Сабақтың қысқаша мазмұны:
Минералды заттар алмасуы дегеніміз – заттардың сыртқы ортадан ас қорыту жолдары арқылы ағзаға еніп, сіңуі, мүшелер мен ұлпаларда жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа шығарылуы. Ағзадағы су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз байланысты. Олардың биологиялық маңызы алуан түрлі. Минералды тұздар жасуша, ұлпалардың құрамына кіреді. Минералдық заттар ағзада бос жəне байланысқан күйінде болады. Мысалы, сүйектің, шеміршектің құрамында олар көмір, фосфор жəне т.б. қышқылдардың бейорганикалық тұздары түрінде кездеседі. Көптеген элементтер биоорганикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Мысалы, темір - гемоглобиннің, миоглобиннің, каталазаның, трансфериннің құрамды бөлігі болса, ал фосфор - нуклеин қышқылдарының, көптеген белоктардың, фосфатидтердің, АТФ, АДФ жəне т.б. құрамына енеді. Күкірт - КоА-ның, глутатионның, амин қышқылдары – цистеин мен цистиннің молекуласына кірсе, йод қалқанша безінің гормонының құрамын құрайды. Ағзада минералдық заттар маңызды қызмет атқарады. Бұл олардың ағзадағы зат алмасу процестеріндегі орындарын айқындай түсуде. Мысалы, сүйек ұлпасы, жасуша мембранасы құралады. Олар жасушадағы осмос құбылысы мен қысымын реттеуге қатысады. Фосфор жəне қышқылының натрий жəне калий тұздары буферлік қасиет көрсетуінің нəтижесінде жасушаларда, ұлпаларда қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік тұрақталады, сутек иондарының концентрациясы өзгермейтін күйге келеді. 278 Жекелеген катиондар (Са, Mn, Mg,Zn) ферменттердің активаторлары жəне ингибиторлары болып келеді. Кейбір металдар витаминдердің, гормондардың жəне т.б. органикалық қосы лыстардың құрамына енеді. Мысалы: Кальций сүйек ұлпасының құрамында 98%-ға дейін фосфор жəне көмір қышқылды қосылыс түрінде сүйекте, қанда, лимфада кездеседі. Ағзада кальцидің 1%-ға жуығы ион түрінде кездеседі. Кальцийге ми мен бездердің жүйке жасушалары бай келеді. Кальций ағзада əртүрлі қызмет атқарады. Ол жарақаттанған жерде жарылған тромбоциттен бөлініп шыққан фермент тромбокиназаның қызметін жетілдіріп, протромбиннің тромбинге айналуын жеделдетеді. Ал тромбин қан сарысуындағы фибриногенді фибринге өзгертеді, ақыры фибрин шөгіп ұйиды. Оның қан ның ұюына, бұлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуына, көмірсулардың анаэробты жолмен ыдырауын жүргізетін жəне креатинфосфатты ыдырататын ферменттердің белсенділігін үдетуге активатор ретінде маңызы зор. Кальцидің ағзадағы алмасуы паратгормон жəне кальцитонинмен реттеледі. Натрий мен калий ағзада хлорид, қос көмір қышқылы жəне фосфор қышқылы тұздары ретінде кездеседі. Бұл иондар сұйық ортаның осмостық қысым мөлшерін сақтауға қатысады. Ағзаға натрий негізінен ас тұзы арқылы енеді. Натрий алмасуы өте қарқынды жүреді. Мəселен, бір тəуліктің ішінде сүйек пен қанда 30-40% алмасады. Калийдің асқорыту жолдарының барлық бөліктерінде сіңірілуі диффузия жолымен өтеді деген болжам бар. Іс жүзінде азықтағы калийдің барлық көлемі сіңіріледі, сөйтіп жалпы қанға араласып, бүкіл ағзаға тарайды. Натрий мен калий ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Темір ағзада органикалық емес жəне органикалық қосылыстар құрамында кездеседі, ол қандағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобиннің құрамына кіреді. Темір ағзадағы зат алмасу процестеріне маңызы зор, тотығутотықсыздану реакцияларына қатысады. Бұл реакцияларда темір жасушалар тіршілігіне əсері мол хроматиндер құрамына, гемоглобиннің гем құрамында қызмет атқарады. 