Изотоникалық, гипотоникалық және гипертоникалық ерітінділер.
Осмос, осмос қысымдарының биологиялық процестер үшін маңызы.
Сабақтың мақсаты және міндеті, қабілеттілігі, бейімделуі, құзыреттілігі: Осмос құбылысы мен осмостық қысым жөнінде толық мағлұмат беріп, оның биологиялық маңызын түсіндіру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Осмос – еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанд төмен. Таза еріткіш жағынан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі. Сыртқы ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе теңдік күй орнайды. Мұндай тепе теңдік ке сәйкес келетін қысымды осмостық қысымы деп аталады. Осмос қысымы – осмосты тоқтату үшін ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен осмос қысымы деп ерітіндіні еріткішпен тепе теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірілетін қысым.
Осмостық қысым - ерітінді диффузиясы кезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімді мембранаарқылы тудыратын асқын қысымы. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады.
Электролит ерітінділері. Еріген кезде еріткішпен әрекеттесш, иондарға диссоциацияланып, ерітіндіге ток өткізгіштік кабілет беретін заттарды электролиттер дейді. Кейде электролиттер ионо-генді және ионоферлі болып екіге бөлінеді. Ионогенді электролит-тер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады. Бүл тектес электролиттерге сірке қышқылы, тұз қышқылы және тағы басқалар мысал болады. Ал, ионоферлі электролиттерге еш-бір еріткіште ерімесе де, таза қалпында-ақ өз құрамында диссо-циацияланған иондары бар қосылыстар жатады. Бұл топқа көпте-ген тұздар мысал болады. Егер электролит толық диссоциациялан-са және осы кездегі әрбір молекула v иондарға ыдыраса, онда ерітіндідегі иондар саны Nv болады, мұндағы N — электролит молекуласының саны. Егер де барлық молекула диссоциациялан-бастан, оның а бөлігі ғана ыдыраса, онда ерітіндідегі бөлшектер саны N электролитіндегіден і есе аз болады, мұндағы і — изото-никалық коэффициент, кейде оны ВантГофф коэффициенті де дейді.
Плазмолиз - цитоплазманың қабырғаға жақын қабатының өсімдік жасушасының қатты қабықшасынан бөлінуі. Плазмолиз тургорға кері құбылыс. Жасуша сөліне қарағанда гипертоникалық болып табылатын ерітіндінің әсерінен протопласттың сығылуы нәтижесінде тек тірі жасушалар ғана болады.
Гемолиз — қызыл қан түйіршіктерінің қабықтарының бұзылуы.
Оның салдарынан гемоглобин сыртқа шығады. Гемолиз екіге бөлінеді: арнайы және арнайы емес.
Арнайы емес гемолиз әр түрлі физикалық немесе химиялық факторлардыц әсерінен пайда болады. Арнайы гемолиз комплементтің қатысуымен болатын антиген мен антидене байланысы кезінде пайда болады
Изотоникалық және гипертоникалық анықтама
Гипертоника: «гипер» жоғарыда немесе шамадан тыс белгілі » + «тоник »ерітіндінің сызығы бойынша белгілі. Осылайша, гипертоника ерітіндінің тониктігінің жоғарылауын болжайды.
Изотоникалық: «изо» бірдей белгілі + «тоник» шешімнің сызығындағы нәрсе ретінде белгілі. Осылайша, изотоникалық шешім ерітіндінің ұқсас тониктілігін ұсынады.
Изотоникалық және гипертоникалық сипаттамалары
Ерітінді мен ерітіндінің концентрациясы
Гипертониялық: Ерітіндіде ерітіндіге қарағанда еріткіш көп.
Изотоникалық: Ерітіндідегі еріткіш және еріткіш тең дәрежеде бөлінеді.