Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен


Кіріспе Биохимия (биологиялық химия)



бет2/31
Дата02.05.2023
өлшемі454,93 Kb.
#88997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Êàìáàðîâà À. À. Øåðèìîâà Ñ. Ê «Æàíóàðëàð ôèçèîëîãèÿñû æ?íå áèîõè

Кіріспе
Биохимия (биологиялық химия) – тірі ағзалардың құрамына кііретін химиялық табиғи заттардың құрылымын, өзгерісін жəне тірі материяда болатын химиялық реакцияларды молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым. Сондықтан да биологиялық химияны – тіршілік химиясы деп атайды. Биохимия үш бөлімнен тұрады: Статикалық биохимия – ағзаның химиялық құрамына анализ жасайды; Метаболиттік биохимия – ағзадағы энергия жəне зат алмасуын зерттейді; Функционалды биохимия – тіршіліктің əртүрлі өзгерістерінің процестерін зерттейді. Биохимия зерттеу түріне қарай шартты түрде жануарлар жəне адам биохимиясы, микроағзалар биохимиясы жəне өсімдік биохимиясы болып бөлінеді. Биохимия өз бетімен ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады, ал ХХ ғасырда дербес ғылым болып орнықты, əсіресе, соңғы 80 жыл ішінде биохимия саласында көптеген жаңалықтар ашылды, ал қазіргі кезде ол молекулалық жəне электрондық деңгейде дамып келеді. ХІХ ғасырдың басында К. Шееле табиғат өнімдерінен глицеринді, лимон, сүт, қымыздық жəне несеп қышқылдарын бөліп алды. И. Руэль адамның несебінде несеп нəрін, Ю. Либих – гиппур, ал А. Маргграф фосфор қышқылдарын ашты. Өт құрамынан холестерин табылды. А. Маргграф қант қызылшасынан сахарозаны анықтады. К. С. Кирхгоф 1814 ж. сұлы дəндерінің əсерінен крахмал дың қанттануы ферментативті процесс екенін жазды. XIX ғасырдың ортасында басқа ферменттер табылды: сілекей амилазасы, асқазан сөлі - пепсин, ұйқы безінің сөлі - трипсин жəне т.б. қызметін зерттеу. Осы жасалған зерттеулер бойынша биохимия даму сатысына қарай негізгі зерттеу бағытында өз шешімін табуда. Қазіргі микробиология, биогенетика, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі толығымен биохимиямен байланысты. Əсіресе, тамақ өнеркəсібі өз құрамына енетін заттарды зерттеп қана қоймай, оларды молайту, қолдан жасау жолдарын керек етіп отыр. Мəселен, жас бала жəне жолаушы мен космонавт үшін қуаты əлдеқайда күшті тағам керек. Осы қоректік заттардың негізгі үш компоненті - белоктар, майлар жəне көмірсулар, əсіресе, бағалысы белоктар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет