Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен



бет17/31
Дата02.05.2023
өлшемі454,93 Kb.
#88997
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Êàìáàðîâà À. À. Øåðèìîâà Ñ. Ê «Æàíóàðëàð ôèçèîëîãèÿñû æ?íå áèîõè

Сабақтың қысқаша мазмұны:
Глюкозаның гликолиз жолымен ыдырауынан басқа, жасушаға қажетті заттар түзетін тағы басқа жолдары бар. Солардың бірі - пентозофосфаттық жолмен ыдырау. Глюкоза осы жолмен ыдырағанда 2 ерекше зат түзіледі, олар:
НАДФН·Н+ , рибоза-5-фосфат. НАДФН· Н+ - химиялық энергияның тасымалдаушысы болып табылады жəне де ол энергияны өзінің тотықсыздандырғыш қабілеті арқылы жеткізеді. НАДФН·Н+ -тың бұл функциясы, əсі ресе, стероидтардың жəне май қышқылдарының биосинтезі жүретін ұлпаларда, сүт бездерінде, бауырда, бүйрек үсті қабаттарында өте маңызды орын алады. Рибозо-5-фосфаттың түзілуі нуклеин қыш қылдарының синтезі, көптеген коферменттердің түзілуі үшін маңызды орын алады. Глюкозаның пен тозофосфаттық жолмен ыдырауына қатысатын ферменттер цито зольде орналасқан. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауының бірінші реакциясы глюкозо-6-фосфаттың 6-фосфоглюконолактонға дейін дегидрленуі. Бұл реакцияның ферменті глюкоза- 6-фосфатдегидрогеназа.
1 ) Глю - 6фосфат 6 фосфоглюконо
лактат глюкозо-6фосфатдегидрогеназа, Mg2+
2) Екінші реакция - 6-фосфоглюконолактонның гидролизденуі. Бұл реакцияның ферменті - лактоназа.
1) Үшінші реакция - 6-фосфоглюкон қышқылының декарбоксилденуі. Бұл реакцияның ферменті - 6-фосфоглюконатдегидрогеназа. Глюкозо-6-фосфаттың тотығуы осы реакциямен бітеді.
Төртінші-бесінші реакциялар - рибулозо-5-фосфаттың изомераза ферменттерінің əсерімен рибозо-5-фосфатқа айналуы немесе эпимераза ферментінің əсерінен ксилулоза-5-фосфаттың пайда болуы.
Сонымен, НАДФН·Н+ көп қажет болғанда НАДФН·Н+ -пен қатар түзілетін рибозо-5-фосфат, гликолиздің аралық заттары фруктозо 6-фосфатпен глицеральдегид-3-фосфатқа айналады. Жасушадағы глюкоза-6-фосфаттың тағдыры НАДФН·Н+ -тың, рибозо-5-фосфаттың, АТФ-тың қажеттілігіне тəуелді болады. Бұл əртүрлі жағдайда болуы мүмкін. 222 I жағдай: Жасушада рибозо-5-фосфаттың қажеттілігі НАДФН·Н+ -тың қажеттілігіне қарағанда, əлдеқайда басым. Мұндай жағдайда глюкоза-6-фосфаттың біраз мөлшері гликолиз жолымен фруктозо-6-фосфатқа жəне глицеральдегид -3-фосфатқа айналады. Сонан соң фруктозо-6- фосфаттың 2 молекуласымен глицеральдегид-3-фосфаттың бір молекуласы трансальдолаза жəне транскетолаза ферменттерінің қатысуымен рибозо-5- фосфаттың үш молекуласын түзеді. ІІ жағдай: НАДФН·Н+ пен рибозо-5-фосфаттың жасушада қажеттілігі бірдей болуы мүмкін. Бұл кезде глюкоза-6-фосфаттың бір молекуласынан рибозо-5-фосфаттың бір молекуласы жəне НАДФН·Н+ екі молекуласы түзілетін глюкозаның пен тозофосфаттық жолмен ыдырауының бірінші кезеңі басымырақ жүреді.
ІІІ жағдай: НАДФН·Н+ -тың жасушаға қажеттілігі рибозо-5- фосфатқа қарағанда əлдеқайда басым. Бұл жағдайда үш түрлі реакцияның белсенділігі байқалады. - Пентозофосфаттық жолдың бірінші тотығу кезеңі, бұл кезеңде екі НАДФН·Н+ жəне бір рибозо -5-фосфат түзіледі. - Рибозо-5-фосфаттың фруктозо-6-фосфат пен глицеральдегид-3-фосфатқа айналдыратын транскетолазалық жəне трансаль долазалық реакциялар. - Фруктозо-6-фосфатпен глицеральдегид-3-фосфаттың глюкоза-6-фосфатқа айналуын жүргізетін реакциялар. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы кезінде басқа синтездік реакцияларға қажетті НАДФН·Н+ жəне рибозо5-фосфат сияқты заттар түзіліп, бұл процестің екі жақты, яғни амфиболиттік рөлін байқатады. 1. Осы жолмен түзілген кейбір заттардың гликолизге қатысу нəтижесінде энергия түзіліп, бұл жолдың энергетикалық рөлін сипаттайды. 2. НАДФН·Н+ жəне рибозо -5-фосфат басқа заттардың синтезіне қатысып, бұл жолдың синтездік рөлін көрсетеді: 223 - улы заттар мен дəрі-дəрмектерді залалсыздандыруға қатысады; - май қышқылдарының синтезі мен қор заты жəне құрылымдық майлардың синтезіне қатысады; - холестерин, өт қышқылдары, стероидты гормондардың, D витаминінің синтезіне қажет; - аммиакты залалсыздандыру реакцияларына қажет. Рибозо-5-фосфат гистидиннің, ңуклеозидтердің, ңуклео тидтердің, нуклеотидтік коферменттердің, ДНҚ жəне РНҚ синтезіне, олигонуклеотидтердің синтезіне түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет