Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


)  Алынған ақпаратты өңдеу



Pdf көрінісі
бет37/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

2)  Алынған ақпаратты өңдеу 
        Алынған ақпаратты тіркеу әдісі. Ақпарат белгілі міндеттерді шешуге 
пайдаланылса,  ресурс  бола  алады.  Ақпарат  ақпарат  тасушыға  тіркеліп 
алынған сәттен бастап ресурс болады.  
        Ақпаратты  бастапқы  тіркеу  келесідей  болуы  мҥмкін:  кітап  бетіне 
белгілеп қою,     
! - ӛте маңызды; 
?-кҥмән тудырады, тҥсініксіз; 
v-негізгі, назар аудару; 
= -қорытынды, тҥйіндеме; 
В-кӛшіріп алу. 
       Ақпаратты  жоспар,  тезис,  қысқаша  мазмҧн  тҥрінде  тіркеп  алуға 
болады. 
       Жоспар - белгілі бір мазмҧндаманың қысқаша бағдарламасы; мәтіннің 
мағыналық  қҧрылымын  ҧсынатын    ойлардың  жиынтығы.  Жоспар  - 
«мәтіннің  қаңқасы»,  ол  деректердің  ҧсынылу  жҥйелілігін  бейнелейді. 
Кіріспе,  мақала  тақырыпшаларына  қарағанда,  жоспар  бӛлімдердің 
мазмҧнын  толық  береді.  Жоспар  тҥріндегі  жазбалар  оқылған  мәтіннің 
мазмҧнын  қайта  қалпына  келтіруде  ӛте  маңызды.  Жоспардың 
артықшылығы:  оқылған  нәрсені  жҥйелі  ҧсынатын    және  талдайтын  ӛте 
қысқа  жазба;  ақпараттармен  деректердің    мазмҧнын  адамның  есінде  тез  
қалпына  келіреді;  тезиспен  қысқа  ой  мазмҧнын  алмастырады;  жазбалар 
жасауға кӛмектеседі.  Берілетін мәлімет қана жоспардың тҧжырымдамасы 
деп 
аталады. 
Берілуі 
тиісті 
мәлімет 
қысқа 
ой 
желісінде 
тҧжырылымдалады.  
      Жоспар  негізгі  ойлар  жазылғанда  қарапайым,  ал  бӛлімшелермен 
тармақшаларға бӛлінген кезде кҥрделі болуы мҥмкін.   
Жоспар қҧрастыруда келесідей іс-әрекеттер орындалады. 
1. Мәтінді  қарап  шығыңыз  және  оны  аяқталған  ҥзінділерге  бӛліңіз.  Жаңа 
жолдар бағдар болуы мҥмкін, дегенмен ой қорытындысы әрқашан жаңа 
жолмен шектелмейді.  
2. Бастапқы 
сӛздеріне  сҥйене  отырып,  негізгі  ойды  анықтап, 
тҧжырымдаңыз; 
3. Тҧжырымдамаларды  нақтылап,  жҥйелі  тҥрде  жазып  алыңыз.  Егер  сіз 
мәтіннің  әр  мағыналы  бӛлігіне  сҧрақ  қойып,  жазып  алсаңыз,  сҧрақ-
жоспар жасай аласыз.  
Ой  желісі  -  белгілі  бір  оймен  пікірді  қысқа  ҧсынушы  ереже.    Олар 
мақҧлдау  не  теріске  шығару  ҥлгісінде  берілуі  мҥмкін.  Ол  мәтіннің 
мазмҧнын ашып, есте сақталуы тиіс нәрсеге бағдар береді.  
Ой желісін қҧруда жасалатын іс-әрекеттер мынадай болуы мҥмкін: 
1. Әр жаңа жолда мәтіннің мағынасын ашатын басты сӛзді белгілеу; 