279 Асқорыту барысында темір негізінен ащы ішекте сіңіріледі. Ағ зада темірдің алмасуы гипоталамустың орталығымен реттеледі. Темір азайғанда қанның қызыл түйіршіктері – эритроциттердің түзілуі əлсіреп, жасушалық метаболизмге қажетті оттегі жетіспейді. Бұл ауру, əсіресе, мыс жетіспесе, өрши түседі. Мыс қанда, бауырда, мида, аз мөлшерде бұлшық еттерде болады. Ол тотықтырушы каталаза, цитохром, аскорбиноксидаза жəне лактаза ферменттерінің құрамына кіреді. Ол гемоглобинді түзуге қатысады. Ағзадағы сұйық орталардың реакциясын бірқалыпты ұстап тұруда ондағы буфер жүйелерінің маңызы зор. Ағзаның сұйық ор тасында кездесетін буфер жүйелерді түзуге əртүрлі минералды заттар: бикарбонаттар, фосфорлы тұздар, аммоний тұздары, органикалық қышқылдардың натрий немесе калий тұздары қатысады. Тəулігіне адам ағзасына қажет минералды тұздардың мөлшері оның жасына, жынысына, сыртқы ортаның жағдайына, қозғалыс əрекетіне сəйкес өзгеріп тұрады. Ересек адамға тəулігіне орта есеппен 8 г - Na+ ; 3-5г - К+ ; 0,8 г - Са2+; 0,5г - Mg2+; 13-15 г - Ғе3+; 1,0 г - Р; 4 г - Cl иондары қажет. Ағзадағы тұздардың алмасуын реттеуге орталық жүйке жүйесімен қоса, бүйрек үсті, қалқанша бездері маңындағы бездердің гормондары қатысады.
Мырыш инсулин гормоны мен көптеген ферменттердің белсенділігін арттырып, өсіп жетілу, көбею процестеріне жан-жақты ықпал жасайды. Пролактин гормоны арқылы сүттілікке, фолликулин арқылы жыныстық қабілеттерге əсер етеді. Ағзадағы тыныс алу процесінің маңызды бөлшегі – көмірқышқыл газын шығаруды да құрамында мырышы бар карбоангидраза ферменті қамтамасыз етеді. Кобальттің активтілігі оның В12 витаминінің құрамына енуіне байланысты. Оның құрамында 4,5% үш валентті кобальт болады. Кобальт гидролитикалық ферменттердің активтігін арттырып, нуклеин қышқылдары мен қанның түзілуін жылдамдатады. Оның тікелей əсерінен сүйек кемігінің қан түзетін қабілеті күшейіп, эритроциттер гемоглобиндерінде темір сіңімділігі артады. 280 Марганец – ағзаға өте қажет микроэлементтің бірі. Ол тотығу процестерін жылдамдатып, ұлпаның тыныс алуына, сүйек құрылысына, қан түзілуіне, ішкі секрецияға ықпалын тигізеді. Марганец оксиді фосфорлану реакцияларына қатысады. Молибден ксантиноксидаза ферменті құрамында пурин алмасуына қатысады. Ағзаға азықпен енген молибденнің 20-30%-ы сіңіріліледі. Молибденнің ағзаға сіңіріліп, ұлпаларға жиналуына сондай-ақ сыртқа шығуына мыс – молибден – бейорганикалық сульфат жинағы күрделі əсер етеді.
Йод қалқанша бездерінің гормондары құрамында ағзадағы белок, май, көмірсулар, минералды заттар жəне су алмасуына əсер етеді. Сыртқы ортадан азық, су құрамымен иод жеткілікті түсіп тұрған жағдайда ғана, тиреоидтық гормондардың физиологиялық активтігі артып, олар тыныс алу жəне басқа да ферменттер арқылы жасушадағы тотығу, тотықтыра фосфорландыру реакцияларына, белоктың түзілуіне дұрыс əсерін тигізеді.