Сабақтың тақырыбы: Витаминдер. Провитаминдер, суда еритін дәрменділер
Сабақтың жоспары: Витаминдер жөнінде негізгі түсінік.
Витаминдердің жіктелуі.
Провитаминдер.
Витаминдердің коферменттік қызметі.
Сабақтың мақсаты және міндеті, қабілеттілігі, бейімделуі, құзыреттілігі: Витаминдер және провитаминдер жөнінде толық мағлұмат беріп, витаминдердің коферменттік қызметін түсіндіру.
Сабақтың қысқаша мазмұны:
Адамның жəне жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сəйкес витаминдерге айналады. Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады, ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгілері айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес. Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз жағдайы ағзаға қажет витамин мөлшерінің нормадан төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау. Əдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте жəне жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады. Химиялық табиғаты əлі анықталмаған алғаш алынған витаминдер латын алфавитінің бас əрпімен белгіленген болатын. Ол жағдай қазір əдебиетте кең көлемде қолданылады. Мысалы: А витамині, В витамині, С витамині, т. с.с. Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды жəне олардың бəрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мысалы, А витамині - ретинол (-ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді). Д витамині -кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионын тасымалдайды» деген мағынаны береді. Сол сияқты витаминдер жетіспеген кезде ұшырайтын ау рудың атымен атау қабылданған. Ол кезде «анти» деген косымша жалғанды. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сəйкес авитаминоз ауруының алдын алады жəне одан сақтандырады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құрқұлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с.
Барлық витаминдер өздерінің физикалық-химиялық қасиетте ріне қарай екі класқа бөлінеді, олар:
1. майларда еритін витаминдер;
2. суда еритін витаминдер.