63
 
 
2. Белгіленген  сӛйлемге  сҥйене  отырып,  жолдың  негізгі  ойын    жайылма 
сӛйлеммен тҧжырымдау; 
3. Негізгі ойды жҥйелеп, мағынасын тҧжырымдау; 
4. Әр ой желісіне дәлелдеме таңдау. 
Кӛшірме  -  тҥсіндірме  сӛздікте  «Кӛшіру  -  кітаптың,  жорналдың 
қажетті,  маңызды  бӛлігін  жазып    алу»  («таңдау»  деген  сӛзден).  Кӛшіріп 
алудың қиындығы - бір немесе бірнеше мәтіннің ішінен қажеттігін тауып, 
таңдау  болып  табылады.  Кӛшіріп  алу,  негізінен  әр  тҥрлі    дерек  кӛзінен 
мәлімет  жинау  кезінде  ӛте  ыңғайлы.    Кӛшіріп  алу  кітапты  немесе 
мақаланы  тҧтастай  оқып,  мағынасын  толық  ҧғынғанда  жасалады. 
Дәйексӛздерді  толық  кӛшіріп  алудан  сақтану  қажет.  Мәтінді  тҧтас,  яғни 
сӛзбе-сӛз және еркін кӛшіріп алуға болады.  
Кейде  жоспар  және  ой  желісі  тҥріндегі  жазбалар  мәліметті  толық 
меңгеруге  жеткіліксіз  болады.  Бҧл  жағдайда  ақпарат  конспект  тҥрінде 
ӛңделеді.  
Конспект  мақаланың,  кітаптың,  дәрістің  қысқаша  жҥйелі  мазмҧны.  
Оның  негізін  жоспар,  қысқа  ой  желілері  (тезис),  кӛшірмелер,  дәйексӛз 
қҧрайды. Конспект қысқа ой желісімен салыстырғанда, тҧпнҧсқаның ойын 
беріп  қоймай,  сонымен  қатар  ғылыми  еңбекте  бекітіліп,  дәлелденетін 
ойды бейнелейді.  
Конспектілеудің  сан  алуан  бірнеше  тәсілі  белгілі.  Кең  тараған  тҥрі 
мәтіндік  конспект,  яғни  кітап  мәтінінің,    мақаланың  жҥйелі  жазбасы. 
Конспектілеудің бҧндай тҥрі  деректің қисынын нақы  және неғҧрлым кӛп 
ақпарат береді.  
Конспектілер  жоспарлы  болуы  мҥмкін.  Ол  мақаланың  немесе 
кітаптың  жоспары  негізінде  жасалады.  Жоспардың  әр  сҧрағына 
конспектінің белгілі бӛлігі сәйкес келеді. Бҧл жағдайда сҧрақтың негізінде 
жасалған  жоспарды  қолдану  ыңғайлы.  Кітап  бетінің  сол  жағында  сҧрақ 
тҥрінде  кӛтерілген  мәселелер  жазылса,  оң  жағында  сол  сҧрақтардың 
жауабы беріледі. 
Оқылғандарды  сызбалық  жазба  тҥрінде  қолдану  ыңғайлы.    Сызба 
тҥріндегі конспект  мәліметті тек қана есте сақтау ҥшін қолданылмайды.  
Бҧндай  жҧмыс  ақпараттың  ең  қажеттісін    таңдап  алу  қабілетін  дамыту 
қҧралына айналады.  
Кең  тараған  сызбалар  «данышпандық  ағашы»  және  «ӛрмекші» 
болып табылады.  «Данышпандық ағашы» сызбасын негізгі кҥрделі ойды 
қҧрайтын  басты  сӛз  және  т.б.  қҧрап,  жҥйелі  тҥрде  «жоғарыдан-тӛменге» 
қарай,  яғни  ойды  қҧрайтын  жалпыдан  оның  жеке  қҧрамдас  бӛліктеріне 
қарай орналасады.  
«Ӛрмекші» сызбасында тақырып немесе сҧрақ «ӛрмекшінің денесін» 
бейнелейтін дӛңгелекке  орналасады.   Одан  кейін тақырыпқа  байланысты 
ҧғымдардың  ішінен  негізгісі  «ӛрмекшінің  аяғы»  бейнелейтіндей  сызбаға 


64
 
 
жазылады.  Тҧрақтылығын  кҥшейту  ҥшін  әр  «аяққа»  басты  сӛз  немесе 
сӛйлемді  кіріктіреміз. Сызбалар ең негізгі ҧғымдарға тҥсінік берілмейтін 
қарапайым  болуы  мҥмкін.    Бҧндай  сызба  деректерді  қиындықсыз  еске 
тҥсіру  мҥмкін  болған  жағдайда  қолданылады.Сызбада  мәтін  ҥзінділерін, 
тҥсіндірулер, тҥсіндірмелер, кӛшірмелерді қолдануға болады.          
Конспектілеудің  аралас  тҥрін  қолдануға 
болады. 
Бҧндай 
конспектілер жоғарыда келтірілген тәсілдердің барлығын біріктіреді.  
Конспектілеудің кез келген тҥрінде мынаны есте сақтаған жӛн:   
1. Жазбалар  жинақы  болуы  қажет,  бір  бетте  неғҧрлым  кӛп  мәтін 
орналастыру керек. Бҧл  мәліметті оңай қабылдауға мҥмкіндік береді.  
2. Жазбаларды  бӛлу  пайдалы,  бҧл  ҥшін:  тақырыбы,  жаңа  жолдар,  бос 
жолда қолданылады.  
3. Кӛркемдеуші  қҧралдарды пайдалану: конспект мәтінін сызып, белгілеу; 
негізгі  заңдарды,  ҧғымдарды,  ережелерді  және  т.б.  жіктемеге 
орналастыру;  жазба  жазарда  әр  тҥсті  қаламдар  пайдалану;  әр  тҥрлі 
ӛлшемдегі қаріпті пайдалану.  
4. Конспектіге  арналған  дәптерді  нӛмірлеп,  мазмҧнын  жасауға  болады. 
Бҧл қажетті ақпаратты тез тауып алуға мҥмкіндік туғызады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет