Significance таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Бұл адамға еркіндік керек екенін естен шығармаңыз.
Ол өзін елегенін жақсы көретінін түсініңіз. Өзі қалайтын назар мен құрметті алсын.
Оған көзайым болып, көпшіліктің алдында көтерілетін мүмкіндік беріңіз.
STRATEGIC (Стратегия құру)
Сіз стратегиялық ойлау тәсіліңіздің арқасында шиеленіске жол бермейсіз және ең оңтайлы тәсілді табасыз. Бұл үйреніп алатын қабілет емес. Бұл ерекше бір ойлау тәсілі. Осының арқасында басқалар күрделілік пен қиындық көретін жерде қарапайым заңдылықтарды тауып аласыз. Сол заңдылықтарды ескеріп бір оқиғаның он түрлі нұсқасын ой елегінен өткізесіз. Сіз тек мақсатыңызға жақындататын қадам жасайсыз. Сізге артық әрекеттің еш керегі жоқ. Сіз жолда кедергілері бар бағыттарды да алып тастайсыз. Қалың тұмандай бұлыңғыр болып тұрған жолмен жүрмейсіз. Сіз өз стратегияңызды қаруға айналдырып нақты қадам жасайсыз. Сіз ешнәрседен қаймықпайсыз. Бәрін істеп көруге дайынсыз. Strategic таланты бар жандар былай көрінеді: Д мырза: Мені көпшілік жалқау деп ойлауы мүмкін. Бірақ менікі жалқаулық емес. Өйткені мен бірнеше нұсқаның ішінен ең оңтайлысын таңдай аламын. Мәселен төрт түрлі курсттың ең жақсысын таңда десеңіз еш қиындықсыз таңдап беремін. Менің істі жеңілдетуге деген табиғи бейімділігім жалқаулық секілді көрінуі мүмкін. Мен үнемі әр оқиғаның бірнеше сценарийіне дайын жүремін.
Strategic таланты бар жандарға кеңес:
Жеткіңіз келетін мақсаттар туралы ойлануға уақыт табыңыз. Сіздің стратегиялық ойыңыз сондай сәтке мұқтаж.
Сіз бір нәрсенің салдарын басқалардан айқынырақ көре аласыз. Осы қабілетіңізді қолданып жоспарыңызды нақты құрыңыз.
Сіз өз ойларыңыз арқылы көшбасшы бола аласыз. Сіздің көрегенділігіңіз кедергіні күнінен бұрын көре алады. Сіз басқаларға қарағанда қырағысыз. Сондықтан айналаңыздағы адамдарға өзіңіз көріп тұрған қауіпті айтыңыз.
Түйсігіңізге көбірек құлақ асыңыз.
Activator таланты мықты адаммен серіктес болыңыз. Сонда әрекетке тезірек көшесіз және озық ойыңыздың нәтижесін іс жүзінде көре аласыз.
Үлкен іс бен жобалардың басы қасында жүріңіз. Өйткені сіздің көрегенділігіңіз бен түйсігіңіздің ең қажет кезі сол.