛңіл аудармайды.
Кейбіреулер ғылыми және техникалық әдебиеттерді оқуды және жҧмыс
істеуді білмейді.
Кітаппен шындап жҧмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген
сҥйіспеншілігін мҧқалтса, енді біреулерді жҥйесіз, ойланбай оқуға әкеліп
соқтырады. Сондықтан, басылған шығарманы дҧрыс пайдаланып, одан
неғҧрлым кӛбірек пайда, сабақ алу ҥшін бір ғана оқудың техникалық
дағдысы жеткіліксіз. Ол ҥшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.
Ғылыми әдебиет қазіргі ғылымның жай-кҥйін, табиғаттың, қоғаммен
ойлаудың объективті заңдылығын сипаттайды.
Негізгі ғылыми мәтіндердің қысқаша сипаттамасын қарастырып
кӛрейік:
Монография - бір ғылыми кӛзқарас ҧстанған бір немесе бірнеше
автордың ғылыми еңбегі, бҧнда белгілі бір тақырып не мәселе
толыққанды зерттеледі.
Монографияда аталмыш мәселе бойынша ғылыми әдебиеттер
талданып сарапталады, ғылымның дамуына әсер ететін болжамдар мен
шешімдер ҧсынылады.
Кітапша - мерзімсіз аз кӛлемдегі басылым (халықаралық тәжірибеде
5-48 бет аралығында), азғантай кӛлемде, ғылыми - танымдық сипатта.
Ғылыми еңбектер жинағы - ғылыми ҧйымдармен оқу орындардың
зерттеу жҧмыстарын біріктіретін жинақ.
Мақала - зерттелетін мәселенің теориялық және қолданбалы мәнін негізге
ала отырып, жҥргізілген зерттеу жҧмысының нәтижесі мен әдісітемесін
бейнелейтін кіші кӛлемдегі ғылыми туынды.
59
Баяндама тезистері - ғылыми хабарламаның қысқаша мазмҧны.
Оқу құралы - оқу бағдарламасында және оқулықтарда қарастырылған
білімді толық меңгеруге, тереңдетуге арналған оқу кітабы; оқулықты
толықтырады немесе (жартылай немесе толық) алмастырады.
Қажетті әдебиетті іздеу - ҧзақ еңбек. Бҧның мәні зор, себебі
жарияланған деректердің толықтығына зерттеу жҧмысының сапасы
тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |