Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ықпал етуге қатысты таланттар (INFLUENCING)



бет39/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Ықпал етуге қатысты таланттар (INFLUENCING)
Activator таланты бар адамдар “қашан бастаймыз?” деп тағатсызданып тұрады. Сіз әрекет етуге асықсыз. Әрдайым бір істі тезірек бастағыңыз келіп тұрады. Талдау мен дайындалудың қаншалық маңызды екенін білсеңіз де, іштей бәрін тек істеген соң білеміз деп ойлайсыз. Тек әрекеттен ғана нәтиже шығады деп ойлайсыз. Шешім қабылдаған соң дереу іске кірісесіз. Басқалар «тағы біраз ойлануымыз керек» деп кідіріп тұрса да, күткіңіз келмейді. Бір нәрсені ойға алсаңыз, барынша тез іске асырасыз. Сіз адам істеп көріп қана үйренеді деп ойлайсыз. Сіз шешім қабылдайсыз, істейсіз, нәтижесін көресіз және содан сабақ аласыз. Сізді әрекетіңізге қарап бағалайтынын білесіз. Сізге мақсат жолындағы әрекет ұнайды.
Сіз “болады” дегенге қанағаттанбайсыз. Сіз бәрі “керемет” болса дейсіз. Сіз “жай” нәрсені “керемет” деңгейіне көтеруден ләззат аласыз. Сол жолдағы еңбек әрдайым өзін ақтайды деп білесіз. Сіз өзіңіздің де, өзгенің де мықты тұсына қызығасыз. Табиғи шеберлік, бейімділік пен жүре келе үйренген машықтарына қарап қызығасыз. Соны жетер жеріне жеткізсем дейсіз. Оны дамыту сізге парыздай көрінеді. Сіз іштей мықты адамдарды және олардың мықты тұстарын іріктеп алғандықтан басқалар сізді таңдампаз деп ойлауы мүмкін. Сонымен бірге сіз өз талантын таныған және дамытқан адамдарға қызығасыз. Сіз өмір бойы жоқты бар етемін деп әуреленгіңіз келмейді. Оданша табиғат дәнін берген таланттарды барынша дамытсам дейсіз. Сонда өнімдірек әрі бақыттырақ боласыз.
Command таланты сізді жауапкершілік алуға итермелейді. Сіз өз пікіріңізді басқаларға “тықпалағанда” өзіңізді еш жайсыз сезінбейсіз. Керісінше пікіріңізді басқаға айтуға ұмтылып тұрасыз. Мақсат қойсаңыз оны басқаларға жеткізбегенше тыным таппайсыз. Сіз қарсылық пен қайшылықтан қорықпайсыз. Оны қабілет дамытатын мүмкіндік деп қабылдайсыз. Басқалар өмірдегі сынақтан қашуы мүмкін. Бірақ оларға ақиқатты ашып, қорқынышына қарай итермелеу керек деп білесіз. Оларды тәуекел етуге үгіттейсіз. Кейбіреулері бұл қылығыңызды жақтырмаса да көбіне тізгінді сізге ұстатқысы келеді. Өйткені адамдар бағыт бағдар беретін кісілердің жанында болсақ дейді. Сондықтан олар сіздің айналаңызға шоғырланады. Сіз басқара аласыз, сіз бастай аласыз. Сізде сommand таланты бар.

Сіз өзіңізге сенімдісіз. Өз күшіңізге күмән келтірмейсіз. Тәуекел етуге, сынақтан өтуге дайын екеніңізді білесіз. Сіз тек өзіңізге емес, сонымен бірге өз пайымыңызға да имандай сенесіз. Сіз өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз ерекше әрі өзгеше екенін білесіз. Сіз көріп тұрған дүниені ешкім көре алмаған соң сіздей дәл шешім шығара алмайды деп ойлайсыз. Олар тек көмектесе алады. Олар тек ұсыныс айта алады. Бірақ шешім шығарып, әрекетке кірісу туралы бұйрықты тек сіз бересіз. Сіз бұл жауапкершіліктен қорықпайсыз. Керісінше солай болуы заңды деп қабылдайсыз. Қайткенменде сіз қай шешім дұрыс екенін білесіз. Сол нәрсе сізге сенімділік сыйлайды. Сізге ықпал ету қиын. Сіздің сенімділігіңіз көзге ұрып тұрмаса да өте мықты. Сіз соның арқасында ешкімге елеңдемей өз ақиқатыңыз жолында қайтпай қайсарлық танытасыз.
Cіз түсіндіргенді, сипаттағанды, көпшілік алдынды сөйлеуді және жазғанды жақсы көресіз. Communication таланты жұмысыңызда осылай көрінеді. Бәрі идеядан бастау алады. Сіз оны айтқыңыз келеді. Сіз сүреңсіз оқиғаның өзін керемет шытырман қылып айтып бере аласыз. Сіз өз әңгімеңізге назар аударғанын қалайсыз. Сондықтан көркем сөз бен суреттеуге құмарсыз. Сіздің әңгімеңіз басқаларға шабыт береді.
Сіз басқалардың алдында маңызды әрі елеулі болсам деймін. Сіз өзіңізді елеп, ескергенін қалайсыз. Сөзіңізге құлақ асса дейсіз. Ерекшеленіп көрінгіңіз келеді. Сізді таныса дейсіз. Сіздің ерекше мықты тұстарыңызды білсе дейсіз. Сіз сізді сенімді, кәсіби және табысты адам деп білгенін қалайсыз. Сонымен бірге тек сондай адамдармен араласқыңыз келеді. Ал егер айналаңыздағы адамдар ондай болмаса оларды сондай болуға итермелейсіз. Әйтпесе олармен араласуды доғарасыз. Сіз табиғатыңыздан тәуелсіз болып жаралғансыз. Сондықтан қызметіңізде еркіндік болса дейсіз. Сіздің осындай ұмтылысыңыз әрдайым көрініп тұрады. Өміріңіз әрдайым мақсатты және жетістікке толы. Сіз әрдайым бір нәрсеге ұмтылып отырасыз. Соның арқасында ешқашан дамыл тауып отыра алмайсыз.
Competition талантының негізінде жарысу, таласу жатыр. Сіз әлемге қарағанда басқа адамдарға зер саласыз. Олардың жетістігіне қарап өзіңізді қамшылайсыз. Қаншалық жетістікке жетсеңіз де басқа әріптестеріңізден асып кетпесеңіз көңіліңіз көншімейді. Сізге басқа адам керек. Сізге өзіңізді салыстыратын және сіз жарысатын адам керек. Сіз жарысты жақсы көресіз өйткені онда әрдайым жеңімпаз болады. Сіз қызық үшін жарыспайсыз, сіз жеңіс үшін жарысасыз. Бірақ уақыт өте келе жеңуіңіз екіталай таластардан қаша бастайсыз.
Сіз жаңа адамдармен танысып, оларға ұнаудан ләззат аласыз. Бейтаныс адамдармен араласудан қорықпайсыз. Керісінше олармен танысқыңыз кеп тұрады. Олар жайлы көбірек білсем дейсіз. Кей адамдар әңгіме бастауға қысылады. Бірақ сіз ондай емессіз. Сізде әрдайым айтар әңгіме мен күлер қызық дайын тұрады. Адаммен танысып алған соң ары қарай жақындасқыңыз келе береді. Сіз жаңа адамдармен танысуға және білісуге құмарсыз. Сол нәрсе сізге шабыт сыйлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет